Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Егемен елдің даму саясатында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қоршаған ортаға қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылатындығын ескерген Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы қазақстандықтарға арнаған дәстүрлі Жолдауларында балғындардың біліммен, тәрбиемен толық қамтамасыз етілуін басым бағыттарының бірі ретінде нақтылап, үнемі назарында ұстап келеді. Мүмкіндігі шектеулі болғанымен олар үрейінен үміті басым, өмірге талпынысы жоғары қоғам мүшесі. Сондықтан оларға дұрыс тәрбие беру, олардың жан-жақты дамуын қадағалап, білімді де парасатты тұлға етіп шығару әр мемлекеттің басты бағыты болып табылады.
Жаңа жылдық мереке, әсіресе балалар үшін үлкен қуаныш. 25 желтоқсанда Көкпекті ауданының арнаулы көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аудан әкімінің шыршасы болып өтті. Бұл шырша мерекесіне ауданның барлық округтерінен мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқандар, ата-аналар, сонымен қатар Қ.Раев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.


Қамкөңіл балаларды әлеуметтік көмек көрсету орталығы жылда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қамқорлықтан тыс қалдырмай, өздерінің тарапынан тарту-таралғылар тапсыруды дәстүрге айналдырған. Көкпекті ауылындағы зәулім, әрі кең ғимарат – аудандық мәдениет үйінде бас қосқан балалардың жүздері бал-бұл жанып, өмірлеріндегі шаттық шақты бірге қарсы алып тұрғандарына мерейлері тасып, ұмытылмас әсерге бөленді.
Әсем безендірілген, биік, түрлі ойыншықтары мен шамдары жарқыраған шырша жанында барлықтары қол ұстасып, дөңгелене билеп, әнге қосылды . Мүмкіндігі шектеулі балалардың осы қуанышын қызықтауға Көкпекті ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қ.Мұқышев және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Оразғалиева арнайы келіп, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөздерден соң шырша мерекесі одан сайын қыза түсті. Ертегі кейіпкерлерінің қызықты ойынынан кейін залға Аяз Ата мен Ақшақар енді. Балалар Жаңа жылдың бас қаһармандарын қуанышпен қол соғып қарсы алды. Аяз Ата келісімен шырша маңы асқақ әнге, көңілді биге, жалынды жырға оранды. Әсіресе, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызмет алушылардың орындауындағы африкандық биі көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аяз Ата мен Ақшақар балалармен қол ұстасып, шыршаны айнала жүріп дәстүрлі «В лесу родилась елочка» әнін шырқады. Жаңа жылдық шырша мерекесі орталықтың маманы А.Жанкабаева мен Қ.Раев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі К.Груздеваның орындауындағы «Қош келдің, Жаңа жыл!» әнімен ақталды.Балалар барлығы қосылып ескі жылға қош айтысып, шығарып салды. Сый-сияпат арқалап, қоржынын қампайтып келген Аяз Ата шыршатойға келген балалардың барлығына әлеуметтік орталық қызметкерлерінің дайындаған сыйлықтары мен тәттілерін таратты.
Тарту–таралғысын табыстаған Аяз Ата мен Ақшақар балалармен қоштасып, сапарға аттанып кетті.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қомқорлық жасау – қай қоғамның болсын басты парызы. Біздің ауданда осы бағыттағы игі істер әрдайым ұйымдастырылып, бұл шараларды өткізу дәстүрге айналған. Ал, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шырша мерекесін осы шаралардың бір парағы деп қабылдаған жөн. Өзіміздің ортамызда жүрген қамқөңіл балаларға бір сәт болсын қуаныш сыйлау – адамгершіліктен, ізгіліктен туындайтын асыл қасиет екенін жадымыздан шығармай, жақсы істер қатарын жылдан жылға көбейте берсек нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз