Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев әрдайым халықтың, әр отбасының тұрмыстық жағ-дайын арттыруға бағытталған әлеуметтік қолдауларды айтып келеді. Елбасының «100 нақты қадам» атты стратегиялық бағдар-ламасын жүзеге асыру басты талап. Соның аясында халықтың хал-ахуалына ден қойылған «Өрлеу» жоспарын тиянақты орындау шарт.


Кез-келген ел экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі елімізде айрықша орынға қойылып, ерекше көңіл бөлінуде, қолдау танытылуда. Соның арқасында кәсіпкерлікке бетбұрыс жасап, жеке кәсібін ашып жатқандардың қатары жыл санап артуда.
Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында шағын және орта бизнестің дамуын – еліміздің экономикалық саясатының басым бағыттарының біріне жатқызып келеді. Міне, сондықтан да кәсіпкерлікті дамыту бағытында бірнеше бағдарламаларды қабылдап, бағдарламалардың ел игілігіне жарауы үшін жыл сайын қыруар қаражат та бөлініп келеді. Бір ғана «Өрлеу» бағдарламасының қарапайым халық үшін берген жақсылығы орасан. Мәселен, Көкпекті ауданына қарасты Үлгілімалшы ауылдық округінің тұрғыны Айдын Исанов осы бір мүмкіндікті қалт жібермеді. Іскер азамат «Өрлеу» бағдарламасы негізінде несие алып, оған 5 бас ірі қара және 1 құлын сатып алып, бүгінде мал бағуға мықтап бет бұрып, тындырымды еңбек етіп жүр. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- деген Абайдың осы сөзін жете түсінген Айдын, бүгінде қарт анасын, отбасын күтіп, бала-шағасын қатардан қалдырмай, адам қылып, еңбек етіп келеді. Енді, міне, шалғай ауылдың өзінде-ақ кәсібін өрге домалатып, ауылдың өркендеуіне өз үлесін қосуда. Жолдасы Нұргүлмен бірге етене кіріскен олардың тәуекелі өзгелерге үлгі боларлық..
- Қазіргі таңда мемлекет тарапынан беретін көмектерді алам дейтіндерге еш қиындық туын-дамайды. Себебі, мемлекет кәсіпкерлік пен әлеу-меттік саланың дамуына ерекше жағдай жасап беріп отыр. Сол мүмкіндіктерді біз де отбасымызбен орынды пайдалынып, несие алып, мал алдық. Биылғы жылы да тәуекелге бет бұрып, тағы да осы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие алып, мал басын көбейтпекшіміз. Кәсібіміз алға басу үшін алдағы уақытта мықтап еңбектенетін боламыз, - деді отанасы Нұргүл.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз