Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әне-міне дегенше биылғы оқу жылы да өз мәресіне жетті. Кеше ғана алғашқы қоңырау сыңғыры оқушыларды мектепке, оқу-білімге шақырып, «Білім күні» мерекесі тойланған еді. Бүгін міне, мектептерде соңғы қоңырау соғылып, мектеп бітіруші түлектерді үлкен өмірге шығарып салды. Көкпекті ауданының барлық мектептерінде «Түлек 2022 - жаңа Қазақстанның ертеңі» атты «Балалар жылына» арналған соңғы қоңырау салтанаты өткізілді.
- Ауданымызда барлығы 4043 оқушы болса, биылғы оқу жылында 200 оқушы 11 сыныпты бітірді. Аудан бойынша 26 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 14 оқушы «Үздік аттестатқа» ұсынылды. 11 сынып бітірушілер 27 мамырдан, ал 9 сынып бітірушілер 28 мамырдан бастап емтихан тапсырады. Сондай-ақ барлық білім беру мекемелерінде 25 мамыр мен 17 маусым аралығына жазғы мектептер ұйымдастырылды, - дейді Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Адия Фахрутдинова.


25 мамыр. Ақ бантик тағып, ақ көйлек киген оқушылар мектепке асығуда. Көңілде үміт, санада арман, мектепке емес-ау, үлкен өмірге қанат қағады. Мектеп бітірушілер үлкен өмірге жолдама алса, мектеп табалдырығын өткен жылы аттаған балдырғандар бірінші сыныпты тәмәмдап, ата-ана­сының көз қуанышына айналады.
Биылғы соңғы қоңырау салтанаты 25 мамыр күні өтсе, аттестат тапсыру рәсімі Білім және ғылым министрлігінің жарлығымен маусым айының 16-17 жұлдызына жоспарланған.
Көкпекті ауданының әкімі Раджан Сейтқанов оқу жылының аяқталуына орай «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында құттықтау жазба жариялады.
«Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Қымбатты оқушылар, түлектер! Баршаңызды «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Соңғы қоңырау мейрамы әр адамның есінде қалатын өмірдің ең жақсы күндерінің бірі болып келеді. Бүгінгі күн - ұмытылмас сәт, балалық шақ және мектеп жылдарымен қоштасу мейрамы, білім ордаларында соңғы қоңырау соғылып, түлектер алтын ұя мектептерімен, ұстаздарымен қимай қоштасатын сәт.
Біздің түлектер сан түрлі спорттық іс-шараларда аудан намысын абыроймен қорғап, пәндік олимпиадаларда сапалы біліммен көзге түсіп, өнер шыңдауда да жетістіктерге қол жеткізіп, бүгінгі күні Көкпекті ауданының қоғамдық өміріне өз үлестерін қосып келеді. Біз оқушылар мен түлектердің сан түрлі сайыстар мен олимпиадалардағы жетістіктерін әрқашанда мақтан тұтамыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, биылғы жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Ауданымызда "Балалар жылы" аясында күні кеше "Оқушылар шығармашылық сарайы" ашылды. Онда бүгінгі күні 350 оқушы 13 үйірмеге қатысуда.
Қымбатты түлектер, мемлекетіміздің алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруда сіздерге үлкен сенім білдіреміз. Сіздер осы үмітті ақтап, еліміздің лайықты азаматтары болатынына кәміл сенеміз. Барлықтарыңызға бақыт, береке, ақ жол тілеймін! Ал білім нәрімен сусындатып, қамқорлығы мен жүрек жылуын сыйлаған ұстаздар қауымына алғыс білдіріп, жұмыстарына жеміс, толағай табыс тілеймін.» делінген жазбада.
Оқу жылының қорытындысы бойынша ауданымыз жоғары жетістіктерге жетіп, әр жылды абыроймен аяқтап келеді. Соңғы қоңыраудың салтанаты келесі сыныпқа көшкен оқушылар үшін жазғы демалысқа ұласса, түлектерге сынақ тапсыру, жоғарғы оқу орнына түсумен жалғасатын болады. Он бір жыл мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындаған жас өрен үлкен өмірге қадам басты. Ендеше, сәт сапар, жас түлек!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз