Көкпекті аудандық Оқушылар шығармашылық сарайында «Жас ақындар», «Көркем сөз», және «Жас актер» үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Көкпекті азат елдің бір бөлшегі» атты танымдық сабақ өтті.
Жас өренді елін, жерін сүюге, Отанын құрметтеуге үйрету мақсатында өткен іс-шараға аудан әкімдігінен, аудандық жастар ресурстық орталығынан, аудандық кітапханадан және тілдерді оқыту орталығынан арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Танымдық сабақ барысында айтыскер ақын Фархат Маратұлы жетекшілік ететін «Жас ақындар» үйірмесінің шәкірттері 6-сынып оқушысы Жанерке Серікқызы мен 4-сынып оқушысы Еламан Жаңартқанұлы тәуелсіздік тақырыбындағы өз шығарған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Үйірмеге бір ай бұрын ғана қатыса бастаған жас ақындардың талабы жұртты сүйсінтті. Аяулым Еркінбекқызы жетекшілік ететін «Жас актер» үйірмесінің оқушылары М.Мақатаевтың «Алтай-Атырау» поэмасына әдеби композиция орындап, актерлық шеберліктің өзгеше қырын танытты. Ал «Көркем сөз» үйірмесінің жетекшісі Айгерім Калиеваның шәкірттері Мұхтар Шахановтың желтоқсан оқиғасы тақырыбына арналған рухты өлеңін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып берді. Іс-шара барысында ұйымдастырушылар тәуелсіздік тақырыбында викториналық сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ Оқушылар шығармашылық сарайының домбыра үйірмесінің мұғалімі Дүнгененова Айжан «Желтоқсан желі» әнін домбыраның сүйемелдеуімен орындап берді. Танымдық сабақ соңында тарихшы-өлкетанушы Қайрат Қапайұлы арнайы сөз сөйлеп, тәуелсіздік тақырыбында өз өлеңін оқыды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.