29 қазан күні М.Әуезов орта мектебінде Қамқоршы күні мерекесіне арналып «Мейірімді жүрек» атты мерекелік шара ұйымдастырылып өткізілді. Шараның мақсаты, баланы өз отбасына тәрбиелеуге алған отбасыларға қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құрметтеу және қамқорлыққа алған балалардың құқықтарын қорғау. Мерекеге қамқоршы аталар мен әжелер, ағалар мен жеңгелер, ұстаздар қатысты. «Бүгінгі күн біз бір-бірімізге шаттық күлкісін, үлкен қуаныш сыйлайтын – «Қамқоршылар күні». Барлық баланың жүрегіне жақсылық ұялатып, жылу сыйлайтын «Мейірімді жүрек» атты кешімізге қош келдіңіздер», - деп алғашқы құттықтау сөз алған мектеп директоры Д.Тұрлыбеков мерекеге қатысушыларды шын жүректен құттықтады.
– Балаларыңыз бен немерелеріңізге шын ықылас-пейілмен қамқор болып тәрбиелей-тіндеріңізге сенімді екенімізді білдіргіміз келеді. Әр күндеріңіз сәтті болсын, - деді. Біздің қамқоршы ата-аналарымыз балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке тәрбиелейтініне сеніміміз мол. Бұл кештегі әсем әндер мен билер бар жақсылығын баладан аямай, жылы қанатының астына алып отырған, болашақта елінің беделді азаматы мен азаматшасы етіп тәрбиелеуде өз үлесін қосып жүрген аналардың әрқайсысына арналды. Қамқоршылар алғыс хаттармен марапатталды.
А.Слямханова, әлеуметтік педагог,
Тассай ауылы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.