Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінде қоғам өмірін көлік саласынсыз елестету қиын. Оның маңызы бүгінгі күндері елімізде Мемлекет басшысының экономиканы үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөнінде алға қойған міндеттерін жүзеге асыру белсенді іске асырылып жатқан кезде арта түсті.

Өңірдің өндірістік құрылымы мен экономикасында автомобиль көлігі аса маңызды буын болып қала береді. Ол тұрақты және тоқтаусыз жұмыс істеп, кәсіпорындар мен халықты жолаушы және жүк тасымалымен қамтамасыз етуде. Көлік саласы басқаларға қарағанда жетекші болып саналады. Бүгін біз сіздерге ауданымыздағы өз тыныс-тіршілігін көліксіз елестете алмайтын адамдар туралы әңгімелеп бермекпіз.

 

КӨЛІКТЕН АСАТЫН ЖҰМЫС ЖОҚ

Ол қатардағы қарапайым жүргізушіден көлік мекемесі басшылығына дейінгі жолдан өтті. Ол көлік саласында бизнеспен шұғылданғандардың алғашқыларының бірі. Сондай-ақ, ол автокөлік мекемесінде бұрын жұмыс істеген зейнеткерлерге көмектесуді өзінің міндеті деп санайтын адам. Ол еңбек пен жауапкершіліктің құнын жоғары бағалай білетін үлкен отбасының иесі. Иә, бүгін біз әңгімелесетін азамат - Владимир Викторович Виничук.

-Мен үшін көліктен артық жұмыс жоқ сияқты. Менің бүкіл өмірім көлікпен байланысты.6 жасымнан әкесіз қалған мені «Буденный» совхозының механигі болып істейтін Чайко Николай Антонович ылғи өзімен алып жүретін. Осылай бала кезден-ақ мен машинаға әуестігім оянып, аяқтарым педальға жетпесе де рөлге отырдым. Жүк машиналарында жұмыс істегенмін, енді, міне, жеңіл машина жүргіземін. Шындығына келгенде, маған демалатын кез жеткенін ұқтырып, қазір менің ұлдарым тізгінді өз қолдарына ала бастады. Алайда, мен өзімнің демалысымды да, өмірімді де автокөліксіз елестете алмаймын. Сіз білесіз бе, көлік жүргізу – ең қауіпті мамандық. Егер ауа райы қолайсыз, жолда машиналар көп болса, ешқашан ұйықтамайсың.

-Табысқа жетудің құпиясымен бөліссеңіз.

-Ешқандай құпия жоқ. Жұмысына асығып жүретін адам әрқашан табысты болады. Басқа салалардағы сияқты көлікте де өзіндік ережелер бар. Олардың бірі – жолда әріптесіңе көмектесу. Тоқтамасаң, өз басыңа да сол күн туады. Сондықтан, басқаларға көмектесе білу керек. Бүгінгі таңда А.Бойков, А.Макаров, С.Ибрагимов сынды өз кәсіптерін табысты жүргізіп отырған азаматтар бар. Олар өз істерін жаңа бастағанда әртүрлі сұрақтармен маған жүгінетін. Артынан өз бәсекелестеріммен құпияларымды бекер бөліскенім туралы сөздер естіп жаттым. Бірақ, ол сәтте бәсекелестік онша көп болмаған еді. Себебі, әркімнің даму деңгейі әртүрлі болды. Адамдар бәсекелестік неғұрлым жоғары болса, бизнестің дамуы үшін қолайлы екенін түсінбейді. Жұмыс барлығына жетеді.

Ұйымдастыру жұмыстарында менің бұрынғы жүйеден алғаным көп. Автөлік мекемесінде ұзақ жылдар еңбек еткенде әртүрлі деңгейдегі жүргізушілер мен басшылар маған ұзтаздық етті. Солардың бірі – колонна басшысы Петр Григорьевич Тимофеев.

- Владимир Викторович, басшы ретінде өз жұмысшыларыңызға қандай талаптар қоясыз?

- Басшы әрқашан да адал және әділ, өз жұмысшыларын ешқашан да алдамайтын болуы керек. Әртүрлі жағдайлар болып жатады. Ылғи да өзің ойлағандай бола бермейді. Бірақ, өзіңді басшы деп санасаң, сөзіңде тұрғаның абзал. Осы қағиданы өмір бойы ұстанып келемін. Өз ұлдарымды да «қолыңмен істегеніңді – мойныңмен көтер» деген ережеге сай тәрбиелеймін. Бұл – табыстың кепілі.

Жұмысшыларға қоятын талабым өте қатаң. Бұл барлық жағынан - кәсібиліктен сыртқы келбетіне дейінгіні қамтиды. Әсіресе, ауызынан арақ иісі мүңкіп тұрған, қалай болса солай киінген, жалқау адамдарды жақтырмаймын. Аға буын бұл талапқа қалыптасқан және оларды үйретудің қажеті жоқ. Ал жастарды қайта тәрбиелеуге тура келеді. Оларға еңбексүйгіштік пен жауапкершілік жетіспейді. Кез келген мекемедегідей бізде де түсінбеушіліктер туындап жатады. Бірақ, олар ұжым ішінде шешімін табады.

-Бұрынғы автокөлік мекемесінің зейнеткерлеріне көмектесуді міндетіңізге алыпсыз...

-Бұрын мен кәсіподақ ұйымының төрағасы болғанмын. Мекеме таралып кеткеннен кейін де зейнеткерлерге қамқорлық жасауды жалғастырдым. Бұл моральдық жауапкершілік. Оларға көмектесуді өзімнің борышым деп санаймын.

-Сіздің көзқарасыңыз бойынша, ауданның көлік саласының болашағы қандай?

-Аудан даму үстінде. Мамандандырылу үрдісі жүруде - әр кәсіпкер өзінің «бос тұрған орынын» табуда. Жұмыссыз жүрген кездеріміз, тіпті, болмайды. Қазіргі таңда ұлдарым аграрлық секторға баса көңіл бөлуде. Сол себептен, автокөліктер екі бағытта да жүксіз жүрмейді. Маусым бойынша жолдарда қызмет жасаймыз. Бірақ, бүгінде барлық автокөліктерімізді күзгі жиын-терінді жинауға даярлап қойдық.

Жалпы алғанда ауданымызда көлік саласы, оның ішінде жүк тасымалдау көлігі қарқынды дамып келеді. Бәсекелестік орта мықты қалыптасқандықтан, қызметтер үшін баға көңілге қонымды. Көкпектілік машиналар өзінің сыртқы келбетімен өзгелерден ерекшеленеді. Бұл жылда жаңарту дәстүрі ескі автобазадан қалған мұра. Борттың өзгеше көрінісінен басқа жақта ол Көкпектіден екенін бірден аңғарып жатамыз. Саланың жақсы дамуы үшін жөндеу жүргізетін жақсы база мен біздің ауа райы жағдайына лайықталып жасалған бокстар қажет. Қазіргі таңда көліктер саны ұлғаюда. Бұл алдағы болашақта да жалғасын таба бермек.

 

ЖҰМЫСТЫ ІЗДЕГЕНШЕ, ОНЫ ҚҰРҒАН ӘЛДЕҚАЙДА ТИІМДІ

Ауданымыздың көлік саласындағы кәсіпкерлердің ең алғашқысы да, ең табыстысы да жерлесіміз – Александр Бойков. Ол өзінің күні бүгінге дейін табысты жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлігін 2001 жылы ашқан болатын. Оның жұмысының негізгі түрлері – тұрғындарға көмір тасымалдау және ауылшаруашылық өнімдерін тасу. Бұл бизнесті бастапқыда 2 автокөлікпен  жүргізе бастаған оның паркінде бүгінгі күні 6 машина бар. 2014 жылдың басында Александр жүк көлік тасымалын ұйымдастыруға бағытталған «AlexUnitedCompany» ЖШС ашты.

-Жалпы бала кезден бастап техникаға қызығушылығым басым болды. Аудандағы пионерлер үйінде өткізілетін жас техниктер үйірмесіне қатысатынмын. Біздің  техника әлеміне деген сүйіспеншілігімізді оятуға себепкер болған жетекшіміз - Ибраев Николай Николаевич әлі есімде. Сол кезде 1982 жылы Москва қаласында өткен ВДНХ-да мен өзім құрастырған, басқарылатын Т-34 танкінің моделін көрмеге апарып, бірінші орын алғанмын. Үйірме сабақтарында алған білімімнің болашақ мамандық таңдау мен бизнестегі бағытымды да анықтап бергені шындық. Ал, көлік саласындағы мықты іс-тәжірибе үлгісін мен Владимир Виничуктен, Сергей Калпазановтан, Рашид Беспаевтарданүйрендім десем артық айтқандық емес. Олардың ақыл-кеңестері қазір де маған көп септігін тигізуде.

-Сіз жұмысшыларыңызға қандай талаптар қоясыз? Кәсіпорныңыздың кадрлық әлеуеті қандай?

-Менің қарамағымда 8 адам жұмыс істейді. Кадрлар бізде тұрақты болғанмен, өз ісіне мықты мамандар табу өте күрделі. Жұмысшыларға қойылатын басты талап – кәсіптік шеберлігі мен жоғары жауапкершілік екені сөзсіз. Менде 10 жылдан астам еңбек етіп жүрген Сергей Шаров өз ісінің нағыз маманы. Оған баратын жері мен оның мақсатын түсіндірсеңіз болғаны, әрі қарай жұмыс барысын өзі-ақ реттейді.

Оның соңынан Лысов Андрей, Рахматуллин Руслан, Силантьев Александр сияқты жастар да бой түзеуде. Олардың бәрі де алғаш жұмысқа бір санатпен келген. Уақыт өте келе тәжірибелерін молайтып, өз біліктіліктерін жоғарылатып, аралас мамандықтарды меңгерді және тракторда да, тиегіштермен де жұмыс атқара алады. Осы деңгеймен тоқталып қалмайтынына сенімдімін. Түрлі мерекелерде біздің жас жұмысшыларымыз ескерусіз қалмаса екен деген тілегім бар. Өйткені, олар өздерінің қажырлы еңбегімен ауданымыздың дамуына үлестерін қосып жүргені рас.

-Александр, естуімізше, сіз автокөліктерді өзіңіз жөндей алатын көрінесіз.

-Мұнда таңғаларлық ештеңе тұрған жоқ. Менің қолымнан машина ақауларын жөндеу ғана емес, сваркілеу де, слесарьлық та келеді. Бұл жұмыстарды басшы істеуге болмайтын «лас» шаруалар деп есептемеймін. Бұл маған алға қарай жылжу үшін керек. Айтады ғой, ең жақсы жұмыс – бұл жоғары еңбекақы төленетін сүйікті іс деп!

-Ауданның көлік саласының даму болашағы туралы ойыңыз қандай?

-Аудан болашағы көлік саласына тікелей байланысты. Бизнестің бұл түрін 13 жыл бұрын бастағанбыз. Бізді Владимир Виничукпен, басқа да кәсіпкерлермен бірге тендерлерде шетке ысырып тастаған кездер де болған. Біз өз жұмысымыз арқылы тәжірибе жинақтадық. Менің ойымша, көлік саласындағы өркениетті бизнестің көрінісі дәл қазіргі кезеңде белең алған сынды. Өмірдің өзі салалардың ара-жігін ашып, мамандандырудың қажеттігін көрсетіп берді. Бүгінде жұмыс барлығына табылады. Тек қана алға ұмтылу керек. Кейінгі жылдары аудан экономикасы алға қарай секіріс жасады. Ал көлік жүргізушілер – бұл экономиканың бір бөлігі. Сондықтан, жұмысты өз қолыңмен құру керек, оны іздеудің қажеті жоқ.

 

ЕҢБЕК ОЛАРДЫҢ ЕҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМЫ

Руслан Ибрагимовтың көлік саласында еңбек еткеніне, міне, 13 жылдан аса уақыт өтті. Русланның әкесі ұзақ жылдар бойы жүргізуші болғандықтан, ол кішкентайынан техникаға жақын. Сонау 2001 жылы Руслан «ДЭУ-29»жол мекемесіне оның басшысы Құдайберген Нұрғалиевтің жүргізушісі ретінде жұмысқа орналасты. Ол Русланға Өскемен қаласына Жол-құрылыс институтына оқуға түсуге кеңес берген еді. Институтты тәмамдағаннан соң Руслан өмірінің 10 жылын аталған жол мекемесіне арнаған. Осы жерде ол көп нәрсеге үйренді.

-Өз басым Құдайберген Әндибекұлына оның қолдағаны, ақыл-кеңес бергені және білімділігі мен адамгершілігіне аса разымын,- дейді Руслан. Бүгінгі күні оның ауласында шағын жеке меншік көлік құралдары – «КамАз» және тиегіші бар. Руслан «ДСУ-14» жол мекемесіндегі жұмысынан өзге көлік қызметтерін көрсетеді. Яғни, құрылыс компанияларында жүк тасымалдаса, қыс-күз айларында ауыл тұрғындарына көмір жеткізеді. Сондай-ақ Руслан ауылдық округке қолдан келген көмегін аямай – Көкпектідегі жолдарды жеке қаражатына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сенбіліктерде көлік қызметін ұсынады. Оның алдына қойған жоспарлары көп. Келешекте халыққа қызмет көрсету түрлерін кеңейтіп, техникалық базасын ұлғайтпақ ойы бар. Туған ауылының тазалығы үшін ол жақын арада бос уақытын пайдаланып, Көкпекті өзені жағалауын қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартпақ. –Жаз мезгілінде жағалауда демалушылар көп болғанмен, солорындардың тазалығына неге екені белгісіз ешкім көңіл бөлмейді. Бұл біздің өзіміз үшін маңызды ғой, - дейді Руслан.

Дәл осындай бастама құрметке лайық және бұл оның ауылдастары тарапынан міндетті түрде қолдауға ие болуы тиіс. Мұндай игілікті іс қазіргі уақытта кез-келген адамның қолынан келе бермейтіні белгілі.

Біз әңгімемізге арқау еткелі отырған тағы да бір келешегінен үлкен үміт күттіретін көлік саласында еңбектеніп жүрген жас - Сергей Калпазанов 2010 жылы «КамАзда»жүргізуші болып жүріп, жоқтан бар жасады. Ол жеке автобөлшектерден өзіне жеке жүк көлігін жинастырып алған еді.

Қазіргі таңда тағы да бір бірлік техника сатып алмақшы. Енді Сергей өзіне өзі жұмыс істеуде. Руслан секілді ол да жүк тасымалымен, шаруа қожалықтары және құрылыс компанияларына, тұрғындарға қызмет көрсетеді. Табиғатынан қарапайым және аз сөзді Сергей өзі туралы айтуды қош көрмейді. Бірақ, бұл жігіттің болашағы жарқын екенін біз білеміз. – Көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсетіп, жұмыс жасап жатырмыз. Әрі қарай жоспарлаған межеге жету үшін аянбай еңбектеніп, жетістіктерге малданбау керек. Менің ойымша, біздің мақсатқа жетуіміз уақыттың еншісінде, - дейді Сергей сөзін аяқтап. Иә, бұған біздің күмәніміз жоқ. Өйткені, тер төгіп еңбектену мен қиындықтан қорықпайтын жандарды жарқын болашақ күтіп тұр емес пе!

Ал, қолайлы тұрмыс жағдайда өмір сүру үшін барлық азаматтар қажетті көлік қызметінің қолжетімділігі, көліктің үздіксіз жұмыс істеп тұруы қажет. Бүгінгі таңда тұтынушы үшін ең бастысы - көлік қызметінің жеткізу жылдамдығы мен қолайлылығы. Сондықтан да, жолдағы автокөліктерге шағын және орта бизнестің ғылымды көп қажет ететін салаларында негізгі жоғары технологиялық ілгерілеушіліктерді іске асыру міндеті жүктелген.

Надежда ШАРОВА, Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз