Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өскемен қаласындағы «Мерейлі отбасы - 2018» ұлттық байқауына ауданымыздан Сыдықовтар отбасы қатысты. «Мерейлі отбасы» байқауына облыстың барлық өңірлерінен үміткерлер келді. Байқаудың мақсаты шаңырақтың ауызбіршілігі, жанұя мүшелерінің жетістіктері арқылы отбасылық құндылықтарды қоғамға үлгі ету болып табылады.

Жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды және неке мен отбасының жағымды образын қалыптастыру, отбасы мәртебесін көтеру мақсатында Мемлекет басшысының Өкімімен бекітілген. Байқауға қатысушы отбасы мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғылымда жетістікке жеткен әулет болуы шарт.
Осы байқауға 2 қыз бала және 3 ер баланы тәрбиелеп отырған Айдар мен Гүлмира Сыдықовтардың жанұясы қатысты. Олар 18 ауданның үлгілі отбасылары сайысқан бәйгеде 4-орынды иемденіп, марапаттау рәсімінде 50 мың теңге ақшалай сыйлыққа және дипломға ие болды.
Сыдықовтар жанұясы 2007 жылдың 5 мамырында отау құрған. Отағасы Айдар Серікұлы Сыдықов аудандық АҚ «Қазпошта» бөлімшесінің басшысы. Өз ісінің маманы, ұжымда беделді білікті басшы. Сонымен бірге, Айдар Серікұлы балаларына қамқор әке, асыл жар. Берік отбасы – қоғамның тірегі. Ұл-қызымыз – қуанышымыз деп білетін Айдар бос уақытында балаларымен футбол, волейбол ойнап, саяхаттағанды ұнатады екен. Сыдықовтар отбасының анасы Гүлмира үшін де отбасы бақыты - ең алдыңғы орында. Гүлмира Маратқызы аудандық «Балерке» балабақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарады. Ол көпбалалы ана. Тұңғыш ұлдары Нұрәли Серіков Көкпекті орта мектебінің 4 сынып оқушысы. 2 жылдан бері Дзюдо спортымен шұғылданады. Қыздың үлкені Нұрай 3-сынып оқиды. Аудандық, қалалық би байқауларының жеңімпазы. Ал Назерке 2-сыныптың оқушысы, апайының жолымен би үйірмесіне қатысады. Ұлдың кенжелері Айдарұлы Нұрислам және Айдарұлы Айсұлтан «Көкпекті Толағайы» балабақшасының тәрбиеленушілері.
Ауданымыздағы жас жанұялардың көпшілігі саламатты өмір салтын насихаттап, ұлдары мен қыздарын спортпен айналысуға баулиды. Мерейлі отбасы сайысы жастарды үлгілі семья болып қалыптасып, ұрпақтарын отанымыздың саналы азаматтары ретінде тәрбилеуге жұмылдырады. Ауданымыздың намысын қорғап, бәсекелі бәйгеге қатысқан Айдар мен Гүлмира Сыдықовтардың отбасына бақыт, береке тілейміз.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз