Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сараптаушылардың мәліметтері бойынша, Ресей мен Беларусия мемлекеттеріне қарағанда Қазақстанда әлдеқайда қолайлы бизнес-орта қалыптасқан. Дегенмен, көлеңкелі экономика аграрлық салада, құрлыста,көтерме және бөлшек саудада,көлік және басқа да салаларда орын алып отыр.Экономиканы көлеңкеден шығару мәселесіауданымызда ішкі қор өнімдерін өндіру және салықсалу базасын кеңейту арқылы қарастырылуда.

Мамыр айының аяғында аудан әкімі Сарыбел және Палатцы ауылдық округ азаматтарымен осы мәселеге байланысты жиналыс өткізді.Мұнда бюжеткеқосымша кірістерді түсірудің жолдары талқыланды.Арада үш ай уақыт өтті, біз осы мерзім ішінде округтер мен бөлімдерде қандай жұмыстар атқарылғанын білдік.

Сарыбелокругінің әкімі К.Сақуанованың мәліметі бойынша,үш нысан, атап айтсақ, жемцехының бұрынғы ғимараты (Е.Атабаев), малшаруашылығы базасының ғимараты(Н.Кимадиев)және бұрынғы амбулатория ғимараты (К.Атамбаева) жерді сатып алуды рәсімдеу үшін жер қатынастары бөліміне тапсырылған. «Нұр» шаруақожалығының басшысы 2 малшаруашылық базаға меншіктік құқықты орнату үшін сотқа құжаттарын дайындау үстінде. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделгеннен кейін аталған нысандар орналасқан жерді сатып алу жоспарлануда.Осы сияқты жұмыстарды Новостройка ауылындағы таразы және қойма  ғимаратының қожайыны да атқаруы керек. Қазіргі таңдаәкім аппаратыонымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.К.Шайзадақызы атап көрсеткендей, 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап «Чистый Яр Агро»ЖШС жұмысшыларының жалақысы 10%көтерілді. Бұдан басқа,«ЖЕРҒӨО» РМК ШҚ филиалының Көкпекті аудандық бөлімшесі мамандарымен бірлесіп жерлерді жекешелендіру жұмысы жүргізілді. Оның барысында жер актілерінің кадастрлық нөмірлері салыстырылды,егістіктердің мақсатты түрде қолданылатындығы  тексерілді. -Жер телімдерін түгендеу жұмыстарының қорытындысы шілде айында дайын болады.Ал, бұл өз кезегінде ішкі қорларды іздестіру жұмыстарын ары қарай жалғастыруға жақсы негіз болмақ,-дедіКлара Шайзадақызы.

Салық басқармасының мәліметі бойынша,демалыс базаларына жалдамалы жұмысшылар тартылып, көліктерге қосымша салықтар өндіріліп алынған. Сондай-ақ, жеті салық төлеушінің кірісі жартыжылдықтың нәтижесі бойынша бір жарым миллион теңгеге өседі деп күтілуде.

Ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің ақпараты бойынша, олар «түсіндіру жұмыстарын жүргізген». Алайда, «кіммен?» және «қандай мәселе бойынша?» екендігін нақтылап айтпайды. Олар өздерінің ақпараттарында Кұрманбаева Гүлбану мұнай базасы үшін10 жылға жалпы құны 9 миллион теңгені құрайтын жерді сатып алу келісімшартын жасағандығын атап көрсетті. Алайда, бұл ауылшаруашылығына қандай қатысы бар екені түсініксіз. Ал ауылшаруашылық құрылымдары басшыларымен жүргізілген жұмыстар жайлы олардың әзірге айтары жоқ.

Ішкі қорларды іздестіру бойынша атқарылған нақты жұмыстар туралы баяндап берулерін сұрағанымызбен, Палатцы ауылдық округінің әкімі аппараты бұған жауап ретінде жиналыс жайлы жазылған өзіміздің мақаладан тезистерді көшіріп, жазып жіберіпті.

Ал, жер қатынастары бөлімі ауқымды ақпаратты ұсынды. Бұл мәліметте Сарыбел және Палатцы округтеріндегі жерлердің көлемі мен олардың түрлері, сондай-ақ жерлерді тиімді пайдаланудың  ережесі, шаруашылық құрылымдары басшылары тарапынан сол ережелер сансыз бұзылып жатқандығы туралы айтылған. (бұл мәселелер 31 мамырдағы жиналыста көтерілген). Сонымен қатар, жалға алынған жерлердің келісімшартын бұзу жұмыстары қалай жүргізілетіндігі және алдағы уақыттағы жоспарлары жайлы да айтып өткен. Жалпы алғанда, қысқа да нұсқа жауап. Ал, соңғы 3 аптада істелінген нақты жұмыстар туралы мүлде сөз қозғалмаған. Мүмкін, толықтырып жазуды ұмытып кеткен болар.

Ішкі қорлардың негізгі қорлары көз алдымызда жатыр – жиналыс қорытындысы осындай болды. Бірақ, жеке қызметтер неліктен оларды іске қосуға асықпайтыны белгісіз. Кәсіпкерлер бүгіндері ресми ортада жұмыс істеу тиімді екенін түсінулері қажет. Себебі, бұл жерде «көлеңкедегі» жұмысқа қарағанда шығындар мен тәуекелді қажет ететін жағдайлар әлдеқайда аз.

Надежда ШАРОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз