Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп оқушылары жазғы демалысқа шықты. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру – білім саласы үшін маңызды мәселе. Тоғыз ай бойы мектепте оқып, жазғы демалысқа асыға жеткен балалардың жақсы демалуына жағдай жасау алдын ала әзірленіп, іс-шара жоспары бекітіледі. Әсіресе, денсаулықты нығайтуға, шығармашылық, танымдық қабілетті арттыруға басымдық беріледі.


Жазғы демалыс балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
Абай облысы Көкпекті ауданында маусым айының 2-30 күндері аралығында ауданның жалпы білім беретін мектептерінде күндізгі мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істеп, онда 814 бала қамтылды.
«Қазақстан халқына» қорының «Жаздық жолдама» жобасы аясында Көкпекті ауданына жалпы 40 балаға квота берілді. Жазғы маусымдағы демалысты ұйымдастыруда ең алдымен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтамасыз етілген отбасы балалары, дарынды балалар қамтылды. Барлық оқушыларға «Қамқоршылық кеңестің» шешімі бойынша жолдама берілді.
Үрджар ауданына «Үржарайым» балаларды сауықтыру орталығына 15.06-24.06 күндері 20 бала барды.
1.М.Әуезов орта мектебі – 2 оқушы;
2.Үлкенбөкен орта мектебі – 10 оқушы;
3.І.Жансүгіров орта мектебі – 5 оқушы ;
4.Абай атындағы мектеп - балабақша кешені – 2 оқушы;
5.Куйбышев негізгі мектебі – 1 оқушы.
Ал Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласына баратын «Айналайын» балаларды сауықтыру орталығына 06.07-15.07 шілде аралығында 20 бала барды.
1.Көкпекті орта мектебінен – 4 оқушы;
2.М.Әуезов орта мектебінен – 6 оқушы;
3.І.Жансүгіров орта мектебінен – 2 оқушы;
4.Биғаш негізгі мектебінен – 1 оқушы;
6.Амангелді атындағы орта мектептен - 4 оқушы;
7.Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінен - 1 оқушы қамтылған.
Алдағы уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 75 оқушы «Al CAMP» сауықтыру лагеріне барады деп жоспарланып отыр.
Жазғы демалысты ұйымдастыру міндетті оқу қоры, демеушілер мен кәсіподақ және ата-аналар есебінен жүргізіледі.
«Жаз қайнатып, күн күлдіріп, біз лагерге барамыз» деп ән салдырған көңілді жаз мезгілінде бала демалысы осылайша ұйымдастырылып отыр. Демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігін сақтау, оларға жауапты тұлғалар бекітіліп, тағайындалады.
«Бала-бауыр етіміз» дегендей, ертеңіміздің жастары аман-есен болсын!

Аудандық білім беру бөлімі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз