Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазіргі уақытта такси жүргізушілерінің саудасы қызып-ақ тұр. Әсіресе, аудан мен Семей, Өскемен қалалары аралығындағы жүргізушілер үшін табыстың еселеп артып, жұмыстың қайнаған шағы. Жаңажылдық мереке, студенттердің қысқы демалысы, ауа райына байланысты жол қатынасының қиындағаны бір болса, дәл осы қалаға жүретін таксилерге қол болып тұрғаны анық. Бұл – бүгін естіген тың жаңалығымыз емес. Жыл сайын қайталанып келе жатқан «бітпес жыр». Мереке күндері Семейден Көкпектіге келу үшін жолаушылар 5 мың теңге төлеуге дейін мәжбүр болған. Енді, жағдайды саралап көрсек.
Бүгінгі күні Көкпекті - Семей аралығына қатынайтын жеке таксилердің құны 2000 – 2500 теңге, орташа есеппен алғанда. Бұл бағаны оларға ешкім шегелеп тұрып, бекітіп берген жоқ, әрине. Десек те бұл такси жүргізушілері өзара анықтап, келісіп алған ортақ бағасы. Ал осы екіараға қатынайтын Зайсан-Семей автобусы мен Үлгілімалшы-Семей газель көліктерімен жүру бағасы әлдеқайда төмен. Автобекет қызметшісі Күміс Сапарованың мәліметі бойынша бүгінгі күнге автобус билетінің құны Семей-Көкпекті бағытында 1300 теңге. Жолаушылар «құлағына алтын сырға».
Қалаға қатынау бағасының аспандап кеткені соншалық – көлік жүргізіп, көпшіліктің қалтасын қағатындар қатары көбейіп кеткен. Әсіресе, қарбалас, мерекелік демалыс уақыттарында. Семейден ауданға қайтуға ниет білдірген студенттер үйіне асыққан сәтте такси бағасы екі еседен астам көбейіп шыға келеді. Ал оған «қой дейтін – қожа» әзірге табылмай тұр.


Жалпы елімізде такси қызметі мен оның жүргізушілері үшін қабылданған арнайы ереже баяғыдан бар. Кәсіби такси жүргізушісіне қойылатын талап өте жоғары. Ереже бойынша, такси жүргізушілері ең алдымен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі, яғни жолаушы тасымалымен айналысатыны туралы сәйкестік құжаты болуы қажет. Одан кейін көліктерін такси белгісімен жабдықтап, жүргізушілер арнайы киім үлгілерін киюге міндетті. Әрбір такси жүргізушісі қауіпсіздік шараларын орындап, көлігін арнайы тексеруден өткізіп тұруы керек. Өйткені, олар жолаушының қауіпсіздігі үшін жауапты. Алайда, осының көбін қалыс қалтырып жүрген біздің таксилер қылт ете қалса жол ақысын бірден көтере кететіні неліктен?
Мәселені екінші жағынан қарап көрсек. Жолау-шы тасымалымен айналысатын таксишілердің көпшілігі жұмыссыз жүргендер. Жанұясын асырау үшін темір тұлпар тізгіндеп, табыс табуды көздегендер. Әркімнің күн көріс қамы үшін еңбек еткені дұрыс, әрине. Оның үстіне бензин қымбат, жол нашар дейді кейбіреуі. Тіпті, астындағы көлігінің несиесін жабу үшін күндіз-түні тынымсыз такси болып жүргендер қаншама.
Дегенмен, олардың қарапайым халықтың қалтасына тым қатты салмақ сала беруге болмайтынын ескергені абзал. Ата-анасына асыққан студенттің қалада жұмыс істеп, жолға ақша табу үшін емес, білім алу үшін жүргені, әркімнің мерекелік жарқын сәттерді отбасымен өткізгісі келетіні баршамызға аян. Қар көп, жол жоқ деген сылтау да себеп емес. Оның қасында күндіз-түні тыным таппай, ауыл ішінде бар болғаны 200 теңгеге тұрғындарды таситын таксиіміз Руслан Битин азамат екен!

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз