Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздік алғалы қазақ елі жаңа биіктерге көтерілгені көрер көзге аян. Экономикалық жағдай, халықаралық қатынастағы жетіс-тіктермен қатар, қоғамның рухани жұтаңдап, ұлттық құндылықтардың ұмытыла бастау, батыстың ықпалына бой ұру секілді келеңсіз құбылыстардың бел алып бара жатқаны да шындық. Сондай кеселдердің бірі 14 ақпанда жыл сайын аталып, жастардың жаны мен жүрегін жалмап, рухани мүгедек халге душар ететін дүлей пәлекет қазақтың пәк босағасын былғауда. Алғашында бұл кейбір мектеп, униерситеттердің ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын бөлімдерінде ғана аталып өтетін. Шет тілінің кейбір мамандары жат елдерде Валентин күні, Жын-шайтандар күні (хэллоуин) мерекелері бар деп жастарға үйрете бастады. Ал жастықпен желкілдеген көп жастар бұл мерекелер бізге арналған екен деп қуана қарсы алды.
«Валентин күні» деп аталатын ғашықтар күнін тойлаудың және сыйлық берудің діни тұрғыдан зияны бар ма? деген сұраққа Көкпекті орталық мешітінің бас имамы Кенжебек Ахметқалиев жауап берді.
- Ақпан айы басталғанда қала дүкендері мен базарларға бара қалсаңыз, «Қасиетті Валентин күні» қарсаңында сатылып жатқан түрлі-түсті жүрекшелер мен ленталар, қызылды-жасылды «валентинкалар» көздің жауын алады. Ондағы «Ты мой, я — твоя!», секілді мәтіндердің өзі албырт жасты қасақана өрескел қылықтарға итермелейтіндей көрінеді. Қарап отырсаңыз, мұндай открыткаларды сатып алатындар мектеп жасындағы жасөспірімдер мен колледж және жоғары оқу орнының студенттері екен.


14 ақпанның «Әулие Валентин» күні аталуы жайлы аңыз-әңгімелер көп. Сол болжамдардың біріне сүйенсек, ерте заманда Рим Императоры ІІ Клавдий жас жігіттерге әскерге дейін отбасын құруға, қыздарға тұрмысқа шығуға тыйым салған. Бірақ, әскерлер бұл жарлыққа қарсы шығып, жасырын түрде діни қызметшіге барып некелерін қидырған. Кейіннен аты шыққан сол қызметші Валентин, биліктегілердің жарлығымен абақтыға қамалып, өлім жазасына кесіледі. 269 жылы 14 ақпанда Валентинді өлім жазасына кесу туралы бұйрық орындалып, бұл күн бүкіл әлемде ғашықтар күні, «Әулие Валентин» мейрамы болып аталған.
Бұл күн «Әйелдер күні», «Балалар күні» секілді әдетке қатысты болғанмен, алайда, «ғашықтар» деген кезде дінге қайшы (некесіз) болған қатынастар негізге алынуда. Ал бұл болса мүлдем жаиз емес, харам нәрсені тойлауға болмайды. Халықтың әдеті (салты) болған нәрсені жасау жаиз, алайда дінге қайшы болған әдетті құттықтау жаиз емес. Яғни, дінімізде некесіз қатынастарға тыйым салынған. Ғашықтар күнін тойлауымыз – шіркеу попының жастарды қосқандығын тойлауға және поптың өлімін еске алуға ұқсап кетеді.
Қасиетті Құранға үңілсек, Жүсіп пайғамбарды (ғ.с.)уәзірдің әйелі күнәлі іске шақырғанда, ол Алла тағалаға былай деп жалбарынғанын көреміз: «Уа, раббым, бұл әйелдің мені шақырып тұрған істерінен гөрі қараңғы зындан мен үшін әлдеқайда қайырлы («Жүсіп» сүресі, 33-аят). Міне, осыдан ар-намысты сақтау қалай болатынын көреміз.
Аталарымыздан аманат болып қалған дініміз Ислам екенін естен шығарып, жылтыраққа жабысқан жас баладай біреудің қаңсығын таңсық көріп ел жұртта болмаған «ерлік» көрсетіп жүрген жағдайымыз бар. Әрине, жамандыққа жеткізер жолдарды жарнамалауды Жаратушымыз жақтамасы жалпақ жұртқа жасырын емес. «Ғашықтар күні» деп сырт көзге сыпайы суреттелгенімен, сыпайы емес сұмпайы екенін бүгін біліп тиым салмасақ, ертеңгі күні опық жегізері сөзсіз.
Ал, жалпы алғанда Ислам діні махаббатқа қарсы дін емес. Аллаһ Тағала Қасиетті Құранның Мүминун cүресінде: «Алланың құдіретінің бел-гілерінің бірі сендерге өздеріңнен жұбайлар жаратты. Және сендердің араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім жасады...» дейді. Бірақ, махаббат деген тек қана екі жыныс арасындағы ынтықтық деп түсінетіндер қатты қателеседі... Алайда, мұсылман адамның Жаратушы иеге деген махаббаты бәрінен оқшау тұруы керек. Адамдар арасындағы, ата-анаға, перзенттерге, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік түрлері осы махаббаттан туындап жатары сөзсіз.
Өзімізді мұсылман санайтын болсақ, иман, әдеп, ұят атаулыға кесепаты тиетін Валентин күні бізге керексіз деп есептеп, көрген жерлерде арам шөптей тамырына балта шаба жүрген абзал.
Алла тағала баршамызға иманды, берекелі ғұмыр нәсіп етсін!
Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз