Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Су – тіршілік көзі. Өкінішке орай, ол кей кездері адамдардың өліміне де себепкер болады. Судың өзі емес, суы мол орындардағы адамдардың салғырттығынан десек, дұрысырақ  болар еді.

Биылғы жылғы мектеп демалысының және жаздың басталуы Лайлы су қоймасындағы екі бүлдіршіннің қайғылы өлімімен көлеңкеленді. Дәл осындай қайғыға душар ететін суды халық арасында «қанды су»деп атайды. Пайда болғаннан бастап, ол қаншама адамның өмірін қыршынынан қиды.

 

Бұл оқиғаға кінәлілерді заң тұрғысынан құқыққорғау органдары мен сот анықтайтын болады. Бірақ, адамгершілік тұрғыдан алғандағы моральдық жауапкершілік өздерінің қызметтік өкілеттігінің негізінде қайғылы жағдайдың алдын алуға міндетті адамдардың барлығының мойнында.

Лайлы су қоймасы «ШығысСуқоймалары» ЖШС-ның балансында болып табылады. Ол құжаттарға сүйенсек, су жинау және Самар ауылының тұрғындарын суармалы арықтармен қамтамасыз етуге арналған. Яғни, су тек техникалық мақсатқа ғана пайдаланылуы қажет. Құжаттарда су қоймасын шомылу мақсатына қолдансын деген бір ауыз сөз жоқ. Біздің ойымызша, «ШығысСуқоймалары» ЖШС басшыларын да, Самар ауылдық округі әкімін де, құқыққорғау органдарының өкілдерін де (учаскелік полициялар), ТЖ бөлімі қызметкерлерін де, тіпті, мұғалімдерді айтпағанда қауіптіліктің мұндай ең басты факторы алаңдатуы қажет еді. Өйткені, әрбір самарлық бұл жақта жаз маусымында демалушылардың көп болатынын біледі ғой. Ал балақайлар болса, күні бойы қауіп-қатері мол су жағасында ойнайды.  Өткен жылдардағы қайғылы оқиғалардан ешкім де сабақ алған жоқ. Ешбір адам дабыл қақпады. Өйткені, ешкім балалар мен үлкендердің өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп туралы ойланған жоқ. Табиғаттың кез келген дүлей күші, әсіресе, су - қателіктер мен салғырттықты, кеудемсоқтықты кешірмейді.

«ШығысСуқоймалары» ЖШС желілік учаскесінің инженері А.Кизаметдиновтың айтуынша, оның қызметтік міндеттеріне нысанды күзету енбейді. Күзетші-реттеушілер шлюздердің жұмысын қадағалайды. Олардың жұмыс уақыттары 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі мен жексенбі күндері - демалыс.

Алайда, Лайлы және Ешкібай су қоймалары – судың аса үлкен қоры жиналған орын. Олар жаздың ортасына қарай кеуіп қалатын суы шағын өзендер емес. Олардың бірге алғандағы су көлемі 10 миллион кубометрді құрайды.

Бұл жерде тағы мынадай сұрақ туындайды – неге осындай ауыл маңында орналасқан стратегиялық маңызы бар нысандарда аумақтың қоршауы жоқ, не күзетілмейді, ескерту және тыйым салу белгілері орнатылмайды? Неге қауіптілігі жоғары жағалауды демалыс және шомылу орынына айналдырған? «ШығысСуқоймалары» басшылары алыста, олар үшін бұл жер қауіпті емес. Желілік учаскенің инженеріне бәрібір, әкімдік аппаратын алаңдатпайды, ТЖ қызметін толғандырмайды...

Полиция қызметкерлері бұл жерден ИДН инспекторлары әлсін-әлсін балаларды қуалап отыратынын айтуда. Бірақ, олар неге екені белгісіз сонда қайтып оралады.

Мүмкін, балалар өз бетімен қараусыз қалып, ешнәрсемен шұғылданбайтын шығар? Бірақ, аудандық білім беру бөлімінің ақпаратына сүйенсек, (басылым бетінде жарияланған) барлық балалар жазғы кезеңде демалыспен және басқа да шаралармен қамтылған. Шындығына келгенде, қағаз жүзіндегі жоспар бойынша басқа, іс жүзінде мүлдем өзгеше болып шыққаны ма?

Алып қарасақ, ТЖ бөлімінде де судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары, осы мәселе бойынша білім беру бөлімімен қызметтік қатынасхаттар, мектептерде лекциялар өткізілгені туралы белгілер бар. Бірақ, жұмыс нәтижесі мүлдем қарама-қайшы.

Бұл мақаланы дайындау барысында біз Лайлы және Ешкібай су қоймаларында болдық. Ол жағалаулар – демалыс орнынан гөрі, жаппай спирттік ішімдіктер ішетін орынға айналған. Қай жаққа қарамасаң да барлық жерде бей-берекет шашылған бөтелкелер, бөтелкелер және бөтелкелер... Осындайды көргенде біздің ар-ожданымыз, мәдениетіміз, табиғат «қорғауға» деген көзқарасымыз туралы туған сұрақ  ішті жегідей жейді.

Қазіргі таңда адамдық фактор, салғырттық, жауапкершіліктің жоқтығы туралы көп айта беруге болады. Алайда, бұл жағдайда бейқамдық пен немқұрайдылықтың салдары қайғылы оқиғаға әкеліп соқтырғаны - ең қорқыныштысы. Оның жолын кесуге болатын еді ғой!

РS: айтпақшы, бүгінгі күндері ауылдар арқылы өтетін күре жолдарда көптеген кішкентай бүлдіршіндер ойнап жүреді.

Надежда ШАРОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз