Аудан әкімінің қабылдауына жазылған азаматтардың өтініштері материалдық көмек көрсету, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешу, жұмысқа орналасу жөнінде болды. Осы сұрақтар ағымдағы жылдың 2 қазанда өткен аудан әкімі А.Смаиловтың Самар ауылындағы жеке қабылдауында көтерілді.
Көкжыра ауылының тұрғыны науқас баласына материалдық көмек көрсету туралы өтініш білдірді.Бұл мәселе аудандық комиссияның отырысында қаралатын болады. Асхат Сайдахметұлы шұғыл медициналық көмек қажет ететін науқас баланың пайдасына оң шешілуіне ерекше назар аударуды сұрады.
Бұдан әрі арыз берушінің тағы бір мәселесі тындалды. Азаматша Амангелді орта мектебінде 28 жылдан астам еден жуушы болып, кейін гардеробшы болып жұмыс істеген. Бірақ, зейнеткерлікке таяған жаста ол қысқартуға түскен. Зейнеткерлік демалысқа шығуына 4 жыл қалыпты.
Құлынжон ауылдық округінің әкімі С. Кұнафинге осы мәселе бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесін баяндауға және бақылауға алуға тапсырма берілді.
Одан әрі Самар ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша мердігердің жұмысына көңілі толмайтындығы туралы самарлықтардың ауызша өтініштері айтылды. Ауыл тұрғындарының өтініштеріне орай аудан әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі нақты тапсырмалар жүктеді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.