Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1979 жылдың 27 желтоқсаны. Дәл осы күні Кеңес үкіметінің шешімімен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлері кірген еді. Елдегі саяси жағдайдың тұрақсыздануына байланысты Амин Тараки бастаған Ауған үкіметі КСРО-дан көмек сұрады. Сол кездегі өздері өмір сүріп жатқан кеңестік саясатқа имандай сенген уыздай жас азаматтар істің ақ-қарасын білместен мағынасыз, атақсыз соғыста бастарын қатерге тікті. Олар «Отан үшін алға!» ұранын ұстанып, жастық жалынымен сұрапыл шайқасқа аттанды. Егер Ауған даласына тіл бітсе, талай боздақтың қалай жан тапсырғанын айтып берер еді...
Сұм соғыс қашама боздақты арманына жеткізбеді, кінәсіз халық жапа шекті. Деректерге сүйенсек, сол жылдарда өзбек, тәжік, т.с.с. мұсылмандардан тұратын Ауғанстандағы қазақтардың саны 60000 адам болыпты. Бұған қарап, бауыр мен бауыр бір-біріне қарсы дұшпандық әрекет еткенін байқайсыз. Осы бір ешкімге опа әпермеген соғыс куәгерлері, ардагерлер бүгінде бейбіт өмірдің майданында еңбек етуде.
Жат елдегі соғыстан аман оралған жауынгердің бірі – көкпектілік Қайрат Жанбаев қазір отбасылы азамат, ұл мен қыз тәрбиелеп отырған асқар таудай әке, анасының жанашыр ұлы, аға-бауырлардың жағасы мен тынысы. Қайраттың Көкпекті АЭС-де мамандығына сай электрик болып қызмет еткеніне 15 жылдан асты. Өз естелігінде ол: «Бізді 1985 жылы сәуір айында Аягөз қаласында 3 айлық дайындықтан өтіп жатқан кезде аяқ астынан түн ортасында дабыл қағылып, сапқа тұрғызды да Ауғанстанға соғысқа баратынымызды айтып, алып кетті. Туған-туыстарға басында білдірген жоқпыз. Кейіннен ағамызға жайлап ескертуге рұқсат берілді. Анам көпке дейін білмеді. Бізді бірден Пули-Хумри қаласына, соңынан Хинджан ауданына түсірді. Біз Кеңес Одағының Батыры капитан В.Гаськов атындағы гарнизонда «трубопроводная войскада» күндіз-түні күзетте тұрдық. Кеңес Одағынан Кабулға үздіксіз түрде жанар-жағар май тасымалданатын ашық орналасқан ұзындығы 70 шақырымдық аса қауіпті нысанды жарушылар, диверсанттар көп болды. Ол жердегі кедей тұратын халық та керосин ұрлайтын. Сондай бір жарылыста украиндық Михаил Соколатый деген досымның мерт болғаны есімнен кетпейді. Айта берсе естеліктер көп, әрине. Осылайша 1987 жылы мамыр айында аман-есен үйге оралдым»,- дейді.


- Қан көрген, соғыс көрген азаматтың өмірге көзқарасы басқаша. Біз өмір үшін күрестік. Сол кездегі 18 жасар балғын жауынгердің Отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі өзгеше болды. Кейінгі ұрпақ осыдан үлгі алса, тәуелсіз Қазақ елінде, бейбіт ашық аспан астында өмір сүріп жатқанына қуанса деймін. Қазіргі таңда Ауған соғысы ардагерлерінің тыныс-тіршілігі әрқашан Елбасы назарында. Президентіміздің шынайы қамқорлығы, оның тапсырмасымен жасалып жатқан көмек-қолдауларына дән ризамыз, - дейді ауған ардагері.
Сұрапыл соғыс нәтижесінде жетімдер мен жесірлер, ұлынан айрылып қара жамылған әкелер мен аналардың жан азабы ширек ғасыр уақыт өтсе де мәңгілік жара болып қала бермек. Балғын жастығын Отан қорғауға арнаған Қайратқа көрер қызығыңыз таусылмасын, маңдайыңызға бұйырған бақытқа кенеле беріңіз демекпіз.
Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз