Тассай ауылында барлық сала мамандары және еріктілердің қатысуымен «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда. М.Әуезов атындағы орта мектебінің жас ұстаздары Нұргүл Изгуттинова, Салтанат Далбина, Эльмира Изгуттинова, Бахыт Мазыбаева, Лаура Абикенова ауыл тұрғындарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 250 дана бетперде тігіп, ауылдағы қарт адамдарға, көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға тегін таратты. Ауылымыздың белсенді жастары да 70 дана бетпердені әр түрлі санаттағы тұрғындарға тегін таратып алғыстарын алды.
Көңілі даладай дархан қазақ елі қашаннан дос, туысқа есігі ашық, қиналғанға қамқор бола білген халық. «Қолы ашықтың жолы ашық» деген даналар келер ұрпағына жомарттықты жолдас, мәрттікті жанына серік ете білуге үндеген. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік таныту арқылы өздері де жақсылыққа кенеледі. Мұндай іс-әрекеттің мысалы ретінде елордадан келген ірі бизнесмен Айдын Рахымбаевтың өз жерлестеріне гуманитарлық көмек көрсетуі болып табылады.
Құлынжон ауылдық округінің әкімі Самархан Демесіновтың айтуынша, Айдын Жұмаділұлы ауыл тұрғындарына қажетті азық-түлік сатып алу үшін ақшалай көмек берді. Облыс орталығында 5 тонна жоғары сұрыпты ұн, 1000 литр күнбағыс майы, 5 тонна макарон өнімдері сатып алынды.
Барлық өнімдер Құлынжон ауылының 200 ауласына бөлінді. Әр отбасы үшін 1 қап жоғарғы сортты ұн, 5 литр күнбағыс майы, 5 кг макарон өнімдері бөлінді. Қалған бөлігін әкімдік Көкжыра ауылының 25 отбасына тараттып.
Кең пейілді, жомарт жүректі асыл азаматтарға қазақ кенде емес. Айдын Рахимбаев, Дәулет Тұрлыханов сынды елге қамқор азаматтар қалтқысыз қайырымды істерімен көкпектіліктерді әркез қуантып жүр. Ел қамын ойлаған оларды Көкпекті халқы «Асыл азаматтар!» деп асқақтатады. «Ел бағына туған ер» деп әспеттейді.
15 сәуір күні Көкпектіге қазақтың даңқты палуа-ны Дәулет Тұрлыханов жолдаған гуманитарлық көмек келіп жетті. Ауданға келген гуманитарлық көмекті аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы бастаған жұмыс тобы қарсы алып, өкіліне Дәулет Болатұлына бағытталған халықтың рақметін айта отырып, Алғыс хат табыстады. Аудан басшысы арнайы құрылған комиссия мүшелеріне Дәулет Болатұлы жолдаған көмек қорын 280 отбасына қажеттіліктеріне сай әділ бөліп беруді міндеттеді.
IQanat білім беру бағдарламасы - бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен қазақстандық кәсіпкерлердің ауыл оқушыларының Қазақстанда және шетелде жоғары білім алуға тең дәрежеде мүмкіндік алуына және аймақтардағы олимпиаданың іріктеу кезеңдерінен өтуге бағытталған жобасы. Жобаның бастамашысы және тең құрылтайшысы - Айдын Жұмаділұлы Рақымбаев.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: оқушының жоғары академиялық нәтижеге жетуіне мұғалімнің, ата-ананың және оқушының күш-жігерін біріктіру. IQanat - бұл ауыл мектептеріндегі оқушыларға көптеген пәндер бойынша өз ойын білдіруге және қабілеттерін бағалауға мүмкіндік беретін байқау. Көкпекті ауданының оқушылары жыл сайын мұғалімдердің жетекшілігімен осы сайысқа қатысады. Осы жылы Көкпекті ауданынан IQanat білім беру қорының олимпиадаларының 1-турына 9 сыныптың 700-ден астам оқушысы қатысты. Оның ішінде 210 бала 2-ші айналымға түсті. Қордың негізін қалаушы Айдын Жұмаділұлының арқасында мұғалімдерге және ата-аналарға IQanatUstaz байқауына қатысу мүмкіндігі берілді, оның басты мақсаты - оқушылардың жоғары академиялық жетістіктерге жетудегі мұғалімдердің, ата-аналардың күш-жігерін біріктіру.
6 сәуірден бастап Қазақстандағы мектептер қашықтан сабақ беру форматын іске қосты. Осы орайда төртінші тоқсан аясында мектеп оқушыларына телесабақтар қалай өткізіліп жатқаны туралы арнайы Көкпекті ауданы білім бөлімінен білген болатынбыз. Олардың ақпараты бойынша 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап 37 жалпы білім беретін мектепте қашықтықтан оқыту ұйымдастырылып, онда 4077 оқушыны 850 мұғалім қашықтықтан оқытады.
Аудандағы мектептерде қашықтықтан оқыту жүйесі мынандай форматта:
1) аудандағы 33 мектепте онлайн режимінде қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған, оларда 3978 оқушы оқиды.
2) «Балапан» және «Еларна» телеарналары арқылы оқыту 4 мектепте өтеді, 99 оқушы кері байланысты қағаз түрінде жүргізеді. (Қарақол негізгі мектебі - 17 оқушы, Палацы негізгі мектебі - 26 оқушы, Бигаш негізгі мектебі - 50 оқушы, Воздвиженка бастауыш мектебі - 6 оқушы)
3) ауданда 4077 оқушы республикалық «Отау» телеарналары арқылы оқиды (1226 оқушы «Еларна», ал 2851 оқушы «Балапан» телеарнасынан)
4) Оқытушылар мен оқушыларға уақытша пайдалануға 300 компьютер берілді, оның ішінде мұғалімдер - 65, оқушылар - 235 (көп бала-лы отбасылардың балалары -125, аз қамтылған отбасы - 90, мәртебесі жоқ оқушылар - 20). 2020 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша 128 отбасынан 194 оқушыға маршрутизаторлармен және желіге қашықтықтан жұмыс істеу үшін тұрақты интернет байланысы орнатылды.
15 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап Көкпекті ауылының аумағында шектеу шаралары күшіне енді. Осыған байланыс-ты көптеген азаматтардың көкейінде бірқатар сауалдар пайда болып, түсінбеушілікке әкеп соғуда. Сол себепті жағдайды толық түсіндіру үшін Көкпекті ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а. Г.З.Мирзасовамен әңгімелескен болатынбыз.
- Гүлмира Замаданқызы, автомобиль көлігінің қозғалуына қандай шектеу қойылған?
- Автомобиль көлігінің қозғалысы күндіз және түнде шектеледі. Оларда қызметтік және жеке көлікке арнайы рұқсатнамасы болуы шарт. Көлік қозғалысын тоқтату уақыты - сағат 21.00-ден 05.00-ге дейін. 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтардың жеке көлікте жүріп-тұруы мемлекеттік нөмірдің соңғы санының жұп/тақ болуы қағидаты бойынша байланыс-тырылып ұйымдастырылған. Бұл айдын жұп күндері бойын-ша жұп санға аяқталатын нөмірлері бар, айдың тақ күндері бойынша тиісінше нөмірдің соңында тақ саннан аяқталатын автомобильдерге жол жүруге рұқсат етілетінін білдіреді. Сенбі, жексенбі және мереке күндері (арнайы рұқсатнамасы бар қызметтік және жеке көліктерді қоспағанда) жеке көліктің жүріп-тұруына толық тыйым салынды.
- Автокөліктері жоқ азаматтарға қалай қозғалуға болады?
Құрметті жерлестер!
Қазіргі уақытта біз сіздермен ел, облыс, аудан өмірінде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы жарлығымен төтенше жағдай режимі енгізілді. Біз қауіпті індеттің таралу көрсеткіштерін әлемдік, республикалық деңгейде күн сайын қадағалап отыратынымыз анық.
Осындай қиын жағдайда ең шұғыл және қатаң шаралар қабылданады. Жұмыс орындарының өз қызметін тоқтатуы немесе қызметкерлерін қысқартуы, қатынастың шектеліп, оқшаулау режимінің іске қосылуы – мұның бәрі халық денсаулығы үшін маңызды шара.
Сіздермен бірге біз санитарлық қызметтің ұсыныстарын қатаң сақтап, елді мекендерімізді таза ұстап, аудан тұрғындарын қорғауға тиіспіз. Бірақ бұған тек жауапкершілікті мінез-құлық, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы қол жеткізуге болады. Осы тұста біз жас ұрпақты медицина қызметкерлерінің ескертуіне құлақ асып, ел өмірі үшін жауапкершілік сезінуге шақырамыз.
Барлығымыз бірге төтенше жағдай шараларына байсалдылықпен қарап, өзіміз бен жақындарымыздың өміріне қауіп төндірмеу үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуіміз керек! Карантин режимі барлық байланыстарды шектеуге және қауіпті вирустың таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Әрбір жеке тұлғаның сана-сезімі мен жауапкершілігі болмаған жағдайда, биліктің ең қатаң шаралары мен тәртіп ережелері ешқандай нәтиже көрсетпейтінін ескерген жөн.
Қазір ең бастысы - ынтымақтастық, жауапкершілік, қорғаныс. Бұл халықты коронавирустық инфекциядан қорғау үшін қажет уақытша шара екенін түсінуіміз керек. Инфекцияға бейқамдықпен қарау, медициналық нұсқауларды елемеу, өзіңізге және басқаларға індет жұқтыру қаупін арттыратынын ұмытпаңыздар, құрметті жерлестер!
Жағдай күрделі, бірақ біз береке-бірлігіміз бен асқан мұқияттылығымыздың арқасында бәрін жеңетін боламыз.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!
Көкпекті ауданы көптеген жылдар бойы спорттық жетістіктерімен танымал болып келеді. Осыған орай аудан спортына дамытуға қолдау, спортшыларымыз үшін де зор демеу, серпіліс болсын деп дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мәселесі көтерілгеніне де біраз жыл өтті
Ал бұл мәселе аудан басшысы лауазымына Асхат Смаилов келгеннен бастап шешімін тапты. Оның тікелей қатысуымен спорт кешені жобасына өзгерістер енгізілді. Ал ең бастысы - өткен жылдың тамыз айында басталған құрылыс үшін қаражат қарастырылды.
Құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың күзінде аяқтау жоспарлануда. Біз салынып жатқан нысанды аралап, осындай қысқа мерзімде құрылыстың аяқталу перспективаларын бағаладық.
Жобаның тапсырыс берушісі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, әзірлеушісі – "Градопроект" ЖШС болып табылады. Бас мердігер ретінде "DK Proekt" ЖШС әрекет етеді.
Бүгін сағат 00:00-де Көкпектіде шектеу шаралары енгізілді
Аудан орталығына кіретін 3 бағыт бойынша блок-пост қойылды. Аудан әкімі Асхат Смаилов пен аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Жанболат Асқар бекеттерді аралап, жұмыс барысын тікелей қадағалады.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.
<< | < | Сәуір 2020 | > | >> | ||
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 |