Уважаемые жители Кокпектинского района!
Пусть в Новом году благоденствие придет в каждый дом.
Приближается всеми любимый и по-настоящему семейный праздник - Новый год! Он всегда связан с нашими надеждами на исполнение заветных желаний, на обновление и достижение успеха.
Новый год - это время, когда принято подводить итоги, осмысливать пережитое и строить планы на будущее. У нас есть все основания считать, что 2019 год стал для нашей страны еще одной незабываемой страницей истории успеха. Отметив 28-ю годовщину своей Независимости, Казахстан стал еще более мощным и крепким государством, показывающим высокие темпы развития экономики и неуклонного роста благосостояния его граждан. Для каждого из нас уходящий в историю 2019 год был особенным. Он оказался богат на события, которые объединили всех под единым шаныраком, вошли в каждый дом. Это работа, семья, заботы, это наши успехи и достижения, совместные планы на будущее.
Дорогие земляки!
Динамичное развитие района - яркое свидетельство стремления наших граждан своим упорным трудом способствовать процветанию родного края. Пусть все достигнутое за эти годы станет стимулом для новых побед. А грядущий год приумножит благополучие нашей страны и благосостояние каждой семьи. Мы смело открываем новую страницу нашей жизни, потому что живем в сильном государстве и можем строить самые амбициозные планы. Все достигнутое - это результат вашего труда и целеустремленности. Нас всех объединяет общее стремление сделать регион богаче и краше. Всё, что мы делаем, мы делаем для наших детей, для того, чтобы они росли и жили в благополучной, безопасной и процветающей стране, в стране, где уважают старших, сохраняют традиции нашего многонационального народа, где стремятся к достижению новых целей.
Новый год - самый теплый и семейный праздник! Пусть новый 2020 год примет эстафету 2019-го и станет годом ярких идей, добрых перемен и знаковых событий.
Желаем вам встретить 2020-й год в семейном кругу за праздничным дастарханом! Пусть в Новом году благоденствие придет в каждый дом, в каждую семью, принесет мир и согласие, благополучие и радость, пусть будет щедрым на везение и удачу!
С Новым годом! С новым счастьем!
А.Смаилов, аким района
Т.Сарманов, секретарь раймаслихата
Қымбатты аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды есік қағып кіргелі тұрған, үлкен де, кіші де асыға күтетін жарқын мереке - Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күнді әсіресе, періште көңіл сәбилер асыға күтіп, таңғажайып тосын сыйлықтармен күтеді. Сондықтан, ертегі мен қызыққа толы, бақытқа кенелетін күні барлық балаларға жаңа жылда жаңа білімді игеріп, жаңа табыстарға қол жеткізулеріне тілектеспіз. Жаңа 2020 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.
Өтіп бара жатқан 2019 жылға өкпеміз жоқ, жаңа жылға артар үміттеріміз көп. Өткен жыл жалпы қазақстандықтар үшін жағымды жаңалықтарға, айтулы оқиғаларға толы, табысты, құтты жыл болды. Ең бастысы, 100-ден астам ұлттардың құтты мекеніне айналған егемен елімізде бейбіт өмір мен береке-бірлік, ынтымақ орын теуіп, халқымыз алаңсыз тірлік кешуде.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында киелі мекеніміз Көкпекті ауданында ауыз толтырып айтарлықтай бірқатар істер атқарылғанына жұртшылық куә. Ендеше, өткен жылға риза болып, Жаңа Жылда елмен бірге жаңа биіктерге жете берейік!
Құрметті көкпектіліктер! Сіздерге мықты денсаулық, отбасы берекесін тілейміз, жаңа бастаған істеріңіз оңынан болсын! 2020 жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа жыл сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой - мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге молшылық пен бақыт тілейміз. Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын!
А.Смаилов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық маслихат хатшысы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және «АИТВ/ЖИТС туралы барлығы» ұлттық бағдарламасын өткізу мақсатында ағымдағы жылдың 27 қарашасында Көкпекті ауданының ОАА – да «өз статусыңды біл!» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Көкпекті аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Г.Абдрасулова және Н.Жадрина, Көкпекті аудандық орталық мешітінің наиб имамы К. Ахметқалиев, Көкпекті ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция майоры Н.Г.Кусаинова, Көкпекті ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы А.Деринг, жастар орталығының маманы А.Б.Асылханова, аудандық орталық аурухананың дәрігерлері қатысты.
20 жыл бұрын Көкпекті ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеп, стадионның сызбасымен аудан әкімі Б.К.Қожамбетовке бардым. Ол кезде Баянды Кәкенұлы осы жобаны іске асыру үшін қазірге мүмкіндік жоқ, бірақ уақыт келеді және Көкпекті ауылында стадион болады деп айтты.
Иә, шынында да, көз алдымызда дүкендердің сынған терезелері, көшелерде, "Семсельс-трой 22" трестінің ПМК-2203 қала құраушы кәсіпорындары, Көкпекті автобаза, АҚП тоқтаған. Оған қоса зейнетақы мен балалар жәрдемақысы жоқ, көше жарығын айтпағанда үйде жарық болған жоқ. Стадион салуды ойлау қайда? Сол кезде тұрғындармен бірге біз ауылда тәртіп орнатып, сауда орындарын ашып, көшелерді тазарта бастадық. Аудан әкімі болғанына қарамастан, бізбен бірге сенбілікте Баянды Кәкенұлы жұмыс істеді. Бәріміздің уақыты келгенде әлем жақсы жаққа өзгереді деген сеніміміз болды. Бұл уақыт келді, бірте-бірте ауылдың келбеті өзгере бастады. Кәсіпкер Б.М.Бекбердиновтің бастамасымен "Елім-ай Көкпекті" мейрамханасы салынды, шаруа қожалығының басшысы Ж.К.Күшікпаев өз қаражатына мектеп ғимаратын жөндеп, енді барлық негізгі құжаттарды аудан тұрғындары бір ғимаратта рәсімдейді. В.В. Виничук "Гортоп" пен "Көлік жуу орталығын" салды, жаңа мектеп салынды, аурухана пайдалануға берілді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.
<< | < | Қаңтар 2020 | > | >> | ||
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |