Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Отырысқа кеңес мүшелері: Гүлбаран Ақшабаева – аудандық филиалдың кеңесшісі, Сләмбек Мұқашов ардагерлер кеңесінің, қоғамдық кеңестің төрағасы, Рауия Наурызбаева – партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, Қажет Джунуспеков – аудандық маслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшесі, бөлім басшылары – Шолпан Мұстафинова, Қанат Мұқышев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Көкпекті аудандық бөлімінің басшысы Е.Табиғатов, аудандық қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің маманы Серік Байсеңгіров қатысты.


Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет – дей келе, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының Сыбайлас жемкорлықпен күрес қоғамдық кеңесінің басшысы Қайрат Малгаждаров бүгінгі отырыстың күн тәртібіндегі сұрақтарға тоқталды: бірінші кезекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Көкпекті аудандық бөлімінің басшысы Е.Табиғатовтың «Нұр Отан» 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуы туралы партия тобында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есебі тыңдалады. Бұдан кейін «Аудандық білім бөлімі» партия тобының «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпаратын баяндаушы бөлім басшысы Шолпан Мұстафинова. Қазіргі күні ауыл тұрғындары үшін маңызды мәселе «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша Экономика және қаржы бөлімі партия тобының ақпаратын дайындаған Серік Байсеңгіровтың мәлімдемесі үшінші кезекте тыңдалады.
«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ШҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ - «ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КӨКПЕКТІ АУДАНДЫҚ БӨЛІМІ БОЙЫНША
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Көкпекті аудандық бөлімінің басшысы Е.Табиғатовтың «Нұр Отан» 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуы туралы партия тобында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есебін баяндай келіп, Ерік Табиғатов:
- Бүгінгі күні штаттық кестеге сәйкес 15 қызметкер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Көкпекті аудандық бөлімінде қызмет атқарады. Өткен жеті айдың қортындысы бойынша 24294 арыз құжаттар қабылданып, 24371 дайын құжат берілді. Осының ішінде 12637 бірлігі электронды құжат. Мобильді қызмет көрсету бойынша өткен 7 айда 19 мәрте ауылдық округтерге шығып, 763 құжаттар қабылдап, 964 құжат рәсімделді.
Өткен мерзімде 11 рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында семнарлық отырыстар өткізіліп, мамандарға қолданыстағы заңнама аясында әдістемелік - түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар бөлімде тәлімгерлік жұмыстары жүйелі жолға қойылған, жас мамандар тәжірибелі қызметкерлерге бекітіліп, олардың қызмет үрдісін лайықты меңгңеріп кетуіне жағдай жасалған. Қызмет алушылар мен тұрғындар үшін ақпарат бұрышы, арыз-шағым, өтініштер мен хаттарға арналған жәшік орнатылған. Сенім телефондары қойылған, жұмыс істеп тұр. Сыбайлас жемкорлыққа байланысты жағдайлар болған жоқ. Арыз-шағым түскен жоқ.
Отырысқа қатысушы кеңес мүшелерін тарапынан сұрақтар ескертулер түскен жоқ. Кеңес мүшелері бірауыздан Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес Акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Көкпекті аудандық бөліміндегі партия тобының жұмысына «жақсы» деген баға берді.
«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА!» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІ ПАРТИЯ ТОБЫНЫҢ АҚПАРАТЫ
Экономика және қаржы бөлімі партия тобының ақпаратын дайындаған Серік Байсеңгіровтың мәлімдемесі бойынша:
Көкпекті ауданы бойынша «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну 2009 жылдан бері іске асырылып келеді.
2009-2018 жылдар кезеңі бойынша «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында 243 маманға 29,8 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді,
149 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 351,0 млн. теңге бюджеттік несие берілді.
2018 жылға бюджеттік несие ұсыну әлеуметтк шарасын іске асыру мақсатында 15 маманға 54,1 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Ағымдағы жылдың 17 мамыр жағдайына жоба аясында несие ұсыну бойынша комиссия отырысында 29 өтініш қарастырылды, соның ішінде 19 өтініш қанағаттандырылды.
2017 жылы 7 желтоқсанда әлеуметтік қолдау көрсету шараларын ұсыну қағидалары мен мемлекеттік қызметті көрсету стандартына бірқатар өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес - «Мемлекеттік қызмет көрсету үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алуға үміткерлер қатарынан көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш берген күні бойынша кезектілікті қалыптастырады.» Осыған орай 29 өтініштің қалған 10 өтініші бойынша берілген күніне сәйкес әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін кезекке қою туралы шешім шығарылды.
Кеңес мүшелерінің бірауыздан қабылдауына байланысты, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілетін бюджеттік қаражаттың игерілуі мен нақты қажет ететін тұлғаларға берілуі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға партиялық бақылау қойып, Экономика және қаржы бөлімінің басшысының есебін тыңдау ұсынысы енгізілді.
«АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ» ПАРТИЯ ТОБЫНЫҢ «ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ
Білім беру мекемелері қызметкерлері де мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн.
Әрине, ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындаға тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім. Тәрбие от басынан басталады, ата-анасының шаруаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Есейгенде ол баладан қандай мемлекеттік қызметкер шығады? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің нығаюына, қазіргі жаһандану заманында патритоттық сезімді барынша бойына терең сіңдірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз азамат шыға ма? Соңғысы болса ләзім. Сондықтан, әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал. Осы мәселерді айрықша талдай келе Білім беру бөлімі басшысының ақпараты тыңдалды.
Қазіргі уақытта аудан бойынша 11 педагогикалық кадрға қажеттілік бар. Ең жоғары қажеттілік математика, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдеріне.
Көкпекті ауданының білім бөлімі тарапынан жас мамандарды ауылды жерлерге жұмысқа тарту мақсатында белгілі жұмыс жүргізілуде. Жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету ең бірінші міндет. Қазақстан Республикасы Президентінің «Дипломмен ауылға» бағдарламасы толық көлемде орындалуда. Жыл сайын аудан мектептері жас мамандармен толығуда.
«Білікті маман» жобасын іске асыру аясында қажеттілік ететін пәндер бойынша жоғары білімді мамандар дайындау қарастырылған. Педагог кадрларға қажеттілікті азайту мақсатында жас мамандарды еңбекпен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2014-2015 оқу жылында – 35 жас маман, 2015-2016 оқу жылында - 25 жас маман, 2016-2017 - оқу жылында 20 жас маман, 2017-2018 оқу жылында - 35 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында еңбекпен қамтылды. Аудан бойыншы жаңа 2018-2019 оқу жылында 19 жас маман жұмыспен қамтылды.
Ақпаратты тыңдай келе, аудандық білім беру бөліміне мектептердегі үгіт-насихат құралдарын жаңартып, мазмұнын байытуды ұсынды.
Қазақстан - көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Сол үшін Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамыздың ортақ ісіміз екенін түсініп, бірлесіп қызмет атқарайық, «Нұр Отандық» партияластар – деп жиынды қортындылады «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Қайрат Малғаждаров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамдық кеңесі төрағасы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз