Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

11 Наурыз 2019

ҚАБЫЛДАУДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Наурыз айының 4-5 күндері күндері аудан әкімі Асхат Смаилов азаматтарды жеке мәселелері бойынша Көкпекті және Самар ауылдарында қабылдады. Аудан әкімінің қабылдауында ауыл тұрғындарынан әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй, арнайы әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту және жер туралы мәселелер көтерілді. Жеке қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразғалиева, Қ.Аухадиев атындағы округтің әкімі М.Малғаждарова, дербес бөлім басшылары қатысты.
Алғашқы болып қабылдауға Преображенка ауылының тұрғыны Ирина Губер кірді. Ирина бүгінгі күнде тұрақты мекенжайға тіркелмегендіктен, тұрғын үй кезегіне тұру мәселесі туындап тұр. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі М.Малғаждароваға тұрақты мекенжайға қоюды тапсырды. Сондай-ақ аудан басшысы өтініш берушіге аз қамтылған және көпбалалы отбасы ретінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан бір реттік материалдық көмек берілетінін айтты. Сол сияқты аудан әкімінің қабылдауына жазылған келесі азаматша Ырыскүл Әміренова да Преображенка ауылының тұрғыны екен. Ырыскүл анасымен бірге тұратынын, жалғызбасты ана екенін айтты. Ол тұрып жатқан үйіндегі құдығы істен шыққандықтан, ауыз суды тасу қиынға соғады. Қазіргі тұрып жатқан үйі де апаттық жағдайда. Ырыскүлдің өкпе-назын тыңдай келе, Асхат Сайдахметұлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, хал актілерін тіркеу бөлімі тарапынан жалғыз басты ана ретінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Сол сияқты аудан әкімі жұмысқа орналастыру, үйіне құдық қазып беру, аз қамтылған отбасы ретінде мектеп жасындағы баласын тегін ыстық тамақпен қамту және тұрғын үйдің кезегіне қою сияқты мәселелерді жауапты тұлғаларға жүктеді.

Read more

БАРЛЫҚ СЫЙ-ҚҰРМЕТ СІЗДЕРГЕ - АРДАҚТЫ АНАЛАР МЕН АЯУЛЫ АРУЛАР !

Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудандағы ардақты ана -апаларды, көп балалы аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қауымын құттықтады. Мерекелік ақ дастарқан    жайылып,  ауданның дамуына өлшеусіз үлестерін косып келе жатқан аналарға құрмет көрсетілді. Басқосуда бірқатар көпбалалы аналар және еңбек майданында аянбай еңбек етіп жүрген әйелдер қауымы марапатталды. 

Ақ жаулықты аналарымыз, намысты аруларымыз қоғамның сан түрлі саласында елге адал қызмет етіп жүр. Жанұясының ғана емес, бүкіл Көкпекті ауданының өркендеуіне үлес қосып келеді. Атап айтсақ, білім, мәдениет, медицина, жергілікті басқару, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, спорт және өзге де салаларда озат еңбегімен көзге түсіп жүрген нәзік жандар жеткілікті.

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз