Мүмкіндігі шектеулі балаларға тосырқап қараудың орнына, керісінше, мейірім-ша-пағатпен қараған жөн болар. Олар да сіздің бүлдіршіндеріңіз секілді ақыл-есі түзу, өмірге құштар жандар. Олардың бойларында асқан дарын, талант жатуы мүмкін. Бүгінде мемлекет тарапынан көмектер жоқ емес, айтарлықтай жағдайлар жасалынуда.
Соның бір дәлелі, Көкпекті ауданында облыстағы тұңғыш әлеуметтік жоба негізінде ашылған, бұдан бұрын да осы туралы газет бетінде бірнеше мәрте жарияланған «Көкпекті тренинг дәмханасын» айтуға болады. Осы орайда, біз аталмыш дәмхананың бүгінгі тыныс-тіршілігімен білу мақсатында дәмхана иесі Светлана Кошелеваға жолығып, әңгімелескен едік. «Көкпекті тренинг дәмханасы» - мүмкіндігі шектеулі балаларға, адамдарға шексіз мүмкіндік сыйлайтын жер. Олай дейтінім, адамдармен қарым-қатынас, мейірім және жылу олар үшін аса маңызды. Өздеріңізге белгілі, бұл дәмхана өз жұмысын өткен жылдың қараша айынан бастап кеткен еді.
Дәмхана Көкпекті ауданының әлеуметтік оңалту орталығымен тығыз байланыс жасап, жұмыс атқарады. Қазіргі таңда бұл шаңырақта қайырымдылық айлығы аясында, жастар орталығының және қайырымды жандардың қол ұшын берумен ұйымдастырған «Тәтті күлкі» акциясы және 2 желтоқсанда мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналар бас қосып, балаларымызбен бірге кешкі кездесу өткіздік. Менің де қызым Алина да, оңалту орталығында тәлім-тәрбие алады. Сондай-ақ, жаңажылдық кешіміз де көңілді өткіздік. Өкінішке орай, тұрғындар біздің дәмханамыз тек мүмкіндігі шектеулі жандарға деп ойлайтын сияқты. Дәмханамыздың есігі барлықтарыңызға ашық! Біз сіздерге арнайы ас мәзірімен пісірген тағамдарымыз бен тоқаш, бәліштерімізбен қарсы аламыз» - деді.
«Дәмхана құжаттары толық дайын болғаннан кейін аудан орталығында орналасқан білім ордаларымен тығыз байланысты нығайтып, мүмкіндігі шектеулі балаларды басқа ортаға бейімдеу, тіл табыстыру. Жаңа достар табуға мүмкіндік туғызу жос-парымда тұр. Сондай-ақ, шағын наубайхана ашып, қазірде сұранысы көп тәтті тоқаштарымның санын арттырғым келеді. Дәмхана алдында үлкен алаңға, жазғы демалу орнын жөндеу жоспарда тұр. Бұның бәрі, әрине қаражатқа келіп тіреледі. Жаны жомарт жандар қол ұшын берсе жақсы болар еді» - деп, Светлана Геннадьевна өзінің алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Дәмхананың іші өте жайлы. Тамақтанатын бол-саңыз, сол жаққа өтіп отыра бересіз. Даяшы сіз-дің қасыңызға келіп, не керегін, қосымша қандай ұсыныстар барын айтып береді. Санаулы сәт күткеннен кейін тамағыңыз да дайын болады. Былай қарасаңыз, қарапайым дәмханадан еш айырмасы жоқ. Осында даяшы болып қызмет ететін Татьяна Карамышованы да сөзге тарттық: «Мен де, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған анамын. Бұл дәмханаға келген балалардың көздерінен бір қуанышты көрудің өзі бір бақыт. Осында өтетін әр мерекеге үлкен сүйіспеншілікпен дайындалып келген қонақтардың көңілдерінен шығуға тырысамыз. Дәмхананың тағамы дәмді, бағасы да арзан, салаттың түрлерін жасаймыз. Дәмханамыздың есігі барлық көкпектіліктерге ашық», - деді.
Бұл дәмханадан жай ғана тамақтанып кетудің өзі ізгі іс. Мұнда келген әр адамның бойында балаларға қандай да бір көмек беру ниеті туады. Дәмханаға келген кісілер балаларымен келсе, өскелең ұрпақтың бойында жарымжан адамдарға деген қатыгездік қалыптаспайды. Сондықтан да кафеге жай ғана келіп түскі ас ішіп, бір ауыз жылы лебіз білдірсеңіз жетіп жатыр, осы мезетте олардың өмірінде сізден асқан адам болмайды.
Қорыта келгенде, мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан-дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу - белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы демекпіз.
Аудан орталығындағы бұрынғы «Аламан» асха-насының арғы жағындағы қалтарыста орналасқан «Көкпекті тренинг дәмханасы» сіздерді құшақ жая қарсы алады!
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.