Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау - қасиетті борыш. Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс. Осы орайда, ауданымыздың 18-27 жас аралығындағы барлық ер-азаматтарына жақын күндері көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны басталатынын еске саламыз.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27, 28, 30, 31 баптарына сәйкес қолына шақырту қағазын алған ер жігіт, ағымдағы жылдың наурыз-маусым айларында Көкпекті ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуге міндетті. Мерзімді әскери қызметке шақырылушы азаматтар алдымен міндетті түрде медициналық куәләндырудан өтеді. Әскери дәрігерлік комиссия медициналық куәләндыру нәтижелері болашақ сарбаздардың денсаулығы жөнінде шешім шығарады. Осы шешімге сәйкес әскери қызметке жарамды деп танылған азаматтар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде, ҚР-ның Қарулы Күштерінде, ҚР-ның Ішкі істер
министрлігінде, ҚР-ның Мемлекеттік Күзет қызметінде Отан алдында борышын өтейді. Сонымен қатар Отан алдындағы борышын өтеуге құлшыныс танытып отырған аудан жастарына қауқарлы әскер дайындайтын еліміздегі бірқатар әскери оқу орындары да бар екенін айта кеткен жөн. Олардың қатарына Ақтөбе қаласыдағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери иституты, Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты, Алматы қаласындағы құрлық әскерлерінің Әскери институты, Радиотехника және байланыс әскери инженерлік институты, Ақмола облысы Щучинск қаласында Шоқан Уалиханов атындағы Кадет корпусы, Астана қаласындағы генерал С.Қ Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі бар. Аталған мекемелер білімі мен біліктілігі қатар ұштасқан офицерлер мен сержанттарды даярлап шығарады. Жоғарыда аталған оқу орындарын тәмәмдаған және мерзімді әскери қызметін өтеп келген әскери міндеттілер әскери қызметіне келісімшарт бойынша жұмысқа орналаса алады. Осы орайда, қазіргі уақытта әскери қызметкерлерге ақшалай қамтамасыз ету, тұрғын үйдің жалға алу төлемінің кепілдігі, ақысыз медицинанық қамтамасыз ету және жыл сайын кезекті еңбек демалысына шыққан уақытта үш айлық көлемінде ақшалай қаражат төленетінін айта кеткен жөн. Бұл жайлы қосымша ақпаратты аудандық Қорғаныс бөліміне хабарласып, біле аласыздар.
Ер азаматтың міндеті – Отан алдындағы борышын өтеу. Себебі, мемлекет тыныштығын күзету – кезек күттірмейтін іс. Олай болса, ауданымыздың бозбалаларын көктемгі әскерге шақыру науқанына белсенді атсалысуға шақырамыз. Әскерге асық, болашақ сарбаз!
А.Қайыпжан,
келісімшарт бойынша
әскери қызметке қабылдау жөніндегі қызметкер
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.