Бұл ауылдағы іргелі шаруашылық «Казнаковка» ЖШС басшысы Александр Петрович Воротниковтың алға қойған мақсаттарының бірі. Ауыл жасампаздығына зор үлес қосып отырған казнаковкалықтар бүгінгі күні 1600 гектарға бидай егіп, игеріп отыр, ал 3 мың гектарға жуық жердің қалған жер теліміне арпа, күнбағыс егіледі. Бір өзі ғана ауылға 9 миллионнан астам инвестиция құйып отырған шаруашылық жыл сайын жаңа техника алып, егістікті күтудің озық технологияларын игеруде.
Шаруашылықтың жағдайы жылдан-жылға өрлеген сайын, ондағы жұмыс істейтін адамдардың да материалдық жағдайлары да жақсара түсуде. Жұ-мыс істейтін отызға жуық адамның әлеуметтік төлемдері уақытында аударылып тұрады. Шаруашылық еңбек-керлеріне жем-шөптері күзде арзан бағамен босатылады. Соңғы жылдары еңбеккерлерге емдеу-сауықтыру демалыс үйлеріне жолдамалар беріліп, денсаулықтарын түзетуге көңіл бөлу үрдісі қалыптасып отыр. Зейнеткерлер де ұмыт қалдырылмай, ұн, жем беріледі.
Өзі еңбек жолын қарапайым меха-низаторлықтан бастағандықтан, жастар-дың жұмысқа ынтасына көңілі көп тола бермейді. Дегенмен, бұл шаруашылықта бірнеше жылдан бері еңбек етіп жүрген жастар баршылық. Солардың бірі өзінің ұлы Вадим Александрович. Қазір ол осында есеп жүргізуші болып жұмыс істейді. Қажет кезінде техникаға да отырады. Жоғары білім алған ұлын ауылға әкелуде де әкенің бір мақсаты болса керек. «Біз мәңгілік емеспіз. Ертеңгі күнді ойласақ, артымызда із қалдыруымыз керек. Осы игерген ісімізді жалғастыратын ұрпақ болуы тиіс. Ол тек басшыларға қатысты емес, қарапайым малшы, механизатор болсын, бір сөзбен айтқанда нағыз ауыл адамын, бірақ, жан-жақты білікті ауыл адамын тәрбиелеп шығаруға тиіспіз. Ауылға ие болып қалатындар – біздің ізбасарларымыз. Оларды біз осы бас-тан баулуға тиіспіз. Ауыл ешқашан да өзінің маңыздылығын жоғалтпайды»,- дейді А.Воротников. Шаруашылық бас-шысының үміт артар тағы бір шәкірті Руслан Есенов. Ол да осы шаруашылық құрылған күннен бастап механизатор болып еңбек еткен. Қазір егіншілер бригадасының бригадирі. Тәжірибелі, тісқақты маманға айналған.
Бизнестің жауапкершілігі бойынша шаруашылық алдыңғы сапта тұрады десек қателеспейміз. «Тіпті қыс айларында шаруашылық құтқарушылардың да жұмысын атқарады. Биылғы жылдың өзінде қаншама адамды қар қамағынан құтқаруда Александр Петровичтің көме-гіне неше рет жүгіндік», - дейді округ әкімі Ш.Шайырғазина.- А.Вортоников осы өлкенің тумасы болғандықтан, әр қырат пен жота, тегіс жердің ой-шұңқырын жатқа біледі. Сондықтан да бұрындары ылғи да көктемде қарғын су қауіп төндіретін жерлердің барлығында сақтық шараларын жасауда оның көмегі зор болды».
Шаруашылық диқандары дала төсіне шығуға әзір. Барлық техника сайланып, дайын тұр. Күзде барлық жерде сүдігер көтерілген, ылғал жеткілікті жиналды, енді тек егістікке шығып, жер төсі қызған соң тұқым себу басталады. Жағар-жанар май қоры толықтай күзде жасалған. «Қазіргі күні бізге мемлекет тарапынан ұсынылатын жанармайдың литрі 93 теңгеден. Ал қалада 88-90 теңгеден еркін сатып алуға болады. Бұл да мемлекет тарапынан кешеуілдеп қалғандық болып отыр. Содан кейін шаруаны қинайтын бір мәселе – бидайды біз сатқанда теңгемен сатамыз, ал жиналған астықты олар доллармен өткізеді, сонда қиналып өсірген диқан емес, оны дайын түрде сатып алғандар пайдасын көреді», - дейді ол.
Шаруашылықтың механизаторлары үшін орталықта асхана жұмыс істейді. Айналасы қоршалып, абаттандырылған бұл жерде бұзылған техника жөнделіп, жаңасына күтім жасалады, бір сәттік үзілісте дала төсіне көз салып, елеңдеп жүрген егіншілерді суретке түсіріп алудың сәт түсті.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.