Көкпекті аудандық жастар орталығы, білім беру, дене-шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 7 мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай, Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Болашақ сарбаз» әскери-спорттық ойындары болып өтті.
«Болашақ сарбаз» әскери-патриоттық ойынның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасарлары М.Теміржанов, Д.Қойгелдин, Көкпекті ауылдық округінің әкімі Е.Ниязбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мұқашов қатысты. Әскери-патриоттық ойынға Көкпекті ауданы ауылдарынан 18 команда қатысты. Салтанатты жиында мемлекеттік Ту көтеру құрметі ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде өз әскери борышын атқарып, биылғы жылы оралған сарбаз Артем Зарковқа тапсырылды. Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына тіктеліп, мемлекеттік Әнұранды шырқады.
Олар аудан орталығының мәдениет үйінің алаңында сап түзеп, бөлімше командирлері баяндап берді. Отан қорғаушылар күніне арналған шараның ашылу салтанатында Шәріптоғай негізгі мектебінің жас ұландары командалар ішінен үлгілі- көрсеткіш жаттығуларымен көрермендерді тамсандырды. Облыстық жарыстардың жеңімпаздары атанған командаға И.Искакова, Р.Насибуллина, Р.Насибуллин жетекшілік етеді. Ауылдық округтерден келген командалар іс-шарада жиналғандарға әскери сап түзеу жаттығуларын көрсетті. Мерекелік құттықтау сөз кезегі аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдинге берілді:
- Қадірменді қауым! Сіздерді мем-лекеттік мереке – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Шын жүректен барлығыңызды мерекемен құттықтаймын! «Отан қорғаушылар күні» бұл аса абыройлы, ұлық күндеріміздің бірі. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, елдің, азат ойымен өткен тарихы мен тағдырын таразылап, жаңаша бүгінгі заман талабына сай баға берді. Соның нәтижесінде Ұлттық Отан қорғаушылар күні өмірге келді. Бұл қазақ тарихының жаңа бір белесі, Қазақ Елінің өзін өзі басқаруының, өзін-өзі қорғай алатындығының, күш-қуатының көрінісі. Сіздердің әрқайсыларыңыз - өз Отаныңыздың, өз отбасыңыздың, өз шаңырағыңыздың қорғаушысысыздар. Шын жүректен ашық аспан, денсаулық, батылдық пен қайсарлық тілеймін!
Мұнан соң аудандық қорғаныс бөлімі басшысының орынбасары Д.Дужанов сөз алып, «Құрметті қонақтар, сарбаздар Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын», - деп, тәуелсіздігіміздің асыл тәжі – тыныштық екенін атап өтті. «Бүгінгі бейбіт күннің берекелі шұғыласы баршамызды бауырына басты. Әр сүйем жерді қызғыштай қорып, қырағылықпен күзеткен қыран мінез айбынды әскеріміз аман болсын», - деді құттықтау барысында.
Сондай-ақ конкурс барысында «Арлан» әскери-патриоттық клубының әс-кери ұрыс қимылдары тамашаланды.
Салтанатты жиын Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйі әртістерінің мерекелік концертімен жалғасты. Сахнада патриоттық рухты көтеретін әндер шырқалып,жиналған қауымды серпілтті. Байқау соңында В.Маяковский атындағы мектептің әскери даярлық мұғалімі, ойынның басты төрешісі Қадыр Әлімбаев қатысушыларды мерекелерімен құт-тықтап, ойында көзге түскен командаларды атап өтті.
Отан қорғаушылар күні ер-азамат-тардың ғана емес жалпыхалықтық мереке. Ал, еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірінің күзетінде тұрған әскери қызметкерлер мен сарбаздардың Отан қорғаудағы үлесі орасан зор екені айтпаса да түсінікті. Олай болса, Ұлы даламыздың шебі бүтін, шекарасы берік болғай! Әр азаматтың өз елінің, Отаны алдында парызы болады. Ол Отан алдындағы парызын өтеу. Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» деген мақал бар. Болашақ жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу қажет.
ШОЛПАН НҰРҒАЛЫМОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.