«Жаздың бір күні, бір жылды асырайды», деп айтқан халықтың нақыл сөзінің жаны бар. Адамдар жазғы еңбегінің жемісін күзде көріп мәз мәйрам болып жатады. Бұлда бізге табиғат анамыздың берген сыйы. Жерді ұқыптап пайдаланып, жылда жүдетпей құнарландырып отырсақ болғаны, ол бізден алғысын да аямайды. Жаздай күтіп, баптап өсірген өнімдерін күзде жинап, ауданда өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде саудалайды. 6 қазан сенбі күні өткен жәрмеңкеге ауданның ауылдық округінен кәсіпкерлер қатысты.
Базар бағасынан әлде-қайда төмен бағамен сатылған өнімдерді жұртшылық қуана сатып алды. Тауық жұмыртқасы, сүт өнімдері бір сағат болмай жатып өтіп кетті. Ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ж.Майшекованың берген ақпараты бойынша бұл күні алты бас ірі қара мал еті, 6 бас қой еті, 20 дана құс еті, 500 дана нан өнімдері, 200 келі балық және 25 келі тартылған балық еті, 7 келі талқан, 30 литр сүт, 20 литр қымыз, 50 келі бал, 60 келі сары май, 59 келі сүт өнімдері, 15 литр тұздалған азық қоры, 190 келі көкөністер сатылды.
Ауыл тұрғындары Бастаушы ауылынан келген Ольга Кимның («Валерий» ШҚ) қолынан орамжапырақтарды кезекке тұрып алып жатты. Себебі, олардың бағасы базар бағасынан әлдеқайда төмен. Бірнеше жылдан бері көкөніс егуді кәсіп қылған еңбекқор жан биылғы жылы қияр, қызанақ, сәбіз, жүгері егіпті.
Сонымен қатар, ауыл тұр-ғындарын мәре-сәре қылған жәр-меңкеге Жамбыл-Тараз өңірінен келген саудагерлер арзан бағамен пияз ұсынса, көрші Тарбағатай ауданы картоп пен қырыққабатты төмен бағамен саудалады.
Ұйымдастырылған жәрмеңке ауыл тұрғындарына қыс маусымына қажетті азық-түліктің қорын жинауға мүмкіндік береді. Ағыл-тегіл жәрмеңкеден ауыр дорбаларын арқалап қайтып бара жатқан ауыл тұрғындары риза. Ал, жәрмеңке келушілерге Көкпекті орта мектебінің ұжымы мен аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жәрмеңкеге келушілерге ыстық шайын беріп, дастархан жайды.
Бикамал Намазбаева, Көкпекті ауылының тұрғыны, зейнеткер:
- Ауыл-елге пайдасы мол игі бастама жалғасын табады деген ойдамын. Ауылдық округтегі осы жәрмеңке өңіріміздегі молшылықты білдіреді. Бұның барлығы ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің өз қолымен өндірген сапалы өнімдері. Базармен салыстырғанда бағалар арзан екендігі қуантады. Алдағы уақытта қолдағы ірлі-ұсақты малдың қысқы азығына жем сатылса деген ұсынысым бар еді. Әсіресе, біз сияқты зейнеткерлерге осындай жәрмеңкелердің берер артықшылығы мол.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.