Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты аудандық мұғалімдердің ғылыми конференциясы өтті. Аталмыш шараға аудан мектептерінің ұстаздары қатысты.
Конференцияның ашылу салтанатында осы мектептің мұғалімі Динара Байсеңгірова кіріспе сөз сөйлеп, бүгінгі іс шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
- 2020 жыл еліміз үшін тарихи оқиғаға толы ерекше жыл болғалы тұр. Абай Құнанбайұлының туғанына – 175 жыл, фашизмге қарсы соғыстағы Жеңіске – 75 жыл, Қазақстан халқы Ассамблея-сы мен Ата Заңымызға – 25 жыл. Әрине, тарихымызда лайықты өз орнын алған бұл атаулы оқиғалардың ешқайсысы да ауданымыздың назарынан тыс қалмайды. Кемеңгер ойшыл Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты бүгінгі конференция осы атаулы іс-шараның беташары деуге лайық. Бұл ғылыми жиынның ортаға салар ойы көп, өрісі кең, толғауы терең, бүгінгі жас ұрпаққа берері мол болады деп үміттенеміз», - деді конференцияда Динара Әбдіғалымқызы.
Ал, мектеп оқушылары мен ұстаздары келген қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды. Бағдарламада Абай атамыздың күйлері орындалып, әндері шырқалды.
Конференцияның жоспарына сәйкес ұстаздар өздерінің ғылыми жобаларымен таныстырып өтті. Алғашқы болып тіл мамандары бастады. Сондай-ақ, конференцияда тарих пәндерінің ұстаздары мен сынып жетекшілер де өз жобаларын қорғап шықты. Мұғалімдердің ғылыми жобаларына оң бағасын берген әділ қазылар Райхан Жұмақанова, Саягүл Тлебалдина, Динара Байсеңгірова және Айнұр Жолымбетова болды.
Конференция соңында ұстаздар марапатқа ие болды.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.