Біз лагерьге барамыз.
Бар дауыспен әнге салып,
Лагерь жырын айтамыз, - деген ән жолдарында айтылғандай, маусымның отызы мен шілденің оны аралығында балаларға арналған «Балдырған» мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің үшінші маусымы да өте шықты.
Оқу жылының төрт тоқсаны бойы мектептердегі оқу еңбегімен шұғылданған, тапжылмастан партада отырып, ұстаздарының берген тәлім-тәрбиесі мен пәндердің түр-түрінен мағлұмат алып, ақыл-ойын кемелдендірген балалар үш айлық жазғы демалысты асыға күтетіні рас. Жаз бойы асыр сала ойнайтын олар үшін жаңа оқу жылына бойларына мол күш-қуат жинап, сағына күткен мектебі мен сыныптас достарымен қауышудың орны тіптен бөлек екендігі де анық.
Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында балалардың жазғы демалысын қызықты да мағыналы етіп өткізу, олардың бойындағы бар өнерлерін дамыту, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнату, басқа да адамгершілік қасиеттерін шыңдау мақсатында табиғаты көркем жерлерде балғындардың демалысына қолайлы жағдайдың бәрі жасалған. Сондай-ақ, мектеп жанындағы балажайлар да өз жұмыстарын бірнеше ауысымда жүргізіп, оған ең алдымен көп балалы отбасылар мен толық емес және тұрмысы төмен отбасының балалары қамтылған. Лагерьге келуші балалар таңғы және түскі аспен, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Алғашқы күннен-ақ лагерь меңгерушісі мен тәрбиешілердің және балалардың ойластыруымен топтың атын таңдап, ұранын құрастырдық. Демалушылар лагердің ережесімен таныстырылып, он күннің ішінде жоспарға сәйкес әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, «Лагерьдің ашылу салтанаты», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Ертегілер еліне саяхат», «Өскенде кім боламын?» шаралары, Астананың туған күніне орай сурет байқауы ұйымдастырылып, өлең оқудан сайыс және концерттік бағдарлама қойылды. Ең соңғы лагердің жабылу күнінде оқушылар«Талменка» өзенінің бойына туған жердің табиғатын тамашалауға шықты. Міне, осылайша балғындар өткізілген қызықты іс-шараларға белсене қатысып, жақсы көңіл-күйде болып, он күннің қалай жылдам өте шыққанын да байқамай қалды.
Ж.Байжұманова, Преображенка орта мектебі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.