Құрметті аудан тұрғындары!
Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз мейрамы құтты болсын! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін.
Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақжарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды. Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан мұрат, Мәңгілік Елден асқан мақсат жоқ! Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған осы жолда ата-бабаларымыздың арманын жалғап, әлемдегі ең ірі дамыған елдер қатарына кіру жолында бар күш-жігерімізді аямайық! Бүгінде біз Елбасының ұстанып отырған оң бағыттағы реформаларының арқасында көптеген табыстарға қол жеткіздік. Мемлекетіміз өркендеп өсіп, еліміздің әл-ауқаты күн санап артып келе жатыр. Отанымыздағы береке-бірліктің, бейбітшіліктің арқасында тәуелсіз еліміздің экономикасы қарқынды даму үстінде. Өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, құрылыс, жер, жол және көлік қатынасы, энергетика мен экология, әлеуметтік саясат сияқты аса маңызды салаларды кешенді түрде қолға алдық деп нық сеніммен айта аламыз.
Ардақты ағайын!
Өздеріңіз жақсы білетіндей биыл 20 наурыз - Қазақстан Республикасында Парламенттің кезектен тыс және барлық деңгейдегі мәслихаттың сайлау күні. Бұл әрбір азаматқа үлкен жауапкершілік жүктейтін аса ауқымды саяси науқан.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді ақ босағадан аттаған Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, баршаңызға денсаулық, ырыс пен ынтымақ және отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Көктемнің шуақты күн нұры әр отбасына бейбітшілік, молшылық, бақыт, қуаныш әкелсін.
Р.Сағандықов, Көкпекті ауданының әкімі
Р.Беспаев, аудандық мәслихаттың хатшысы
Дорогие земляки!
Испокон веков, отражая духовное величие народа, этот яркий праздник олицетворяет собой непрерывную связь времён и поколений, символизирует весеннее равноденствие, обновление и пробуждение всего живого. Наурыз мейрамы возродился вместе с нашей Независимостью, став поистине общенародным праздником.
Глава государства Н.А. Назарбаев подчеркивает великое предназначение Наурыз мейрамы в сохранении единства и согласия в нашей стране. «Мир и стабильность - это общенародное достояние, которое нужно каждодневным трудом защищать и укреплять», - подчеркнул Президент страны в своем ежегодном Послании «Нұрлы жол - Путь в будущее».
Именно благодаря сплоченности и толерантности, наш Казахстан стал крепким и процветающим государством, уверенно претворяющим в жизнь самые высокие цели и свершения.
Вместе со всей страной развивается и наш Кокпектинский район. В регионе успешно реализуются государственные отраслевые программы, строятся промышленные и социальные объекты, создаются новые рабочие места.
Позитивные перемены, происходящие в облике городов и сел - это результат нашей с вами сплоченной и созидательной работы.
Празднуя в эти дни Наурыз мейрамы во всех уголках нашей Родины, казахстанцы объединены единым патриотическим порывом, мыслями и чувствами, разделяя общую радость этого замечательного праздника, который стал одним из самых любимых в Казахстане. Вместе с теплом и надеждами, которые несёт с собой весна, Наурыз способствует духовному очищению, пробуждая в человеке самые прекрасные и светлые чувства. Этот праздник заражает нас своим обаянием, и мы чувствуем, что становимся ближе друг к другу.
От всей души поздравляем вас с великим праздником Наурыз мейрамы! Желаем вам и вашим близким крепкого здоровья, счастья, добра и благополучия! Пусть же с теплыми и чистыми лучами весеннего солнца в каждый уголок нашей необъятной Родины придет мир, гармония, и в каждой семье Наурыз укрепит узы согласия, глубокого взаимного уважения и понимания! Пусть Наурыз принесет в каждый дом мир, спокойствие и процветание!
Р.Сагандыков, аким района
Р.Беспаев, секретарь раймаслихата
Начало 30 - х годов прошлого столетия — одна из самых страшных страниц в истории нашей республики. Голод, репрессии, депортация… Сталин и его соратники избрали Казахстан местом ссылки не только для отдельных людей, но для целых народов. В казахстанские степи, где непросто выжить даже местным жителям, высылали поляков, евреев, немцев, корейцев, чеченцев, балкарцев, крымских татар, калмыков.
Воспоминаниями о своих предках – дедушках и бабушках с обеих сторон, переживших трагедию переселения, поделилась самарчанка Валентина Федоровна Кутателадзе, которая хранит о них добрую память, как о мужественных и смелых людях, вынесших на своих плечах все тяготы и лишения того времени.
- 1 марта – День благодарности, я считаю это праздником нашей семьи, потому что дедушка и бабушка со стороны моей мамы и папы были депортированы в Казахстан. Моя бабушка Надежда Алексеевна Чередниченко проживала с дочерью (моей мамой Килиной Ивановной Шикиной 1937 года рождения) мужем в г.Старый Крым. В 1939 году внезапно умирает ее муж, и бабушка вновь выходит замуж за немца по фамилии Гутц, имени, к сожалению, не помню. В то время с родителями мало разговаривали, не интересовались прошлым, время «золотое» ушло,- с горечью говорит Валентина Федоровна. - В 1941 году у них родился мальчик, а в 1942 году семью бабушки депортировали. Когда плыли на пароходе по Каспийскому морю, мальчик умер от дизентерии. Конечной точкой депортированных немцев стало село Аксуат Аксуатского района
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.