Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осы күнге дейін аудандық екі көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қызметі түрлі деңгейлердегі кеңес отырыстарында бірнеше рет қаралған болатын. Бірақ, аталмыш кәсіпорындар әрдайым сыни тұрғыдағы ескертпелерге ілініп келді. Олар үшін мерзімі жеткен мәселенің бірі – бұл тұтынатын су тарифтерінің көтерілуі. Бұл шара кеңінен таралған болмаса да, нәтижесінде ол қаржылық сауықтырудың басы болуға тиіс. Бұл жөнінде біз «Көкпекті» ШЖҚ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының шебері Руслан Закировпен және мекеме заңгері Расул Жұртбаевпен әңгімелескен едік.

-2009 жылға дейін кәсіпорында нақты бекітілген тариф болмаған еді. Судың бағасы аудандық мәслихатпен бекітілетін. Бұл, әрине, заңға қайшы екені белгілі. Сол себептен, біздің мекеме тарифтер бойынша Монополияға қарсы комитеттің жарлығын орындамағаны үшін үлкен сомадағы айыппұлдар төлеуге мәжбүр болды. 2009 жылы бұл жағдай түбегейлі өзгерді – алғаш рет тарифтер бойынша есептемелер Монополияға қарсы комитетпен келісіліп, заңды күшке енді.

Заңнамаға сәйкес, тарифтерді өзгерту үшін Монополияға қарсы комитетке жылына екі рет өтініш беруге болады. Бұл жанар-жағармай, электрқуаты бағасының өсуіне және басқа да шығындарға байланысты болуы мүмкін. 2009-2013 жылдары біз тұрақты бір тарифпен ғана жұмыс жасадық. Алайда, осы уақыт ішінде жанар-жағармай мен бензинге баға екі есеге көтерілгенін ескерген жөн. Электрқуатына да баға көтерілген еді. Осы жағдайлардың барлығы мекеменің қаржылық әлеуетіне теріс әсерін тигізуде.

Қазіргі уақытта тарифтерді көтеру бойынша Монополияға қарсы комитетке өтініш беріліп, құжаттар әзірлену үстінде. Ол 30 тәулік ішінде қарастырылатын болады. Өтініште дәлелдемелер мен суды көтеру және халыққа жеткізуге кеткен шығындардың барлық есептері көрсетілген. Бүгінде нақты шығындар 2009 жылдың тарифтерінен асып түседі. Басқа аудандармен салыстырғанда біздің аймақта ең төмен тарифтер сақталуда. Сол себептен, орташа есеппен тарифтер 50 пайызға өсетін болады.

-Тарифтердің көтерілуі кәсіпорынның қаржылық жағдайын толығымен ретке келтіре ме? Әлде сіздер басқа да шаралар қолдануды жоспарлап отырсыздар ма?

-Бүгінде нақты шығындар жиналатын қаражаттардан екі есеге көп. Жаңа тарифті есептей келе, біз суды көтеру мен халыққа жеткізудегі барлық шығындарды есепке алдық. Бұл, әрине, кәсіпорынның дамуына оң әсерін бермек. Бірақ, қаржылық жақтан толық кенелу үшін бізге халыққа көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтіп, қосымша кіріс көзін табу қажет. Осылайша, бүгінде біздің мамандар дәнекерлеу, жеке тұрғын үйлерді кәріз желісіне қосу сынды жұмыстарды сапалы әрі жылдам жасайды. Сонымен қатар, біз қоқысты тиеу және шығару, үйлерге «қысқы су құбырларын» орнату үшін экскаватор жұмысы бойынша және басқа да қызметтер көрсетеміз.

-Өткен жылы Тассай ауылында су құбыры іске қосылған болатын. Ол жерде тарифтер бекітілді ме? Және ол тарифтердің Көкпекті ауылындағы бағадан айырмашылығы бар ма?

-Тарифтер шығынға кеткен қаражатқа байланысты бекітіледі. Сол себептен, екі ауылдағы құн бірдей болуы мүмкін емес. Құжаттар әзірленіп, қазіргі уақытта Монополияға қарсы комитетте қаралу үстінде. Бұл нысанның құжаттары толық еместігіне байланысты судың құнын ертерек бекіту мүмкін болмады.

Құрметті көкпектіліктер. «Көкпекті» ШЖҚ мемлекеттік коммуналды кәсіпорын ұжымы сіздерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етеді. Жыл басынан бері су құбыры желілерінде 7 апатты жағдай орын алған болатын. Оның ішінде 2 жағдайда барлық су құбырларында су жіберу тоқтатылды. Бұған қоса, қыс мезгілінде күн сайын 5-7 су құбыры колонкаларында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Алайда, судың уақытылы келіп тұруы сіздерге байланысты, құрметті тұтынушылар. Егер сіздер тұтынатын суға толық әрі дер кезінде ақы төлеп тұрсаңыздар, үйлеріңізде әрдайым таза ауыз су болмақ.

Сұхбаттасқан Надежда ШАРОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз