Қазіргі кезде не көп далада қаңғырған ит көп. Ең қорқыныштысы олар айналасына қауіпті болуы мүмкін. Әр жер бұл мәселені өзінше шешуде. Біздің ауданымыздағы көше кезген қаңғыбас иттер мәселесі өзекті тақырыпқа айналғалы көп болды. Үлкен дауға айналған бұл мәселе біздің ауданда, әсіресе Көкпекті ауылында етек алуда.
Халқымыз жеті қазынаның бірі санаған ит атаулының бүгінде қадірі кетіп, құты қашты. Себебі қазір құмай тазы, жүйрік ит деген сөздерге қарағанда, қаңғыбас ит деген сөз тілімізге жатық болып кетті. Өйткені, иесіз жүрген ит көп. Көше-көшені кезіп, әр ауланы аралап жүрген иттер адам баласы үшін қауіпті тіршілік иесі атанып отыр. Олардың көзін жою үшін қандай шаралар қолға алынуда?
Осы мәселеге байланысты Көкпекті ауылдық округінің жетекші маманы Ерлан Әубәкіров қазіргі таңда Көкпекті ауылында 113 шақты қаңғыбас иттердің көзі жойылғаны және учаскелік инспектормен бірге жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндап берді.
Ал, Көкпекті ветеринария бөлімінің бас маманы Зульфат Галиевтың айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар айында Көкпекті ауылы бойынша 123 иттің көзі жойылған. Сондықтан да аудан бюджетінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру үшін арнайы қаражат бөлініп отыр. «Көшеде қарғы баусыз, иесінсіз жүрген иттер қаңғыбас иттер болып саналады. Тұрғындар арасында асыраған иттерін жөнді қарамай, байламай, далаға қаңғытып жіберетіндер бар. Күшіктеген иттер де қаңғыбас иттердің санын толықтырып отыр. Иттердің ең көп жиналатын жерлері қоқыс полигондары болып табылады», - дейді бас маман. Ал, округтің учаскелік инспекторы осы бағытта қандай шара қолданды? Кімдерге айыппұл салды? Қаңғыбас иттерді атумен ғана шектелмей, тәртіп сақшысы тұрғындармен жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Ауыл ішіндегі осындай келеңсіз жағдайдың орын алмауы үшін мемлекет тарапынан қыруар қаржыны жұмсамай-ақ, заң аясында шешуге болатыны айдан анық.
Біздің иттердің арықтығы өз алдына, «қаңғыбас» деген атағы тағы бар. Сондықтан да бұл ит ату науқанының өзі біздің аудан үшін маңызы зор іс болатын секілді!..
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.