Көкпекті ауылының тұрғындарын сумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі жаңадан ғана пайда болған жоқ. Арасында құбырлар желісінде апат болғанда жағдай ушыға түседі. Бірақ, соңғы аптада тұрғындар судың берілу мерзімінің тым қысқарып кеткеніне, ал кейбір жерлерде мүлдем жоқтығына алаңдаушылық білдіруде. Біз орын алған оқиғаның себебін анықтауға тырысып, осы салаға жауапты адамдарға сауал қойдық.
Р.Сағындықов, аудан әкімінің осы салаға жауапты орынбасары, «сумен қамтамасыз етудегі тұрақсыздық суды өшіру немесе сору ұңғыларын тоқтатудан емес» -деді.
-Қазіргі күні үш станция да үздіксіз жұмыс істеп тұр, олар сағатына 190 текше метр су береді. Сағатына 240 текше метр су соратынекінші деңгейдегі сорғыштар оны су мұнарасына жеткізіп, сол жерден тұтынушыларға таратылады. Мұнша көлемдегі су бір жарым, екі сағатқа жетеді. Бұл тұрақты орын алатын жұмыс жағдайы. Егер көшенің төменгі жағында су ұдайы бар болса, ауылдың жоғарғы жағында тұратындар сусыз жердегі дуадақтың күйін кешеді. Себеп-салдарды айта отырып,су құбыры жүйесінің тозғанын да атай кету керек. Ол судың жол-жөнекей жер астына кетуіне, жасырын түрде көп мөлшерде жоғалуына себеп. Екіншіден, бұл жерде коммуналдық қызмет жұмысының да нашарлығы бар. Үшіншіден, тұрғындардың суды тиімсіз, бақылаусыз ысыраппен қолдануда атай кету керек. Биыл Көкпекті ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесін толықтай ауыстыруға жобалық-сметалық құжат жасалып жатыр. Бұл жоба «Ақбұлақ» бағдарламасына еніп, қаржыландыру күтілетін болады. Келесі аптада төртінші ұңғы іске қосылып, ол су тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етуі тиіс. Қосалқы тағы да бір ұңғы бар. Ал бізге қазіргі уақытта суды үнемдеуді, коммуналдық қызметтің менеджменті мен жұмыс сапасын арттыруды үйрену керек.
Руслан Бектасов, ТҮКШ, автокөлік жолдары мен жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы, «Көкпекті» КМКК жаз айының құрғақшылығына дайын емес екендігін атап өтті.
–Өткен жылы жауын–шашын мол болды, сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туған жоқ, суаруға су аз мөлшерде кетті. Сондықтан да болар, биыл КМКК тағы да солай болар деп «үміттеніп» қалған сияқты. Жаздың алғашқы аптасындағы аптап ыстық жұмыстағы кемшілікті бірден ашып тастады. Өткен жексенбідегі апат кәсіпорында қосалқы құрал болмаса да, жедел түрде қалпына келтірілді.Мүмкін, менің тарапымнан да кемшілік орын алған шығар. Бірақ, өкінішке қарай, олардың алдағы айларға су беру бойынша болжамдары да жоқ. Қазіргі күні АУЫЗ СУДЫҢ барлығы Бакин, Раев, Жұмабаев атындағы көшелері тұрғындарының бау-бақшасын суаруға кетіп жатыр. «Ауыз су» деп бөлектеп тегін айтып отырған жоқпын. Су 30 метр тереңдіктен көтеріледі. Содан кейін залалсыздандырылады. Қазіргі электр қуаты тарифін есепке алсақ, су бағасы «алтындай» қымбат. Ал суды арықтың немесе өзен суындай, яғни ағын судай мөлшерсіз, ешқандай есептегіш құралсыз, бақылаусыз, тиімділікті ойламай пайдалана береді. Егер 36 пәтерлік үйдегі тыл еңбеккері, екінші топ мүгедегі бір шелек ауыз суды ағызып ала алмаса, көшенің төменгі жағындағылардың бақшалары суға қарық, сонымен бірге бұл су картоп телімдерінде жайылып жатыр. Раев, Бакин, Жұмабаев көшелерінің тұрғындарына қолданылатын алдын алу шаралары ретінде коммуналдық қызмет пен Көкпекті ауылдық округінің аппараты есептегіш құралдарды орнату талабын күшейтеді. Бұл суды үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, шілде айында су тарифі көтеріледі, бұл коммуналдық қызмет кәсіпорнына қосымша кіріс көзін әкелмек. КМКК-нің барлық сылтауды қаржының жетіспеушілігіне сілтеуі негізсіз. Тек биылдың өзінде ғана бұл мекемеге су құбырларының жұмыс істеуі үшін 10 миллион теңге бөлінді. Сондықтан, мұнда шаруашылық көзқарас, қатаң есеп пен сумен жабдықтау жүйесінің білікті маманы қажет.
«Көкпекті» КМКК директоры М.Матанов судың жетіспеуін ескіріп кеткен электр қуаты желілерімен байланыстырады. Олар бірден бес ұңғының іске қосылуына шыдас бермейтіндігін алға тартады ол. М.Матанов өз жауабында «тұрақты түрдегі артық жүктемеге электр сорғыштар шыдамайды», ал «су жөніндегі шағымданған Б.Сарманов, З.Нехорошева, С.Рябик, Н.Мұхаметкәрімова, И.Эртли, С.Қасенова кәсіпорын алдында қарыздар»- деді.
Ал ауылдық округ әкімшілігі аппаратынан біз жауап ала алмадық. Мүмкін, бұл олардың тікелей айналысатын шаруасы емес шығар. Бірақ, ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге олар міндетті. Мүмкін, олардың пікірін газеттің келесі санында оқып қаларсыздар.
Ал біз қолда бар сандарды пайдалана отырып, өз бетімізбен есептеу жүргізіп көрдік. Есептеуге көтерілетін су көлемін және тұрғындар санын алдық. Есептеулер 3-4 сағат ішінде әр адамға 100 литрге жуық судан айналады, яғни тәулігіне әр адамға жарты тоннадан астам су шығарылады. Осындай болғанда суға бөгіп қалуымыз керек, ал су ж -е –т- п- е- й- д- і. Су құбырға түскен соң қайда құрып кетеді? Неге коммуналдық қызмет осыншама су өндіріп, оған қыруар қаржы жұмсай отырып, оның қайда жоғалып жатқанын іздемейді? КМКК басшысынан тұрғындардың су ақысы үшін қаншама берешек екенін сұрағанда, берешектер жоқ дерлік деген жауап естідік. Оның айтуынша, «бақылаушылар суды үнемдеу жөнінде тұтынушыларға бірнеше рет ескерту жасайды». Олай болса, жазғы су құбырын ашық қалдырып, су тек бақшаны ғана емес, бүкіл көшеге жайылып жатуға жол беретіндерге неге қатаң шара қолданылмайды? Бұл сауал жауапсыз қалды. Өйткені, тәртіпті бұзушылар жөнінде КМКК-де ешкім де білмейді.Оған қиналып не керек, қосымша қаржы бөлінеді, тұрғындарды бәрібір де сусыз қалдырмайды ғой! Сондықтан да, коммуналдық кәсіпорын ертеңгі күнін ойламай, өздеріне шығын келтіре жұмыс істеп отыр. Ал бұған қайткен күнде де жол бермеу керек.
Мақалада біз суды тұтынушылар пікірін келтірмедік. Су тарифінің көтерілуі, судың жетіспеу себебі, коммуналдық қызметтің жұмысы туралы көкпектіліктердің пікірін келесі сандарда оқи аласыздар.
Надежда ШАРОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.