Қанат Биқатов, "Ұлттық ат спорты" мектебінің директоры:
- Қазіргі өмір өзгерістерге толы. Оны күнделікті көріп отырмыз, сезініп білеміз. Соның бірі – 9 маусымда болатын Қазақстан Республикасы Президентін сайлау дер едім. Меніңше, бұл дұрыс шешім деп есептеймін. Себебі елді басқаруға, халықтан мандат алу - мәні зор маңызды жауапкершілік. Біз бұл күні өзіміздің азаматтық позициямызды айқындап, қалаған үміткерге дауыс беруіміз керек.
Мұңлық Омарова, Мәдениет саласының зейнеткері:
-Мен мәдениет саласының маманы ретінде өнер де, өлеңде бейбіт күнде жасайтынын білемін. Еліміздегі тұрақтылық өнеріміздің дамуына, әніміздің асқатап шырқалуына жағдай туғызып отыр. Тұрақтылықтың кепілі ол Президент. 9 маусым күні болатын сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасау азаматтық парызым.
13-14 мая в Кокпектинском и Самарском сельском округах глава района Асхат Смаилов провел приемы граждан по личным вопросам. В ходе встречи были обсуждены актуальные вопросы на районном уровне.
На приеме в селе Кокпекты побывало шесть человек. Местные жители К. Гизатова, Г. Маханова, Г. Дюсупова поднимали наболевшие жилищные вопросы, а С. Рамазанова из села Каменка Теректинского сельского округа обратилась с просьбой о предоставлении земельного участка.
Кокпектинец Абиш Сактаганов, проживающий по улице Ж. Болганбаева, просил помощи в осуществлении ремонта своего жилья. Глава района, выслушав данное обращение, передал его на рассмотрение исполняющему обязанности руководителя отдела занятости, социальных программ и ЗАГС Канату Мукышеву для оказания возможной помощи в рамках закона.
Обращение Кенжехана Курманбека из города Талдыкорган касалось оказания возможной помощи в случае его переезда в село Кокпекты. На этот вопрос также отвечал Канат Мукышев.
2019 жылғы 30 сәуір мен 8 мамыр аралығында Ұлттық Мектеп лигасы аясында Талдықорған қаласында 5-6 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» жарысы өтті.
Бұл жарысқа 9 облыстан спортшылар қатысты. Қатысушылар арасында үздік ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі І орынды иеленген Көкпекті ауданының командасы да болды. Команда құрамына Октябрь мектеп - балабақша кешенінің 2006-2007 жылы туылған 12 оқушысы кірді.
Ағымдағы жылдың 8-10 мамыр аралығында Қарағанды қаласында таэквонда бойынша "Кубок Победы" ИТФ халықаралық турнирі өткен болатын. Оған лайықты нәтиже көрсеткен 6 жас жерлесіміз қатысты.
Халықаралық жарыста Көкпекті ауданының атынан Бахыт Ғазизұлы Рахимовтың шәкірттері бақтарын сынады. Кілемге Рахат Байсақалов, Бексұлтан Маратов, Ақпейіл Дәулетханқызы, Бекжан Жексенбеков, Динара Ғазизова және Қымбат Қанатпекова шықты. Бексұлтан, Ақпейіл, Бекжан және Динара өздерінің жас категорияларында жеңімпаз атанса, Қымбат іріктеу кезеңінен өтіп, осы жылдың тамыз айында Болгарияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алып қайтты.
Мариногорка ауылдық округінде мәдениет үйінің алдында сағат 10.00-де «Ұлы Жеңіс жылдары!» атты мерекелік іс шара тойланды. Салтанатты шеруге ауыл тұрғындары, мұғалімдер, оқушылар келді. Шеруге барлығы 13 тыл ардагерлері шақырылды. Салтанатты шара мемлекеттік Әнұранмен және тыл ардагерлерін округ әкімі Қ. Сурашев пен мектеп директоры А. Айдарғазина құттықтау сөздерімен жалғасты. Құттықтау сөзден кейін бір минуттық үнсіздік жарияланды 10 сынып оқушылары саптық жүріспен «даңқ ескерткішіне» гүл тізбесін қойды. Айтулы іс шара мектеп оқушылары және ұстаздары, әкімшілік және ауыл тұрғындарының қатысуымен мерекелік концертке ұласты. Концертте жеңіске арналған әуезді әндер, өлеңдер, әдемі билерін тарту етті. АӘД мұғалімі У. Токтаров ««Журавли»», ауыл тұрғыны З. Айдарханова «Аналар туралы баллада», вокал «Бейбіт күн тілегі» «День победы» сынды әндерін тарту етті. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршіндерімізбен бірлесіп ауыл тұрғындары көріністер көрсетті. «А закаты алые», «Отмените Войну» 2-4 б сынып «Последний бой», 5 -6-7а сынып «Жасұлан» сынды әндерін орындады.
Ағымдағы жылдың 13-14 мамыр күндері аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов Көкпекті және Самар ауылдық округтерінде азаматтарды қабылдады. Кездесу барысында өтініш берушілер аудандық деңгейде шешуге болатын өзекті мәселелерді айтты.
Көкпекті ауылындағы қабылдауда 6 адам болды. Алғашқы болып қабылдауға келген Көкпекті ауылының тұрғындары К.Гизатова, Г.Маханова, Г.Дюсупованың өтініштері тұрғын үй мәселесі болса, Теректі ауылдық округіне қарасты Каменка ауылынан келген С.Рамазанова жер мәселесі бойынша өтініштерін айтты.
Ал, Көкпекті ауылы Ж.Болғанбаев көшесінің тұрғыны Әбіш Сақтағанов баспанасына жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек сұрап келді. Аудан басшысы Ә.Сақтағановтың мәселесін мұқият тыңдады. Оның баласы мүмкіндігі шектеулі жандардың санатына жатқандықтан, Заң аясында қандай көмек көрсете алатынын анықтау үшін Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі басшысының м.а Қанат Мұқышевқа тапсырды.
Аудан әкімі Асхат Смаилов ауданның шалғай шеті Ақ Ертістің жағасындағы Сарыбел ауылының бас жоспарын талқылады. Сонау жаугершілік заманда Абылайхан Толағай түбіне ту тігіп, Шорға шайқасының жос-парын талқылапты дейтін... деп әңгіме қосты Сарыбелдік қария Тұрсынбек Зәкіров. Міне, бүгінгі Сарыбел ауылының бас жоспарын талқылауда әкім де, мамандар да отырмай, ауылды көріктендірудегі бас шайқасқа дайындықты қалай бастауды дәл сол бабаларындай тікелерінен тік тұрып, тізе бүкпей талқылады десек асыра айту емес.
Сарыбел ауылының туристік әлеуеті ерен болса, енді сол тартымды істі қалай пайдаға жаратуы сөз болғанда, аудан әкімі былай деді:
- Ауылдың әлеуеті экономикалық та, турис-тікте, әлеуметтік тұрғыда зерделеніп, қай бағытта ауылдық округ халқына пайдалы болатыны ескерілуі керек. Ауылдың бас жоспарын міне осындай ойлармен жасап, демалыс орындарын, тұрғын үйлер мен коттедждер салатын учаскелер конкурс арқылы халыққа сатылуы керек. Сату ережесі мен шарттарын аудандық қаржы бөлімі дереу жасап, жедел жариялау керек. Сатылатын үйлер мен демалыс аймақтары орындар бас жоспарға сәйкес белгіленіп сатылуы қажет.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.
<< | < | Мамыр 2019 | > | >> | ||
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |