Аудандық «Жұлдыз» «Новая жизнь» газеті редакциясының тілшілері Үлкенбөкен ауылдық округінде орналасқан арнайы мектепті аралап, қызметімен танысты. «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының арнайы ерекше режимдегі мектеп-интернаты» КММ 2004 жылы Глубокое ауданының Белоусовка ауылында ашылып, кейін 2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ғимарат мәселесіне байланысты Көкпекті ауданының Үлкенбөкен ауылына көшірілген.
Бұл кәдімгі өзіндік тыныс-тіршілігі мен тәртібі бар бөлек мемлекет тәрізді. Дегенмен, олардың арасында кезінде аяғын шалыс басып, қазіргі уақытта түзу жолға түскен жас өспірімдер. Олар интернатты аяқталған соң өмірден өз жолын тауып жатса, онда мекеме қызметкерлерінің мемлекет алдындағы міндетінің ақталғаны. Сонымен, бүгінгі әңгімеміз осындай міндеттерді жүзеге асырып отырған «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының арнайы ерекше режимдегі мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жөнінде болмақ.
Мектеп-интернат мекемесі Үлкенбөкен ауылдық округіне кіре беріс жерде орналасқан. Бүгінгі күні тәрбиеленуші саны -15. Оның ішінде 10 орыс, 1 шешен, 1 неміс, 3 қазақ ұлтының баласы. Камитов Мерхат Мергалымұлы басқарып отырған ұжымда шамамен 54 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде жұмыспен қамтылып отырған 40 адам жергілікті ауыл тұрғыны болып келеді. Бізді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лаура Сағандыққызы Тойымбаева және оқу ісі жөніндегі орынбасар Бағила Қабдыкәрімқызы Жексенбинова мекеме жұмысымен таныстырды. Мектеп-интернатта арнайы талапқа сай көңіл-күйін қалпына келтіру-релаксация бөлмесі, медициналық оқшаулау бөлмесі, акт залы, асхана және жуыну орыны бар. Мектеп интернаттағы тәрбиелушілерге мектеп бағдарламасы бойынша білім беретін 14 мұғалім қызмет істейді. Жалпы, тәрбиеленушілерді оқыту және жұмыспен қамту – мұндағы бас-ты міндеттердің бірі. Олар осылайша өмірге әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ал сабақтан тыс кезде музыка және қолөнер мәдениетін дамыту үйірмелері арқылы балалар бос уақыттарын тиімді өткізеді.
Бос уақыт демекші, мекеме басшылығы балаларды спортпен шұғылдануын да ескерген. Мектеп-интернатта тенис үстелі, шағын жаттығу бөлмесі бар. Осы үш айдың көлемінде спортқа қабілеті бар балалар волейбол, шаңғы тебу, хоккейден аудандық деңгейде өткен жарыстардан жүлделі орындарды иеленгенін мақтанышпен жеткізді. Сондықтан, олармен жұмыс істеу барысында тәрбие ісіне көп мән береміз деді әңгіме соңында Лаура Сағандыққызы.
- Балалардың көбісінің отбасы, туыстары бар. Аптаның әр сейсенбі күні жақындарымен кездесу жасалады, сөйлесе алады, - деді арнайы режимдегі мектеп-интернаты директорының орынбасары Бағила Жексенбинова бізге берген сұхбатында:
– Арнайы режимдегі балаларды мекеме қызметкерлері күні-түні қатаң бақылауда ұстайды. Біз тәртіпті бұзатындармен әуелі 2-3 рет әңгіме жүргіземіз. Бұл ретте психолог маманның көмегіне жүгінеміз, – дейді директордың тәрбие жөніндегі орынбасары. Бұндағы балалар тәулігіне 5 уақыт тамақтанып, бөлмелерінде ұйықтап тынығады.
Алдағы уақыттарда мектеп-интернатта тәр-биеленуші балалар үшін автомобиль жүргізуші, электр дәнекерлеуші және тағы басқа ең қажетті мамандықтарға оқытатын курстар ашу және оқуды аяқтаған соң куәлік беру, мекеменің аумағына бау-бақша отырғызу, көгалдандыру жұмыстарын қолға алмақ екендігін байқадық.
Мекемеде балалар үшін мереке күндері мәдени шаралар жиі ұйымдастырылады. Сонымен бірге, мектеп аумағында сенбі және жексенбі күндері өзара команда құрып футбол ойнайды.
ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.