Ағымдағы жылдың 16 мамырында Көкпекті ауылына «Қазақстан барыстары» ат басын тіреді. Оларды спорт мектебінің директоры Ержан Кәрібаев және оқу ісінің меңгерушісі Қарлығаш Жабекова, жаттықтырушылар мен жасөспірімдер қошеметпен қарсы алды. Қазақтың нар тұлғалы палуандары Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылында өтетін Ырғызбай Досқанаұлы атындағы қазақ күресінің халықаралық турниріне бара жатыр. Аталған бәсеке биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Еліміздің көк байрағын боз кілемде желбіреткен палуандар «Қазақстан барысы - 2012» Бейбіт Ыстыбаев, «Қазақстан барысы - 2014»-Руслан Әбдіразақов және «Еуразия барысы» халықаралық турниріне қатысқан палуан Мақсат Мәзібаевты Көкпекті спорт мектебінің оқушылары да қуанышпен қарсы алды. .
Оқушылар алдыңғы буын ағаларымен пікір бөлісіп, олардың ақыл – кеңестерін тыңдады. Жастар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды, жолдарына сәттілік тіледі.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Елімізде орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары және оның зардаптары бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы тұста, жасөспірімдер арасында орын алатын жол көлік оқиғаларын алдын алуда әр мектептерде құрылған жол қозғалысының жас инспекторлары жасақтарының рөлі зор.
Осыған орай 12 мамыр күні аудандық «Жас жол қозғалысы инспекторының» сайысы өтті. Аталған байқаудың басты мақсаты – жол қозғалысы ережелері бойынша балалардың сауатын арттыру, оқушыларға жолда қауіпсіздікті сақтау ережелерін насихаттау, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру болып табылады.
Сайысқа Ж.Шайжүнісов, М.Әуезов, І.Жансүгіров, А.Пушкин, Көкпекті Преображенка, Көкжота орта мектептерінің оқушылары қатысып, 7 кезеңнен тұратын бұл байқауда оқушылар өз деңгейлерінде білімдерін көрсетіп, бақ сынасты.
Әр кезеңнен сүрінбей өткен Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің оқушылары бірінші орынға, нағыз инспекторға сай сынасқан Көкпекті орта мектебі екінші орынға ие болды. Ал Преображенка мен М.Әуезов атындағы орта мектептері үшінші орынды қанағат тұтты.
Гүлзат Калиякперова, мектеп тәлімгері
Шығыстың батыр, аты аңызға айналған ұлдары, барлаушы Қасым Қайсеновті білмейтін жан жоқ шығар. Оны тек қазақ жерінде ғана емес, Украйнада да құрмет тұтады. Қасым Қайсеновтың жазған шығармалары көпшілік сүйіп оқитын бірегей туындылар қатарында.
Халық қаһарманының шығармалары бойынша әдебиеттік оқу Самар орталық кітапханасында өтті. Жазушының «Отан үшін», Жау тылында», «Партизан анасы», «Карпатта», «Днепрдегі кездесу», «Зоя радистка», «Ажал аузынан», «Отряд ізімен» атты шығармаларынан үзінділерді Н.Нұржанқызы, Ажар Мұхамадиева, Дамир Кеңесов, Дильназ Алиназинова, Архат Нұрмұхамбет, Райхан Шәкерова, Бекзат Садықов, Тимур Шкибаев жатқа айтты. Бұл оқушыларды Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Хасенова дайындаған.
Кітапханашы Г.Бакиева балаларға алғыс айта отырып, барлығын марапаттап, сыйлықтар ұсынды. Аты аңызға айналған жазушы, партизан Қасым Қайсеновтің шығармасымен таныса отырып, оқушылар өздерінің Ұлы Отан соғысы туралы түсініктерін кеңейте түсті, патриоттық сезімдерін ұштап, кітап оқуға деген құмарлықтары артты.
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Көкпекті ауданының әкімі Р.Н.Сағындықовтың аудан әкімі лауазымына тағайындалуының алғашқы аптасында-ақ азаматтарды қабылдауды бастады, ол кесте бойынша Самар ауылында өтті.
Сондықтан да аудан әкімінің қабылдауына кіргендер ең алдымен Рамиль Нығметжанұлын әкім болып тағайындалуымен құттықтап, лауазымды жұмысына табыс тіледі. Қабылдауға келген байырғы ұстаз Әскерхан Қизатов аудан әкіміне Уба санаториіне баруға жолдама алу бойынша мәселесін шешуді өтінді. Бұл мәселе бойынша сауалды аудан әкімі осы қабылдауға қатысып отырған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Оразғалиева жолдады. «Жалпы ауданға «Уба» санаториіне 40 жолдама ғана бөлінеді. Ол жолдаманы аудандағы 18 ауылдық округкетегі зейнеткерлерге бөлуіміз керек. Өтініш берушілер кезекке тұрығызылып, бір жылда барғандарды келесі жылы жібере алмаймыз», - деп жауап берді Бақыт Есімханқызы.
Соғыс қаншама отбасын ойрандап, әйелді жесір, баланы жетім атандырды. «Қырық жыл қырғында ажалды өледі»,-деген мәтел бар, осы мәтелді делелдегендей, Көкжота ауылының азаматы Зейнолда Азанбайұлы өмірден қаншама сынақ көрсе де, өмірден өзіне бөлінген еншіні түгелдей алған азамат.
Төрт жасында әкеден айырылып, басқа адамға басын байлаған анасы оны немере ағайындардың қолына табыс етті. Ағайындары Зайсан қаласындағы балалар үйіне өткізеді. Көкодай мектеп-интернатында оқиды. Осы жерде 1942 жылы 8-ші сыныпты аяқтайды. Оқуды өте жақсы аяқтаған оның әрі қарай оқуға жағдайы болмайды. Сталиннің «60-тағы қарт емес, 16 жастағы бала емес» деген заңының күшімен соғысқа алынады.
Әскер қатарына шақырылған жас жігітті өзі сауатты болған соң Орал қаласындағы кіші командирлер дайындайтын курста екі ай оқиды. «Содан осы жерде тағы да бір ай жаттығып, Москвадан бастап қуған немістерді Белорус, Украйн жеріне дейін қудым»,-деп есіне алады екен ол кісі.
В преддверии празднования 70-летия Победы и Дня защитника Отечества, в Самарском аграрно-техническом колледже был объявлен региональный конкурс профессионального мастерства «Время движется мастерами!» среди студентов колледжа по профессии «Тракторист-машинист сельскохозяйственного производства».
По этому случаю, 13 мая на базе аграрно-технического колледжа состоялась торжественная линейка, на которой 8 участников конкурса показали свое мастерство. В составе конкурсантов были 4 студента из Улкенбокенского филиала колледжа и 4 студента из Самарского колледжа. Перед началом состязаний выступила директор районного филиала Национальной палаты предпринимателей А.Мукашева, которая является учредителем конкурса совместно с вышеназванным колледжем. Алия Орумбековна очень тесно сотрудничает с данным учреждением, принимает активное участие в проведении различных мероприятий.
13 мая в зале районного акимата состоялся семинар по вопросам принятия нормативно-правовых актов маслихатов, а также нормативных правовых постановлений акиматов и акимов, на котором присутствовали Т.С.Сметова, руководитель отдела регистрации нормативно-правовых актов Департамента Юстиции ВКО, секретари раймаслихата, руководители аппарата раймаслихата Кокпектинского, Зайсанского, Жарминского, Тарбагатайского районов, акимы сельских округов, руководители самостоятельных отделов райакимата, юридических отделов, специалисты –юристы аппаратов акима района.
Руководитель аппарата Кокпектинского района Р.Кемербаева, выступая перед присутствующими по данному вопросу, отметила, что данный семинар очень значимый и поучительный. Применение нормативно-правовых актов на практике актуальная тема. Семинар организован по инициативе департамента юстиции, в данном вопросе не должны «вариться» каждый в своем соку, а вместе находить точки соприкосновения. В повседневной практике принимаются меры по улучшению нормотворческой деятельности.
9 мая в селе Преображенка празднование Дня Победы прошло как некогда на высоком уровне. Ветераны войны и труда являлись самыми почетными гостями праздника и им были возданы подобающие почести. Все празднование было пропитано духом патриотизма.
Незадолго до торжественной части, в Центр Памяти при совете ветеранов округа, побывала семья Героя Советского Союза К.Аухадиева. Все были потрясены тем, что в Центре собрана такая огромная коллекция исторических документов, фотоматериалов и буклетов о героях и ветеранах округа. Особое впечатление на гостей оказало то, что Герою Советского Союза, К.Аухадиеву, в честь которого назван округ, было отведено особое почетное место. Большой стенд наглядно рассказывает о жизни и подвигах Героя, о его семье и близких. Супруги Койгельдины – Ержан Турсынханович и Шолпан Советовна, преподнесли Центру особый подарок – портрет ручной работы с изображением прадедушки, Койгелды Аухадиева, который семья берегла как самую дорогую историческую ценность своей династии. Потомки славного Героя выразили слова благодарности руководителю Центра Т.Шнайдер за патриотизм, почет и память о их знаменитом предке.
Қалба тауының оңтүстік шығысында Жарма мен Көкпекті, Ұлан аудандары шектеседі. Дәл үш ауданның ортасында Шымылдық көлі жатыр. Жері жонды сауыр болғасын жазы салқын, шыбынсыз – жылқының таптырмас өрісі, атам қазақтың ен жайлау, атамекені. Дәл осы атыраптан иісі қазаққа әйгілі Дүйсенбі Қалматаев, Әди Шәріпов, Мұрат Қалматаев шыққан. Солармен қатарлас Бабатай Ағәділұлы Жаңабаевты да айтуға болады. Ол кісінің бабалары Жаңабай да, Ағәділ да теңдессіз күш иесі балуан болған батырлар екен.
Осы әулетте 1921 жылы туған Бабатай атамыз да ерен күш пен жүректі, ерліктің иесі болып өскен. Толағайдың киесі, Қалбатаудың иесі ұрпаққа дарығаннан, осы аймақтан шыққан жігіттер зіңгіттей ірі денелі, әлеуетті келетіні сондықтан болар. 1940 жылы дәл 19 жасында Қызыл әскер қатарына шақырылып, Байкалдың аржағындағы 50-ші атты әскерлер шекара жасағында қызмет етеді. Қызмет барысындағы үлгілі тәртібі мен саяси сауаттылығы үшін, тұңғыш марапаты «Үздік сақшы» белгісін алады.
Шұғылбай ауылының тумасы Әділхан Құдабаев әскер қатарына соғыс басталған 1941 жылы шақырылып еді. Жаяу әскер қатарында Орел, Брянск қалаларын азат етуге қатысты. «Әкем 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралды. Біз ол кезде кішкентай баламыз. Әкемді бір медбике әкеліп тастады. Сөйтсек, ол кісі қатты контузия алып, екі көзден айырылыпты», - деп еске алады, өзі де тыл ардагері, қызы Ғалия.
Кеудесі орден, медальға толы, айналасын тек дыбысынан ғана ажырататын, бірінші топтағы соғыс мүгедегі Әділхан атаны ауыл тұрғындары қатты сыйлайтын. Оқушылармен кездесуге шақырғанда ол кісі сол сұрапыл жылдар туралы айта отырып, балаларға Отанды сүйіңдер, жарық дүниені қадірлеңдер деп отырушы еді. «Әкеме Үлгілімалшы ауылында 1980 жылы үй салып берді. Шаруашылық шөп, отынды тегін түсіретін», - дейді Ғалия әже. Жасы сексеннен асқан Ғалия әже сол кезде көрген қиыншылықтарын еске ала отырып, бүгінгі күніне тәубе дейді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.