6 сәуірден бастап елімізде мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту бастау алды. Оқушылар мен ата-аналарды сансыз сұрақ мазалап жүргені анық. Бірақ уайымдаудың қажеті жоқ. Педагогтар онлайн жұмысқа қажетті порталдар мен бағдарламаларды меңгеруде. Ал интернетке шығу мүмкіндігі жоқ ұл-қыздар үшін сабақ теледидар арқылы өткізіледі. Әдетте тақта алдында тұрып сабақ түсіндіретін ұстаздар экранның алдына жайғасты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын пандемия ретінде бағалау туралы шешім шығарғалы, әлемді жайлаған COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуы-на жол бермеу шаралары жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2020 жылдың 16 наурызында Қазақстан халқына телевизиялық үндеуін жолдап, Президент жарлығымен Қазақстанның аумағында да төтенше жағдай енгізілді. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20, 2020 жылғы 1 сәуірдегі №30-ПГВр қаулылары негізінде ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 16 наурыздағы №1, 20 наурыздағы №2 және 26 наурыздағы № 6 хаттамаларын орындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 14 наурызындағы № 108 және 2020 жылдың 1 сәуірінде № 123 Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы бұйрығы шығарылды.
Аталмыш бұйрықтың 9-тармағында орта білім беру ұйымдарында 1-11(12) сыныптарда, оның ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-да, халықаралық және жекеменшік орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, төртінші тоқсанның басынан, яғни 2020 жылғы 6 сәуірден бастап заңнамада белгіленген тәртіппен оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
10-тармағында мектепалды даярлық сыныптар, 1-9 сыныптар үшін сағат 08.30-дан, 10-11 сыныптар үшін сағат 14.00-ден дүйсенбіден жұманы қоса алғанда ұзақтығы 30 минутқа дейінгі аралықта сабақ кестесін жасау;
Көкпекті аудан бойынша осы бұйрықтың орындалу барысы білім бөлімі, білім беру мекемелері тарапапынан қатаң бақылауда. Көкпекті ауданының білім беру бөлімімен қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын құру туралы бұйрық шығарылып, онда оқушыларға көмек көрсету, әрбір оқу пәні бойынша ағымдағы және қорытынды бақылау тәртібі белгіленді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 01.04.2020 №123 "Білім беру ұйымдарында, пандемия кезінде COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы" бұйрығы негізінде, 2020 жылдың 6 сәуірінде аудан мектептері қашықтықтан оқытуға көшті. «Қашықтан оқыту деген не?» Осы сұрақ бүгінгі күні бәрімізге алаңдатушылық тудырып отырғаны бел-гілі. Қашықтан оқыту бұл тек қана онлайн оқыту деген сөз емес, бұл мұғалім мен оқушы арасында ақпараттарды ақ-парат тасымалдау құралдары (флешкарта, қағаз, смартфон, ноутбук, компьютер жәнет.б) арқылы білім беру үдерісін жүзеге асыру және кері байланыс орнату. Мұғалімдерге күнделікті онлайн-сабақ өт-кізуге мүмкіндік бола бермейді. Онлайн сабақ аптасына бір рет қана өтілуі мүмкін. Педагог оқушылар мен әр түрлі интернет платформалар арқылы, телесабақтар, жеке тапсырмалар арқылы жұмыс жасауы мүмкін. Бір мезгілде интернет жүйесін Қазақстандағы 1 миллион студент, 80 мың педагог және 3 миллион оқушы мен 350 мың мұғалім пайдаланатын болса, жүйе мұншалықты салмақты көтере алмауы да мүмкін. Сондықтан 8.30-дан 14.00-ге дейін 1-9 сыныптар және мектепалды даярлық сыныбы, 14.00-ден 10-11 сынып оқушылары оқытылады. Сабақ кестесі 5 күнге жасалып, оқушыларға беріледі. Сабақ кестесіне сәйкес мұғалімнің жос-пары бойынша сабақтар жүргізіледі. Кей жағдайда мұғалім «Күнделік» арқылы интернет-платформаға сілтеме беруі мүмкін, сол арқылы оқушы сайтқа кіріп, тапсырмалар орындайды. Сондай-ақ, мүғалім оқушыға өздік жұмыстарын бе-реді. Сабақ кестесіне сәйкес оқушы теле-сабақ көре алады. Бұның бәрі оқушы мен ата-ананың үлкен жауапкершілігін қажет етеді және осы орайда мұғалімдер ата-аналардың көмегіне жүгінеді. Сабақ 30 минутқа жоспарланады, дегенмен мұғалім барлық 30 минут бойы оқушымен онлайн байланыста болуы керек деген түсінік қалыптаспауы керек. 10 минут бейне са-бақ өткізілсе, қалған уақытты оқушы өз бетімен тапсырмалар орындауға, берілген мәтінмен жұмыс істуге арнайды. Алайда сабақ бойынша сұрақтар туындаса мұғалім кез келген уақытта көмек көрсетуі қажет.
Көкпекті ауданында 37 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 4077 оқушы оқиды, оның ішінде 2851 оқушы қазақ тілінде, 1226 оқушы орыс тілінде оқиды. Ауданда 3637 оқушы офлайн режимде, оның ішінде интернет арқылы 1720 оқушы, 1917 оқушы мобильді интернет арқылы оқиды. 440 бала қағаз тасығышта оқиды.
Білім беру ұйымдарымен қашықтықтан оқыту үшін 286 компьютерлік техника берілді. Оның ішінде 115 көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, 82 аз қамтылған отбасынан шыққан оқушы-ларға, 20 компьютер - басқа санаттағы балаларға, 69 компьютер - педагогтарға берілді.
Қашықтықтан оқытудың қосымша элементі қазақ тіліндегі "Балапан" және орыс тіліндегі "Ел арна" телеарналары бойынша бейне сабақтар болады. 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап белгілі бір кес-те бойынша "Балапан" және "Ел арна" телеарналары теледидар арқылы сабақ беруді ұйымдастыратын болады. Аудан бойынша 2757 оқушы «Балапан» арнасын және 831 оқушы «Ел арна» арнасын көруге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, сабақтар арнайы интернет-платформалар арқылы өткізіледі. Bilimland.kz, WhatsApp, және т. б. Осы платформаларды пайдалану арқылы пәндер бойынша бейнесабақтар трансляциясы ұйымдастырылады.
Аудан бойынша қашықтан оқыту бойынша сұрақтар туындаса аудандық білім бөлімінде 27-229 номерінде және барлық 37 білім беру мекемелерінде колл-орталықтар ұйымдастырылған. Көкпекті ауданының білім бөлімінің мекемелері бойынша колл-орталықтарының байланыс телефондары.
Аудан мұғалімдері компьютер, ноутбукпен қамтамасыз етілген. Бірқатар мектептерде ұстаздар қауымы мобильді құрылғылармен жұмыс істеуге дайын. Осындай кезеңде педагогтер қауымына үлкен жауапкершілік артылып, ауқымды жұмыстар жүктеліп отыр. Аудан ұстаз-дарының осындай жұмыстарды абыроймен атқаратынына сенім білдіреміз.
Құрметті ата-аналар! Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты білім саласының қашықтан оқыту формасын дұрыс түсініп, қолдау көрсетеді деп сенемін! Балаларыңыздың күнделікті сабаққа қатысуын, сабақ тапсырмасын орындауын қадағалауларыңызды жә-не мұғалімдермен тығыз байланыста болу-ларыңызды сұраймын.
Ш.Мустафинова,
аудандық білім бөлімінің басшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.