Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал, біз өмір сүріп отырған ғасыр – білім кеңістігіндегі бәсеке ғасыры, «білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қараң» екенін мойындап, өркениетке, ғылымға бет бұрған кезең. Бұл орайда ұстаздарға бәсекеге сай білімді ұрпақ даярлау дейтін үлкен міндет жүктеліп отыр. Осы міндет үдесінен шығуда қандай жұмыстар жүргізіліп отырғаны туралы Көкпекті ауданының білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафиновамен сұхбаттасқан едік.

Аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімнің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мустафинова аудандық білім сапасының жоғары көрсеткішке жетуі, ҰБТ бойынша соңғы төрт жылда жоғары нәтиже көрсетуі, сондай-ақ, аудандағы балабақшалардың жергілікті меценаттардың қолдауымен жан-жақты қамтылып отырғаны және мектепке дейінгі балаларға 100 пайыз тәрбие мен білім берілуі жолындағы еңбегі, атқарған елеулі ісі ескеріліп, «Ы.Алтынсарин атындағы» төсбелгісімен марапатталған болатын. Аудандық білім бөлімі алғашқы рет облыстық білім Департаментінен «Үздік білім мекемесі-2017» аталымы дипломына ие болды.
Біз өз кезегімізде Шолпан Нұрғазы-қызынан білім саласында заманауи білім берудегі кездесетін қиыншылықтармен алға қойылған мақсаттары туралы бөлісуін сұрадық.
- Сапалы білім - мектеп жетістігінің маңызды көрсеткіші. Білім берудегі ең басты міндет оқушылардың қабілеттерін арттырып,қажеттіліктерін қанағаттандыру. Ал, мақсатына келер болсақ, қазіргі заманғы білім беру мүмкіндігі барлық оқушыларға қолжетімді. Әр оқушыға өз таланттарын ашуға өзінің шығармашылық мүмкіндігін пайдалануға, өз жеке жоспарларын жасауға барлық жағдай бар. Осы ретте біздің алдымызға қойып отырған мақсатымыз - білімді ұрпақ тәрбиелеп, дамыған елдер қатарынан көріну. Ағымдағы жылдан бастап жаңа стандартқа сай жұмыс атқарылып, жаңа бағдарламаға біртіндеп көшу жолға қойылды. Мектепте білім беру және тәрбиелеу үшін адамның қабілеті, шығармашылық ойлауы, әрекет етуі және өзін-өзі дамытуы бас-ты орында. Үздіксіз білім беру Тұжырымдамасы, менің ойымша, әлемді тануға, татулық пен ынтымақта өмір сүріп, өзін жан-жақты дамытуға Отанын сүюге негізделген.
- Сапалы білім берудің кри-терийлері қандай?
- Біріншіден, түлектердің ҰБТ-ны табысты тапсыруы мен емтихандардан сүрінбей өтуі. Өз қалауы бойынша жоғарғы оқу орындарына түсуі, сонымен қатар, мамандық таңдауда жаңылмай дөп басып, дәл түсуі маңызды болып саналады. Мектептен алған білімді жоғарғы оқу орнында жалғастырып, білім мен біліктілігін кез-келген жерде тиімді пайдаланып бәсекеге қабілетті маман болып шығуы да басты орында. Маманның өз білімін жоғары деңгейде көрсете біліп, болашақта білім саласында қызмет атқаруда биік нәтижелерге қол жеткізсе, ондай маманға қолдау көрсетіп анықтау қызметтік өсуіне жағдай жасау қарастырылған.
- Сапалы білім беру тәртіпке тәуелді ме? Қалай ойлайсыз?
– Әлбетте. Сөзсіз тәуелді деп айта аламын. Тәртіп - оқушылардың сапалы білім алуының басты ережесі десем артық айтқаным емес. Тәртіп бар жерде сапа бар. Ал сапалы нәрсенің барлығы тәртіпті қажет етеді.
- «Маман – барлығын шешеді!» дегенді өз ұстаздық жолыңызда қалай бағалайсыз?
- Бәсекеге қабілетті маман дайындау еліміздегі жоғары және орта арнаулы білім беретін барлық мекемелердің басты міндеті. 2017 жылы ауданымызға 30 жас жас ұстаз келді. Оның 19-ы жоғары білімді,11-і орта арнаулы білімді, сондай-ақ 50 пайызы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша жұмыспен қамтылды.Аудандағы 895 мұғалімнің 706-сы жоғары білімді.(78,8%), жоғары және 1 категориялы мұғалім саны 426 (47,5%). Сонымен қатар, ауданға қажет мұғалімдер саны-19. Әсіресе: ағылшын тілінің, орыс тілінің математика, физика және бастауыш сыныптарға беретін мұғалімдер саны тапшы. Мұғалімдерге маңызды аспект ретінде жолға қойылған білім саласында мұғалімдік қызмет, сондай-ақ, төрағалық қызмет атқарушы мамандардың жалпы міндетті стандартқа сай біліктілігін арттыру курстарынан өтуі маңызды болып саналады. Бүгінге дейін біліктілігін арттыру курсынан 158 мұғалім өтті. Ағымдағы жылы деңгейлік бағдарлама бойынша 4 мұғалім курстан өтті. Жыл соңына дейін 6 мұғалім деңгейлік курсқа жіберіледі.
– Сапалы біліммен қамтамасыз етілуде мәселелер бар ма?
– Әрине, бар. Ата-аналар тарапынан оқушылардың сапалы білім алуына қызығушылығының төмендігі. Оқушыларға үй тапсырмасын орындатудағы қадағалаудың әлсіздігі. Ата-аналардың жиналысқа қатыспауы, баласының білімі жайында мұғалімдерінен ақыл-кеңес сұрамауы. Баласының білім алудағы қиындық мәселелеріне көз жұма қарауы қоғамдағы және білімдегі басты проблема болып отыр.
- Шолпан Нұрғазықызы, оқушы-лардың өз-өзіне қол жұмсауы, яғни, суицидтік іс-әрекеттің алдын алуға байланысты білім бөлімінде қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
- 2016-2017 оқу жылында «Жасөспірімдердің суицидттік іс-әрекетке бармауын түсіндіру» жобасы қолға алынған болатын. Жоспар бойынша 2017 жылы ведомствоаралық жұмыс тобы суицидтің алдын алу шарасы аясында 3 отырыс өткізді. Аудандық ІІБ-мен аудандық емханамен бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Алдын-алу іс-шарасының қарқынды жұмыс атқарып, нәтиже беруіне ата-аналардың баласының мінез-құлқына назар аударып, әлеуметтік-психология орталықтарына хабар беруі болып табылады. 2016-2017 жылы 10 құпия болып саналған өтінім қаралды. Оларға жеткілікті деңгейде ақыл-кеңес беріліп білікті мамандардан психологиялық көмек көрсетілді. 2015 жылдан бері қарай 28 өтініш қаралды. Ауданның барлық мектептерінде сенім телефоны мен сенім почтасы жұмыс істеп тұр. Психологтар әлеуметтік желілерде жиі отырушылар мен күдікті сайттарда отырушыларды анықтау мақсатында мониторинг жасады. Қоғамның зәресін алған «Синий кит», «Тихий дом» сияқты қауіпті топтарда оқушылардың отырмауын қадағалады. Жаңа оқу жылынан бастап жұмысты толықтырып ата-аналармен тығыз жұмыс атқарылып, мекемелерде суицидтің зияны жайында ақпараттарды көптеп таратпақпыз.
- Кәсіптік бағдар беруде қандай жұмыстар атқарылуда?
- Кәсіптік бағдар беру бойынша білім бөлімі жүйелі жұмыс жүргізуде. Жоспар бойынша оқушылармен Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп әзірленген іс-шаралар аудандық іс-шаралар өткізіледі. Ауданның 9 мектебінде кәсіби бағдар беру кабинеттері ашылды. Самар ауылындағы өрт сөндіру бөліміне экскурсиялар жасалды. «Мәмбет» ШҚ, оқу мен еңбек ардагері Н.А.Заболотниковпен кездесу өткізілді, Жеке кәсіпкер Т.Кельгерунмен кездесу, «Елдар», Самар агро-техникалық колледжіне экскурссия. 9-11 сынып оқушыларының колледждегі ашық есік күні өткізілді.
Салыстыру динамикасы бойынша 96-99% дейінгі түлектер ауданға жұмысқа орналасты. Жоғары оқу орындарына және колледждің бюджеттік бөліміне түскен оқушылар саны жыл санап артып келеді.
- Мектепте оқушыларды ыс-тық тамақпен қамту қалай ұйым-дастырылған?
- Ыстық тамақпен қамтамасыз ету мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп жасындағы оқушылар үшін мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (27.07.2007 жылғы №319 Қаулысы) негізінде ауданның барлық білім мекемелерінде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру білім алушылардың жекелеген санаттары бойынша ұйымдастырылды. Бүгінгі күні 37 күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 31-сінде (84,5%) тамақтандыру ұйымдастырылды. Жалпы алғанда 902 оқушы (23,0%). Ауданның 6 мектебінде үй-жайлары бойынша санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін болғандықтан ыстық тамақ ұйымдастырылмайды. (Үшкөмей, Гагарин атындағы, Воздвиженка, Жаңажол бастауыш мектебі және Романов негізгі мектебі, Қарақол ОМ). Олардың 71 оқушысыа үлкен үзіліс 30 минут қарастырылған. Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша 16 мектептің әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына арналған ыстық тамақ жеткізушілер ұйымдастырылды. Бұл жұмысты («А.О.Мұқашева» (1 мектеп), «А.К.Биқатова» (8 мектеп), «А.О.Шнайдер» (1 мектеп), «А.Эленберг» (1 мектеп), «Танибаев» (1 мектеп), «А.М.Габдрахманов»(1 мектеп), «Айфар» (1 мектеп), «Жұлдыз» (2 мектеп) жеке кәсіпкерліктері атқарады. Ал аудандағы 16 мектепте өздерінің ас пісірушілері бар.
- Қазіргі таңдағы мектептердің материалдық-техникалық жағдай-лары туралы айтып берсеңіз?
- Бүгінгі күні сапалы білім беруге барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып отыр. Оған дәлел - білім саласын қаржыландыру жылдан жылға өсуде. Мысалы, 2016 жылы қаржыландыру көлемі 2 млрд. 829 млн. теңгені құраса, 2017 жылдың қаржысы 3 млрд. 41 млн. теңгені құрап отыр. Биылғы жылы аудан мектептерінің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 208,4 млн. қаражат жұмсалды.
Биылғы жаңа оқу жылында тоғыз мектепке және бір Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, сондай бір балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда барлық оқушыларға жайлы да жылы мектептерде білім алуға толық жағдай жасалған.
Жалпы алғанда 2014-2017 оқу жылдары аралығында аудан мектептерінің 27-не күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары 501 млн.теңге қаражат көлемінде жасалды. Сондай-ақ, аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 120,0 млн. теңге қаражат бөлінген болатын. Оған 23 мектепке және 3 балабақшаға бейне бақылау камералары орнатылып, жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында Миролюбовка орта мектебіне «ПАЗ 32054» автобусы, жаз айында І.Жансүгіров атындағы орта мектепке оқушыларды тасымалдайтын «Газель» шағын автобусы, БЖСМ не де шағын автобус сатып алынса, 13 мектеп мультимедиялық-интерактивтік құралдармен қамтылып, 1-2 сыныптарға арнайы жеке шкафтар алынды. 10 мектепте компьютер сыныптары ашылып, мультимедиялық құралдармен 20-ға жуық мектептер қамтамасыз етілді. №1 БЖСМ «Воркаут» алаңына резина бөлшектерінен жарақаттанудан сақтайтын текшелер орнатылды.
-Сұхбатыңызға рахмет

 Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз