Биылғы 2024 жылы еліміздің дамуына шығармашылық, қайраткерлік қырымен үлес қосқан бір шоғыр тұлғаның мерейтойы тойланады. Осыған орай аудандық білім беру саласында айтулы тұлғалардың мерейтойына арналған іс шаралар өткізілуде. Көкпекті аудандық білім бөлімінің әдіскері Райхан Жұмаханованың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқау «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттағы көрсетілген мерейтойлық атаулы күндер берілген. Тізімде Мағжан Жұмабаев 130 жыл, Сұлтанмахмұт Торайғыров 130 жыл және Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова бар. Мақстаы ұлттық мұраны қастерлеу, қазақ тілін құрметтеу, татулық пен келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтау, отаншылдыққа, мейірімділік пен әділдік қасиеттерді жоғары ұстауға тәрбиелейтін өлеңдерін мәнерлеп оқу. Байқау шарты бо-йынша қатысушылар осы аталған авторлардың 1 шығармасын мәнерлеп оқуы тиіс. Бағалау кезінде таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшілігі, қатысушының сөйлеу мәнері, анықтығы, актерлік шеберлігі, музыкалық сүйемелдеу, костьюм мен декорацияның үндесуі ескерілді. Байқауға аудан мектептерінен 9 мұғалім қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жүлдегерлері атанғандар:
І орын Динара Қизатова Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі, ІІ орын Азат Қалибасов Үлкенбөкен орта мектебі, ІІ орын Бейбітгүл Айтқазина Көкпекті орта мектебі, ІІІ орын Архат Қабден Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі, ІІІ орын Сымбат Алимбаева Биғаш негізгі мектебі иеленді. Жеңімпаздар аудандық білім бөлімі тарапынан алғыс хатпен марапатталды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.