Дәмханадан адамдар бір-бірлеп шығып жатыр. Әйелдердің қолдарында бір - бір дорба бауырсақ, жеміс, тәтті тағамдар. «Тағы біреулер ас беріп, қатым шығарған болу керек»,- деген ой осы көріністен кейін бірден пайда болады.
Иә, қазіргі таңда жаназа кезінде қайтыс болған адамға арнап ас беру тұрғындар арасында бәсекеге айналып кетті. Ешкімге құпия емес, мәйітті үйінен ақырғы сапарға шығарып салған кезде, дәмханада жайылған дастархан тойдан кем емес. «Елден ұят болады», «Менің қай жерім кем?» дегенді әрқайсысы ірі қара мал немесе жылқы сойып, дастарханды молынан жайып, неше түрлі қымбат, бағасына қарамай тағамдар қояды. Жасыратыны жоқ, дастарханға қойылған астың барлығы желінбей қалады, сондықтан ысырапшылдыққа жол беріледі.
Осы әңгімені бірсыпыра уақыттан бері мешіт қызметкерлері де көтеріп келеді. Самар орталық мешітінің имамы Бекболат қажы Кәлебайұлы: «Жуырда Семей қаласында Қазақстан мұсыл-мандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкілдігі қызметкерлері, жергілікті билік өкілдері бас қосып, ысырапшылдыққа байланысты жиын өткізді. Жиында негізінен қатым астардағы, аста-төк мәзірді шектеу, қонағасы, қолдан жасап алған салт-кәделер мәселелері талқыланды.
Құран Кәрімнің өзінде: «Расында Алла ысы-рапшыларды ұнатпайды»,- деп айтылса, Пай-ғамбарымыз Мұхаммед /с.ғ.с/ өз хадисінде: «Өлік шыққан үйден үш күнге дейін тамақ ішкен адам - бізден емес»,- деп өсиет еткен. Расында да, бабаларымыздың салтында қазалы үйдің қазаны үш күнге дейін төңкерулі жатушы еді. Ошақтағы оты су шашып сөндірілуші еді. Соңғы жылдары той мен өлімді шатастырып алғандай болып жүрміз. Қайғы жамылып, жақынынан айырылып отырған отбасы, дастархан жайып, қонақ күтіп мазасызданады. Осындай әдет қазақ арасында бәсекеге, айналып барады. Кейбір кезде слайд, музыкалық естелік көрсету үрдіске айналып барады.
Құрметті жамағат! Осының бәріне біз тыйым салуымыз керек. Қатым дастарханы мәзірін әзірлеу әр отбасының әлеуметтік жағдайының әртүрлі екенін байқатпау үшін қажет. Өйткені, көптен қалмаймын деп қайтыс болған адамының артынан қарызға алған қаражатты өтеу кім-кімге де оңай шаруа емес. Егер де дәулетіңіз жетіп, асып тұрса, сауабын бақилық болған марқұмдарға бағыштап, мұқтаж жандарға, мүгедек адамдарға садақа беру абзал. Шынында, ата-бабаларымыздан мирас болып қалған дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз керек. Қатымға жайылатын дастархан ұсынылған мәзірге сай болуы керек. Дінімізді құрметтесек, ысырапшылдыққа жол бермейтін болайық,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкілдігі хатым дастарханына қойылатын әс мәзірінің тізімі: 1. ЕТ. 2. БАУЫРСАҚ, ШЕЛПЕК, ТОҚАШ. 3. ҚОСПА, ЖЕНТ, ТАЛҚАН. 4. ҚҰРТ. 5. САРЫ МАЙ. 6. ҚАНТ. 7.ӨРІК, МЕЙІЗ, ҚҰРМА.
Жалған намыстан аулақ болып, ысырапқа жол бермейік, жамағат. Осы игілікті бастаманы барша халық болып қолдауымыз керек, халық арасында кеңінен насихаттауға шақырамыз.
Қанат АПСАДЫҚОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.