«Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы ғимаратында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының төрағасы А.Смаиловтың қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауда болған азаматтар жұмыспен қамту, баспана, жер, су секілді шешімін таппай келе жатқан әлеуметтік мәселелерге көмек көрсетуін сұрады. Сонымен қатар аталған қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары да қатысты. Мақсаты: ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарын анықтау, келген мәселелерін тиісінше шешу. Қабылдауда болғандардың бірі – Теректі ауылдық округінің тұрғыны Атабай Юсупов пен Орал Үмітбек есімді қариялар жер беру мәселесі бойынша келді. «Оксана» шаруа қожалығының басшысы ауылдық округ аумағынан шабындық жер бөлу туралы өтінішін тыңдай келе, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Асхат Сайдахметұлы шағын шаруашылықтар қолдаусыз қалмайтынын жеткізді. Ал қоғамдық қабылдауға жазылған Преображенка ауылының тұрғыны Ирина Губер тұрғын-үй мәселесін шешіп беруді өтінді. Өтініш иесі жұмыссыз төрт баласын өсіріп, тәрбиелеп, анасын бағып отырғанын айта келе, баспанамен көмектесуді сұрады. Аталған сұрақ бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Иринаның әлеуметтік санатын анықтап, мүмкіндік болса, материалдық көмек көрсетуді жүктеді. Сондай-ақ қабылдауға келген Кәмиләш Жұмақан мен Сәлимә Дүйсенбаеваның өтініштері жұмысқа орналасу турасында болды. Өтінішті зерделей келе, Асхат Сайдахметұлы заң аясында жауап қайтарылатынын айтты. Бұл қабылдауға келген Серік Жүнісов су және жұмыспен қамту мәселесін алға тартты. Аудан басшысы бірінші сұрақ бойынша ауыз су кедергісін анықтап, сумен қамтылуын тапсырды. Екінші мәселе азаматты жұмыспен қамту жөнінде тиісті бөлім басшыларынан ұсыныс күтетін айтты.
Қабылдау кезінде Тассай ауылынан келген ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қуан Түсіпбеков жарық мәселесі бойынша көмек сұрап келді. Тұрғын-үй коммуналды шаруашылығылы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Жылқышевтың айтуынша, 2017 жылы «Әлижан» жеке кәсіпкерлігімен Тассай ауылдық округі, Жанабаза ауылындағы электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Бүгінгі күні ауа-райы құбылыстары кезінде тоқ күшін көтермегендіктен, жарық өшіп қалады, бағаналар дұрыс орнатылмаған. Бізге электр қуаты қажет-деді Қуан Түсіпбеков.
Жағдаймен танысқан аудан әкімі мәселені сол жерде шешіп, тиісті бөлім басшыларына тапсырма берді.
Қоғамдық қабылдауға келген Журналистер Одағының мүшесі, өлкетанушы Қайрат Малғаждаров ауданның тарихи-мәдени мұраларын қорғау және олардың сақталуы бойынша өз ұсыныстарымен келген екен.
Қоғамдық қабылдауды қорытындылаған «Нұр Отан» партиясының төрағасы өтініш, арыздар негізінде жүйелі әрі сапалы жұмыс істеуді жүктеп, әлеуметтік мәселелерді алға тартқан жандардың ұсыныс-тілектерінің заңдылығына сәйкес орындалатынын айтты.
Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.