Қазақтың дарынды ақыны Мағжан Жұмабаев «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт», - деген болатын.
Бүгінде Мағжан сөзін негізге ала отырып, болашақ ұрпақтың білімді де, білікті болуы үшін, мұғалімдерге бар мүмкіндікті жасап келе жатқан басшы Аслан Таныспаев басқаратын Көкпекті орта мектебі жаңа жылды жағымды жаңалықтармен бастады.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Астана қаласының «ІQ» - Интеллекті дамыту орталығы ұйымдастырған «Білім кілті- кітапта» атты білімділер байқауында рухани жаңғырудың үздік үлгісін үздік туынды арқылы көрсеткені үшін, Көкпекті орта мектебінің 6 сынып оқушысы Бекжан Жексенбеков ІІ-орынды алды. Бекжан жетекшісі орыс тілі мен пәнінің мұғалімі Амангелді Азанбайұлы Байғалиевтің жетекшілігімен Қазақстан интернет олимпиадасына белсенділікпен қатысты.
Олимпиада оқушыларды өздігінен ізденуге, кітапханамен тікелей байланыс жасауға, төзімділікке тәрбиелейді екен. Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға барлық облыстан оқушылар қатысты.
Бұл жетістік мектеп тарихына өзіндік үлесін қосады. Беріліп жатқан білімнің нәтижесі білім сапасының көрсеткіші. Ұлы жазушы әрі ғұлама ғалым М. Әуезовтің: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» - деген өте терең мәнді нақылы бар. Ендеше «Ел келешегі - ұстаз қолында!» - деген лепті тұжырымды баса айта отырып, өнімді шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері басу мақсатындағы Амангелді Азанбайұлы сынды шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап арта берсін деген тілегімізді білдіреміз.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.