«Автобус» Республикалық жедел алдын-алу іс-шарасын өткізу аясында 10 қазан күні Көкпекті ПБ бастығы, полиция полковнигі Р.К.Камзиннің басшылығымен тақырыптық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына «Nur Otan» партиясының өкілі Аида Тоғусова, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Гаухар Каребаева, Ж.Шайжүнісов атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саягүл Тлебал-дина, Көкпекті орта мектебінің директоры Нұргүл Сарманова қатысты.
- Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында қоғамдық көліктің қатысуымен болған апаттылықтың жай-күйін талдау жол қозғалысын қадағалаудың әлсіреуін куәландырады. Респу-блика бойынша ағымдағы жылдың басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 316 ЖКО тіркелген, онда 51 адам қаза тауып, 553 адам жарақат алған. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі 10-17 қазан аралығында Көлік комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу туралы шешім қабылдады. Аталған іс-шараның мақсаты автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және өз қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты желіде (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастарда) бақылауды жетілдіру болыптабылады, - деді Көкпекті ЖПБ басшысы кіріспе сөзінде.
Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектептебінде Көкпекті аудандық білім бөлімі және ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру шеңберінде «Отбасылық тәрбие және ата-ананың құзіреттілік деңгейін арттыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Аталмыш семинардың мақсаты, мұғалімнің педагогика-психологиялық құзыреттілігін арттыру мақсаттарында тәрбие жұмысының формалары мен әдістемелерін және олардың балаларды мектепте тәрбиелеуде жауапкершілігін зерделеу болды. Семинарға облыс мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагогтер, әдіскерлер қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталық директорының орынбасары Исаев Аркадий Анатольевич семинарға модераторлық етті.
Халықаралық қарттар күні - бұл бүкіл адамзат үшін өте маңызды мереке. Бұл құрмет пен сыйласым мерекесі, ол аға ұрпақты Отан игілігі жолындағы еңбегі үшін, өскелең ұрпақты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтуға мүмкіндік береді.
"Біздің үйіміз" - "Самар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орта-лығының" қамқорлығындағы қарияларымыз орталықты осылай атайды. Шынында да осы мекеменің табалдырығын аттай отырып, қаңыраған қабырғаларды емес, мекеме қызметкерлерінің қолымен жасалған жылы үй жайлылығын сезінесің.
Аталмыш мекемеден 150-ге жуық адам өзіне баспана тапты. Олар бүгінде бақытты өмір сүріп жатыр. Қажетті әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық және оңалту көмегін үнемі алып отырады. Бауыржан Қалымжанұлы Дюсюпов басшылық ететін әлеуметтік мекеме ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді бағытқа ала отырып, бұл жолы да естен кетпес мерекелік кеш сыйлады. Сонымен қатар, қарияларымыздың ауру-сырқаудан аман әрі ұзақ өмір сүруі үшін қызмет ететін орталық әр тұрғынға жаңа тыныс, жаңа дем сыйлап, өмірдің жаңа бетін ашатын орын.
Қарттар күні - бұл мекемеде жыл сайын тойланатын ең басты мейрамдардың бірі. Міне, 15 қазан күні № 2 корпустың акт залында көптеген қонақтар жиналды. Қымбатты әжелер мен аталарды үй қызметкерлері құттықтап, өздері де бір-біріне жылы лебіз айтып бір марқайып қалды. Өткен жылдар туралы жарқын естеліктер төңірегінде сыр шертіп, осынау тебіреністі сәттің ізгілігімен бөлісіп, ән-жырын, келер күнге деген ақ үміттен туған асыл сөздерін айтып жатты.
Мерекеге аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов, оның орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов, округ әкімі Ахмет Күдербаев, БАҚ өкілдері және басқа да ресми тұлғалар келді.
Іс-шараны ұйымдастырушыларға мерекелік жылы және жайлы атмосфера жасалды, себебі бұл мереке - аға буынға ерекше ықылас, мейірім мен махаббат сыйлаудың, сондай-ақ олармен тағылымды тақырыптарда ой бөлісуге таптырмас мүмкіндік беретін күн.
Мерекелік бағдарлама Орталық қызметкерлері мен қызмет алушылардың орындауындағы әсем вальспен ашылды.
Аудан әкімі мейірім мерекесінің кейіпкерлеріне арнап жылы лебізін білдірді:
14 қазан күні аудан әкімі Асхат Смаиловтың төрағалық етуімен аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында кеңейтілген аппараттық кеңес өткізілді. Кеңеске ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, мекеме мен ұйым жетекшілері, салалық қызмет өкілдері және БАҚ қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде аудандық маңыздағы 8 өзекті мәселе қаралды.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүлдем жұмыс жүргізілмеген Самар, Миролюбовка, Маринагорка, Сарыбел, Палатцы ауылдық округтері әкімдерінің жұмысы сынға алынды. Бұл тұрғыда аудан әкімі бағдарламаны жүзеге асырудың маңыздылығына баса назар аударды.
– Біздің міндетіміз тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту. Әркімнің күнкөріс көзі болуы керек. Мемлекеттік бағдарлама жоспарын орындауға міндеттіміз. Нәтижеге мақсатталған жұмыс жүргізуді талап етемін, - деді Асхат Сайдахметұлы.
Ветеринария саласының қызметін саралаған жұмыс тобының ақпараты тыңдалды. Ветеринария саласындағы басты мәселе – бруцеллез ауруының белең алуы. Аталмыш қызметінің жұмысы сын көтермейді. Негізгі мәселе ауруға оң нәтиже анықталған мал уақытында жойылмаудан туындап отыр дейді мамандар. Асхат Сайдахметұлы мал басын таза ұстаудың басты шарты кезекті дұрыс ұйымдастыру екендігін қадап айтты. Қараусыз жүрген қаңғыбас мал ауру таратады және мал ұрлығына жол ашады.
Ағымдағы жылдың, 16 қазан күні Көкпекті ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Еуразиялық интеграция институтымен бірлесіп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асырудың негізгі бағыттарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына жұртшылық, мемлекеттік органдары және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Жолдауында қойылған басым міндеттерді талқылау болды. Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Ришат Сағибекұлы Рамазанов іс-шараға модераторлық етті. Сондай-ақ, дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Евразиялық интеграция иниститутының директоры Ерлан Биахметұлы Саировтың қатысуымен өтті. Ол ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтары туралы егжей-тегжейлі айта келіп, республиканың жекелеген шекаралас аудандарын дамытудың, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің, жастарға сапалы білім берудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, саясаттанушы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі нақты қандай жұмыс атқарып жатқанына тоқталды.
- Ел Президенті Қ.Тоқаев педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды еліміздің басты басымдықтарының бірі деп белгіледі. Әлем өзгереді, дүниенің технологиялық құрылымы күрделенеді. Осы кезеңнің басты тұлғасы - мұғалім. Мұғалім өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырады. Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістер биіктігінде болуы керек, – деді Ерлан Биахметұлы.
Сондай-ақ, саясаттанушы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қандай жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.