Көкпекті ауданындағы «Арнаулы әлеуметтік көмек орталығы» КММ мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғызілікті қарт адамдарға арнаулы көмек көрсету қызметін атқарады. Олардың қызметін алушылар қашанда риза.
Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның белді мүшелерінің бірі. Олар қашанда қатардан қалған емес. Орталық қызметкерлері қандай мереке болсын, олар үшін қызықты кездесулер ұйымдастырады. Олар мұндай кездесулерде өз өнерлерін ортаға салып, би билеп, ән айтады. Қолөнермен шұғылданып, моншақтан тоқыма тоқу өнерін меңгергендері де бар. «Әрине, мұның барлығын біз тәлімгерлерден үйренеміз», - дейді олар.
Жақында ғана аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың арасынан 20 балғын Мойылды ауылында (Мариногор ауылдық округі) орналасқан «Балауса-3» демалыс және сауықтыру лагерінде екі күн демалып қайтты. Олар түрлі ойындар ойнап, суға шомылды. Дойбыдан турнир өткізді. Таза ауа, мөлдір су балаларға сергектік сыйлап, жандарын жадыратты. Балаларды ата-аналарымен бірге орталық директорының орынбасары Асқар Дүйсенбекұлы бастап апарды. «Балалардың көзіндегі қуанышты көру қандай бақыт. Денсаулықтары болмаса да олардың басқа балалардан айырмасы жоқ. Олар да қуануға, көңіл көтеруге әбден құқылы. Сондықтан да біздің орталықтың қызмет көрсетушілері өздерінің қамқорлықтарындағы жандардың көңілін табуды басты мақсат етіп санайды», - дейді А.Сүлейменов.
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.