Тарих - біздің халқымыздың сақ пен түркінің, Қазақ хандығының дәуірінде, Ұлы Отан соғысы кезінде көрініс тапқан ұлы күресінің куәсі. Бұл біздің өткеніміз және тағдырымыз. Бабаларымыз ұмтылған аңсарлы мақсат - Тәуелсіздікке біздің ұрпақ қол жеткізді. Сондықтан да бұл күн тұтас ұрпақтардың орындалған арманын білдіретін қуанышты әрі маңызды мереке болып саналады. Өйткені, тәуелсіздік пен теңдік, егемендік пен мемлекеттілік - кез келген халық үшін аса құнды ұғымдар!
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Кең байтақ Ұлы Дала елі 16 жел-тоқсанда ең басты ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнін атап өтті. Азаттықтың ақ таңының атқанына тура 24 жыл. Егемендіктің арқасында қазақ елінің үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін күллі әлем мойындады. Ел егемендігін бағалай білу - баршамыздың міндетіміз, - дейді мерекелік шараға жиылған көкпектіліктер.
Сан ғасыр арман болған азат күнге қазақ халқы осыдан 24 жыл бұрын қол жеткізді. Еліміз осы аралықта қарыстап емес, қарыштап дамып келеді. Сондықтан, көкпектіліктер мәдениет үйінде егемендік алғаннан бергі ел тарихын жан-жақты, түрлі көріністермен бейнелеуге тырысты. Жалпы, Көкпекті топырағы - сан ұлттың басын бір шаңырақ астына біріктірген қасиетті өңір. Мұнда қазір жиырмадан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Қасиетті де қастерлі мерекені Көкпекті ауданы зор өрлеу үстінде, ырыс-ынтымағымен, береке-бірлігімен қарсы алып, жоғарғы деңгейде атап өтті.
Тәуелсіздік күніне арналған басты шара – «Тәуелсіздік құрдастары» атты жас-тар форумы ауданда өткізілген мерекелік істердің темірқазығына айналды. Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өңіріміздің белсенді, отансүйгіш, іскер әрі білімді жастары бас қосты. Олардың әрбірі қажырлы еңбегімен, игілікті істерімен, жарқын жетістіктерімен ел болашағы өз қолдарында екенін көрсетуде.
Форумға жиналған жас буынды аудан әкімінің орынбасары Клара Смаилова құттықтап, Ұлы даладағы Мәңгілік елдің лайықты ұл-қыздары болуға шақырды. - 24 жыл ішінде Қазақстан экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқатын қамта-масыз етуде аса зор жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақтылық және қоғамдағы өзара түсіністік, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған сыртқы саясат - республиканың ғаламдық деңгейде беделін өсірді. Бүгінгі Қазақстан - бұл кемелденген, қуатты мемлекет! Қымбатты жерлестер! Отбасыларыңызға амандық, мол бақыт, баянды да ұзақ ғұмыр тілеймін. Егемен еліміздің көк байрағы мәңгілік биікте желбіреп, тәуелсіз мемлекетіміздің абыройы мен атақ-даңқы өрлей берсін! - деді Клара Рафикқызы, ақжолтай тілегін жеткізе отырып.
Өз сөзінде сонымен бірге, аудан әкімінің орынбасары, елімізде, қала берді өңірімізде жастар саясатына көп көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Қазіргі кезде мемлекеттік «Жасыл ел», «Жас-тар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» бағдарламалы сәтті жүзеге асырылуда. Өңірімізде жастар үшін, жастардың жұмыстарын жетілдіру үшін барлық жағдай жасалуда.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.