Семей полигоны - тарихтың қасіретті беттері. Адамзатқа үлкен қайғы-қасірет пен апат әкелетін ядролық қару. Кеңестер Одағында жасалынған ядролық қаруды сынайтын алаң қазақ жеріндегі Семей полигоны болды. Полигонда 40 жыл бойы 475 рет ядролық қару сынақтан өткен.
Семей ядролық полигонындағы сынақ қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 есе асып түскен. Полигон зардабы адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр әсерін тигізіп отыр.
Оқырмандарға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәлімет беру мақсатында 24 тамыз күні Көкпекті аудандық кітапханасы кітапханашыларының ұйымдастыруымен Семей полигонының жабылғанына 32 жыл толуына орай «Семей полигоны-тарихтың қасіретті беттері» атты іс шара өткізілді. Іс шараға ақсақалдар алқасы, К.Садуақасова, Н.Сүлейменов, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а Н. Ақмолдина, мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының директоры А. Омарбекова және кітапханашылар қатысып, өз ойларымен бөлісті. Кітапханашы Жұлдыз Жакупова «Семей полигоны - тарихтың қасіретті беттері» атты кітап көрмесімен таныстырды. Осыдан кейін шара қонақтары кітап көрмесін тамашалап, Семей ядролық полигонының құрылуы және жабылуы туралы тың мағлұмат алды. «Невада - Семей» антиядролық қозғалысына және полигонының жабылуына көп еңбек сіңірген тұлғалар туралы жазылған әдебиеттерге шолу жасады. Шара соңында Нұршат Ақмолдина өз пікірін білдіріп,қорытындылады.
Аудандық кітапхана ақпараты
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.