Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Біздің бірегей этносаралық келісім тәжірибемізді неғұрлым көп ел пайдаланатын болса, соғұрлым әлем де қауіпсіз бола түсетініне сенімдімін. Біз – ынтымағы жарасқан керемет халық мекендейтін ғажайып елміз. Татулық пен келісімнің қазақстандық тәжірибесі негізінде біздің Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптасуда. Сондықтан, біз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурызды Алғыс айту күні ретінде әділ таңдадық. Бұл күнді айрықша қайырымдылық акцияларымен, мұқтаж жандар мен жақындарға қолдау көрсету арқылы атап өту маңызды. Осыған байланысты Ассамблеяның арнаулы қорын құрып, сол арқылы қолдау көрсеткен жөн болар еді. Әрбір ауылда, ауданда, қала мен облыста әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қоғамдық шаралар айрықша мәнге ие»

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адам-ның адамға құрмет көрсететін күні - Алғыс айту күні белгіленген болатын. Бүгінде тәуелсіз елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр деп мақтанамыз. Егемендікті егелеген кезеңде талай елдер қақтығыстар мен қантөгістерге жол беріп алса, біз бірлігіміздің арқасында тірлігімізді түзедік, көркейдік. Бұл Елбасының сындарлы саясатының жемісі болумен қатар ел халқының, соның ішінде мемлекетті құраушы негізгі қазақ халқының кеңпейіл толеранттылығының жемісі екені даусыз. Атаулы күнге байланысты Көкпекті ауданында тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің қайырлы мекен, сүйікті елге жолдаған алғыс лебіздерін ұсынамыз!.

 


Месер Габдрахманов, ұлты неміс, тыл еңбеккері, Үлкенбөкен ауылының тұрғыны:
- Мен 1931 жылы Үлкенбөкенде дүниеге келгенмін. 1955 жылдары колхозда тракторист-механизатор болып еңбек еттіп, 1992 жылы зейнетке шықтым. Қазіргі таңда 6 баланы дүниеге әкеліп, олардан тараған 4 немере, 3 шөберенің қызығын көрудеміз. Балаларымның барлығы Рессейде тұрады, мені сонда шақырады, бірақ маған өз туған жерімнен Қазақстаннан басқа ыстық жер жоқ. Осы сәтті пайдаланып, барлық қазақстандықтарды, ауылдастарымды 1 наурыз Алғыс айту күні мерекесімен құттықтаймын.


Эльмира Молчанова (Цицман), ұлты неміс, Көкпекті ауылының тұрғыны:
- Мен 1964 жылы Көкпекті ауылында неміс отбасында дүниеге келдім. Ата-анам 1941 жылдары Көкпекті ауылында қоныс теуіп, осында мекен етті. Өзім Қазақстанда туғаныма, осындай зайырлы мемлекеттің азаматшасы болғаныма өте бақыттымын. Қазір барлық туған-туысқандарым, апа-сіңілілерім Германияға көшіп кетті. Ал, мен өз Отанымды қимаймын. Республика көлемінде мерекеленіп жатқан 1 наурыз Алғыс айту мерекесімен барлық отандастарымды құттықтаймын. Еліміз тыныш болсын, тек жақсылықтар көп болып Қазақстан мемлекеті жасай берсін!


Татьяна Деринг, ұлты болгар, Үлкенбөкен ауылының тұрғыны:
- Менің ұлтым болгар. Үлкенбөкен ауы-лында 1952 жылы туып-өскенмін. Бүгінгі күнде 5 баланың анасымын. 20 жыл байланыс бөлімінде жұмыс істедім. Бүгінгі күнде еліміз татулықта, береке-бірлікте өмір сүруде. Басқа мемлекеттердегі соғысты көргенде тәубәңә келесің. Мемлекетіміздің тынышығы елбасымыз Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы. Баршаңызды алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бақытгүл Хамитқызы Мұхамедова, ұлты ұйғыр, жеке кәсіпкер:
- 1962 жылдан бері Көкпекті ауылында туып өстім. Әкем ұйғыр, шешем қазақ болды. Көкпекті ауылында 1992 жылы қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, бала сүйіп, қазір немеренің қызығын көріп отырмыз. Сонымен қатар, мен интернацианал отбасының келіні десем де болады қайын атам қазақ, қайын енем татар ұлтынан. Отбасымызда ұлтымыз әртүрлі болғанмен де татулықты ту етіп өмір сүрудеміз. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. 1 наурыз Елбасының Жарлығымен Алғыс айту күні болып бекітілді. Алғыс айту күнін жылдың ең сыпайы күні деп атауға болады. Бұл күні адамдар бір-біріне ілтипат білдіріп, көңілді жүрулері тиіс. Алғыс айту деген сөз – адамдардың бір-біріне жылу сыйлау.


Анатолий Бабой, ұлты болгар, Ажа ауылының тұрғыны:
- Мен 1963 жылы Көкпекті ауданы Ажа ауылында дүниеге келдім. Ұлтым болгар болғанмен де, мен өзімді нағыз қазақпын деп есептеймін, себебі менің ата-бабаларым осынау қасиетті жерді мекендеп қоныс тепкен. Алғыс айту күнімен барлық жерлестерімді құттықтаймын! Жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан ая-маңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңізде сақтаңыздар.


Абдулвахит Абдулахатұлы Измаилбаев, ұлты өзбек, Көкпекті ауылының тұрғыны:
- «Өзбек, қырғыз, қазақ ағайын», - деп текке айтпаған. Менің ұлтым өзбек болса қаным қазақ. 1959 жылы Көкпекті ауылында дүниеге келдім. Қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесінде 40 жылдай көлік жүргізуші болып қызмет етемін. Отбасымда сүйген жарым Бибігүл екеуіміздің отау құрғанымызға 13 жылдың ішінде бала сүйіп, немере қызығын көрудеміз. Республика көлемінде тойланып жатқан 1 нау-рыз алғыс айту күнімен құттықтаймын. Қазақта «аштықта жеген құйқаның дәмі кетпейді» деген сөз бар. Сондай кезді көзбен көрген, сол қиындықты бөліскен, жылылығын көрсеткен, мейірімін көрсеткен, өз суын бөліп берген, қамқалы тонын иығына жапқан, қазақ халқына алғыс айтса, ешқандай артықтығы жоқ. Мерекелеріңізбен!


Бетті дайындаған
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз