Ағымдағы жылдың 13-14 мамыр күндері аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов Көкпекті және Самар ауылдық округтерінде азаматтарды қабылдады. Кездесу барысында өтініш берушілер аудандық деңгейде шешуге болатын өзекті мәселелерді айтты.
Көкпекті ауылындағы қабылдауда 6 адам болды. Алғашқы болып қабылдауға келген Көкпекті ауылының тұрғындары К.Гизатова, Г.Маханова, Г.Дюсупованың өтініштері тұрғын үй мәселесі болса, Теректі ауылдық округіне қарасты Каменка ауылынан келген С.Рамазанова жер мәселесі бойынша өтініштерін айтты.
Ал, Көкпекті ауылы Ж.Болғанбаев көшесінің тұрғыны Әбіш Сақтағанов баспанасына жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек сұрап келді. Аудан басшысы Ә.Сақтағановтың мәселесін мұқият тыңдады. Оның баласы мүмкіндігі шектеулі жандардың санатына жатқандықтан, Заң аясында қандай көмек көрсете алатынын анықтау үшін Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі басшысының м.а Қанат Мұқышевқа тапсырды.
Сондай-ақ, Талдықорған қаласынан келген Кенжехан Құрманбектің өтініші, Көкпекті ауылына қоныс аударсам мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні жайында болды. Бұл сұраққа аудан басшысы мен жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі басшы-сының м.а Қанат Мұқышев толықтай жауап берді.
Ал Самар ауылдық округінде аудан әкімі А.Смаилов азаматтарды қабылдау кезінде келіп түскен мәселелерді нақты анықтап, түсініктемелер берді. Сарыбел ауылының тұрғыны С.Смағұлова күйеуінің туыстары қала-дан пәтер сатып алу үшін үйді босатуды сұраған жағдайда, төрт баласымен баспанасыз қалуы мүмкін екенін айтты. Қазіргі уақытта еңбекке жарамды жұмыссыз жүрген отағасы бола тұра, жас әйел мерзімі өткен несиені төлей алмай отыр. Және осыған байланысты АӘК ресімдеуге мүмкіндігі жоқ. Аудан басшысы бұл мәселе бойынша округ әкімі А.Жапарқұловқа отбасының жұмыссыз отағасымен әңгімелесіп, мүмкін болса жұмысқа орналасуға көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Азаматша А.Кремердің тұрғын үй мәселесі оңтайлы шешілді. Колледж әйелге пәтерді қалдырады, тек үйдің құжаттарын рәсімдеу жұ-мысын жасау қажет.
Қабылдау соңында барлық өтініштер бойынша аудан басшысы тиісті қызметтердің жауапты тұлғаларына егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, бақылауға алуды тапсырды.
Қанат АПСАДЫҚОВА
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.