Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаңа жылды ерекше бір жылылықпен, асыға күтетініміз рас. Шырша безендіріп, әдеттегіден өзгеше дәмді тағамдар дайындап, кәдімгідей әбігерге түсеміз. Ал, бүлдіршіндер үшін жаңа жыл мерекесі – асыға күтетін асыл сәттердің бірі. Мейрамның иісi сезiлiп, Жаңа жылдың лебі біліне салысымен барлық елдімекендерде шаттыққа толы кештер ұйымдастырып, жаңажылдық шырша мерекесі өткізіледі.


Келіп жеткен жаңа жылды ауданымыздың оңалту орталығы ең алғашқылардың бірі болып, көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Биік әрі әсем жаңажылдық шырша салтанаты Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде таңғы сағат онның кезінде балалардың жаңажылдық әсем әнді шырқауымен басталды. Бүлдіршіндер жарқыраған жасыл шыршаның жанында ән салып, би билеп, алуан түрлі костюмдермен көріністер қойып, мерекенің шырайын ашты. Әр мереке сайын көңілдері шаттыққа толатын оңалту орталығында тәрбиеленіп жатқан балалардың бұл мерекеде де жүздері бал-бұл жайнап, кеуделері қуанышқа толы жүрді.
Қызылды-жасылды шамдары жарқылдаған, әдемі безендірілген алып шыршаның маңына топтасқан балалардың киімдері көздің жауын алады. Олардың ішінде жолбарыс, әдемі ханшайым, келер жылдың иесі ит те кездеседі. Мекеме ұжымы да балалармен бірге ертегі әлемінің бір-бір кейіпкеріне айналып, бірі хан мен ханзада болса, енді бірі әсем раушан гүлі болып сәнденген. Үлкені мен кішісі бірдей қол ұстасып, шаттыққа толы көңілмен жасыл шыршаны айнала, жаңажылдық ән шырқады. Жаңа жылды қарсы алу мерекесіндегі ең бір ғажайып сәт – ол шырша шырағданының жануы екені белгілі. Бұл мезетті де балалар үлкен шаттықпен, қуанышпен қабылдады.
Жаңа жыл жаңа үміт пен бақытқа жол ашады. Әсіресе, жыл айрығында балғындар аудан басшысының өздеріне деген қамқорлығын сезініп, жасыл шырша жанында сыйлыққа кенелетіні бар. Бұл жолы да бүлдіршіндер аудан әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Таңғажайып салтанатты кешке келген аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова барлық жиналған балдырғандар мен ата-аналарды және мекеме ұжымын жаңа жылдарымен құттықтады:
- Елбасы әрдайым балалардың жағдайын басты назарда ұстап келеді. Сендердің жан-жақты білім мен тәлім-тәрбие алуларыңа, өнермен, спортпен айналысуларыңа Елбасымыз барлық жағдайды жасап келеді. Бұған сендер тек қана жақсы оқумен, үлгілі тәртіптеріңмен жауап бересіңдер. Еліміздің ертеңі – өсіп келе жатқан ұрпақ - сендерсіңдер. Аудан әкімі атынан сіздерге деген жылы лебізімді қабыл алыңыздар. Барлықтарыңызға денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!,– деді Алмагүл Жанахметқызы өзінің құттықтау сөзінде.
Ал, Кәсіпкерлер палатасының Көкпекті ауданы орталығының директоры Әлия Мұқашева: - Құрметті балапандар мен ата-аналар! Жаңа жылда осы өмірдегі бар жақсылық аспаннан түскен ақ үрпек қарлардай сіздерге жаусын. Өмірлеріңіз көлеңкелі жақтардан гөрі күнгей шуақты шақтарға толы болсын. Алдағы 2018 жыл есте қалатындай айшықты оқиғаларға толсын. Елімізде тыныштық туы желбіреп, жақсы жаңалықтар көбейе берсін! - деп жиналғандарға құттықтау лебізін білдірді.
Жасыл шырша мейрамы Аяз Ата мен Ақшақарсыз өткен бе? Мереке шырайын кіргізген Аяз ата шыршаға ізгі үмітпен келген бүлдіршіндердің тілегі мен өлең-жырын, тақпақтарын тыңдап, жиі-жиі қомақты қоржынына қол салып, базарлығын таратумен болды.
Сондай-ақ, асыр салып ойнаған бүлдіршіндер бір сәт ертегі елінде болып, қызықтар әлемін шарлады. Ертегі әлеміне бастайтын қызықты саяхат жас қонақтарды өз иіріміне тартып әкетті. Жиналған өзге балалар да құр алақан қайтпай, әрқайсысына тәттілер толтырылған дорбалар беріліп, олар да қуаныш құшағына кенелді. Шат көңілді шапағатты шырша балалардың аудан әкіміні орынбасары Алмагүл Жанахметқызымен және келген қонақтармен естелік суретке түсу рәсімімен тәмамдалды.
Тағдырдан кішкентайынан соққы тиссе де бұл бүлдіршіндер асқар таудай Отаны, іргесі мықты, өзгелермен терезесі тең елі, қысылғанда тар қолтықтан демейтін елжанды ағалары бар екенін сезінеді. Балғындарға жаңа жылға арналған тәттілерді «Арзан» дүкенінің қожайыны Гаюр Комилов сыйға тартты. Осындай шаттық мерейіне бөлейтін алақаны ашық ағаларымыз көп болсын деп тілейік


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз