7-10 желтоқсан аралығында ауданымызда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді.
Көкпекті аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ұсынған мәлімдеме бойынша індеттің 5 жаңа жағдайы тіркелген. 3 науқаста коронавирустық инфекция белгілері болса, 2 науқаста симптомсыз түрі анықталған.
Бұл жаңа жағдайлар Самар, Көкпекті, Теректі, Көкжайық, Биғаш ауылдық округтерінде тіркеліп отыр.
Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, олардың барлығынан коронавирусқа ПТР-талдаулар алынды.
Аудан тұрғындарына коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық сақтық шараларды қатаң сақтауларын сұраймыз!
Халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Көкпекті ауданында ұлттық өнер ұлықталды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған «Жыр алыбы - Қалихан» атты онлайн айтыс әлеуметтік желідегі бірнеше парақшада тікелей эфирде таратылды. «Tolagai_news» ақпараттық порталы арқылы сөз барымтасын тікелей эфирде тамашалаған көрермен саны - жүзден астам. Бұл жолғы айтыс жыр додасына қазылық еткен әділқазылардың өзі онлайн тамашалап, елдің алдында бірден бағасын беріп отыруымен де ерекшеленді.

Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.