Ағымдағы жылдың 26 маусымында Көкпекті аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға аудандық «Қазпошта» АҚ, редакция ұжымы және «Аудандық өндірістік телекоммуникация торабы» АҚ қызметкерлері қатысты.
Бүгінгі нарықтық заманда өмірімізді байланыс және бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда
бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары. Байланыс және ақпарат саласы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатынан туындайтын міндеттерді тұрғындар арасында насихаттап, осы бағытта атқарылатын шаралардың ауданымызда жүзеге асуына ықпал ететін басты қызмет болса, телекоммуникация торабы еңбеккерлері ақпарат құралдарын таратуда оқырмандар арасында алтын көпір орнатып, аудандық пошта байланысы мен ғаламтор желісін, телефон қызметін ұсынып отыр.
Аталмыш сала қызметкерлеріне арналған салтанатты жиынға аудан әкімінің атынан Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Клара Смаилова қатысып, байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін төл мерекелерімен және аудандық басылымның 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, облыс және аудан әкімінің атынан осы саланың қызметкерлеріне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ, аудандық «Қазпошта» басшысы Н.Красникова мен аудандық өндірістік телекоммуникациялық торабы басшысы А.Үмітпаевтарға сөз беріліп, олар әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. – Бүгінгі жаңа технологиялардың дамыған дәуірінде біз қызмет ететін сала тұрғындар арасында беделі зор. Сонымен қатар облыс көлемінде Көкпекті ауданы өндірістік телебайланыс торабы қызметі бойынша алдыңғы қатардан көрініп, басқа аудандардан көші ілгері келе жатыр. Осындай жетістікке жетуіміз жұмыла қызмет істейтін ұйымшыл ұжымның жемісі деп есептеймін және алдағы уақытта әлі де биік белестерді бағындыратынымызға сенімдімін. Барлық әріптестерімді және аудандық пошта торабы мен сексеннің сеңгіріне шыққан «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! – деді Айтқали Үмітбаев.
Салтанатты жиын соңында қызметкерлер естелік суретке түсіп, бір-бірін төл мерекелерімен құттықтап жатты.
Жанерке АБЫЛХАН
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.