Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биыл Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 69 жыл толып отыр. Жеңіс күні қарсаңында біз Ұлы Отан соғысының оқ бораған даласын да қаза тапқандардың рухына бас иіп, тағзым етеміз. Содан бері талай уақыт өтсе де, ел тағдырына қайғылы із қалдырған сол бір сұрапыл жылдар халық жадында мәңгілік сақталып қалады. Төрт жыл қардай жауған оқ астында батырлық танытып, ерлікпен күрескен ер ұлдарымыздың да есімдері тарихта алтын әріппен жазылып қалатындығы сөзсіз. Бейбіт өмір тарту еткен ардагер ата-апаларымызға қанша құрмет көрсетсек те артықтық етпейді. Біз есімдері тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған ағаларымыздың алдында қарыздармыз.

«Өткеніңді еске алсаң, өскеніңнің белгісі» дейді дана халқымыз. Жақсының жақсылығын айтып, ұлылар есімдерін ел есінде мәңгіге қалдыру мақсатында бұл мақалада Ұлы Отан Соғысының ардагері Зейнелқап Алмасұлы Искаков жайлы әңгімелекпіз. Ардагердің бүгінде көзі жоқ болса да, оның жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.

Зейнелқап ата 1914 жылы Қособа жерінде дүниеге келген. Оның жастық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келді. Елімізге неміс-фашист басқыншыларының опасыздықпен жасаған шабуылы Зейнелқап атаны да бейжай қалдырмаған. Жас жігіт елін, жерін қорғау мақсатында көптеген ұрыстарға қатысып, ерліктің өнегесін көрсетеді. Тіпті, Германия жеріндегі шайқастарға да белсене араласып, талай фашистің көзін құртқан жандардың бірі. Фашизмнен елі мен жерін қорғаған сарбаздың еңбегі елеусіз қалған емес. Оның кеудесіне ерен ерлігі үшін талай төсбелгілер тағылған болатын. Соғыстан оралған соң да ол бейбіт өмірде қол қусырып, қарап отырмай, еңбекке араласты. Өмірінің 25 жылында трактордың құлағында ойнаса, 15 жыл қой бағып, 10 жыл жылқы баққан. Бүгінде қызы Жұман Жолдасбаева әкесін көзіне жас ала отырып, сағынышпен жиі еске алады. - Ол адам барынша еңбекқор болатын. Бізді жасымыздан еңбекке баулып, қанағатшылдық, жауапкершілік, жұмысқа, атқарып жатқан істерге адалдық түсініктерін молынан танытты. Өзінің табиғатынан дарытылған осындай қасиеттерінің арқасында ол зор жетістіктерге ие болды. Өскелең ұрпақ үшін мұндай адамдардың өмір жолы өнеге ғой, - дейді ол. Міне, Отан үшін от кешіп, жаумен кескілескен шайқастарда нағыз батылдықтың жарқын үлгісін танытқан жаужүрек, патриот, елі үшін туылған ардақты Зейнелқап ата осындай қайтпас қайсар, рухы биік тұлға болатын.

Өмірде қан майдан кешіп, аянбай еңбек еткен, артынан өшпес із қалдырып, ұрпақтары мәуелі бәйтеректей жайқалып өскен Зейнелқап сынды ғазиз жанның туғанына биыл жүз жыл толуына байланысты ұрпақтары ас беріп, құран бағыштағалы отыр. Ниеттеріңіз қабыл болсын демекпіз.

Арайлым МИРАТҚЫЗЫ

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз