20 қазан күні Астана қаласында мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның Құрметті педагогы» атты республикалық байқауы өтті.
Байқауға ауданымыздан Көкпекті орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Жанғасинов Әли Қайратұлы қатысып, «Қазақстанның Құрметті педагогі» атты төсбелгі иегері атанды.
Байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші қатысушылардың өзі жайлы жазылған өмірбаяны, 3 жылдағы ашық сабақ жоспары, алғыс хат, дипломдары ескерілді. Екінші видео сабақ бойынша өтті.
Іс-шараның міндеті - білім беру ұйымдары педагогтарының арасында тәжірибе алмастыру және білім мекемелерінің арасында байланысты күшейту. Үздік білім беру ұйымдарын және үздік педагогтарды анықтау, мұғалімдердің ғылыми әлеуетін күшейту, инновациялық идеяларын арттыру болып табылады. Шараға мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары байқауға қатысып, бақтарын сынады.
Айта кетейік, Әли Қайратұлы Абай облысы бойынша республикалық байқауға қатысқан жалғыз үміткер. Білімі мен біліктілігінің арқасында байқаудың 2 кезеңіненде сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанған жерлесіміз Әли Қайратұлын жеңісімен құттықтаймыз!
Республикалық байқаудың қорытындысы 4 қараша күні еліміздің бас қаласы Астана төрінде өткізілді. «Қазақстанның үздік педагогтары» форумында байқауға қатысушылар марапатталды. Бас жүлде иегеріне ақшалай сыйлық және арнайы тағайындалған «Қазақстанның Құрметті педагогы» атты төсбелгісі, кәулік, І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом табысталды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.