Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Балаларға базарлық. Тассай түлектері туған ауылына ойын алаңын орнатып, бүлдіршіндерді қуантты. М.Әуезов атындағы орта мектептің 1997 жылғы түлектері ауылдың бүлдіршіндеріне тосын сый жасап, ерекше өнеге үлгісін көрсетті. Игілікті істің басы-қасында болып, сәтті жүзеге асуына барынша атсалысқан ауыл әкімі Ержан Мазыбаевтың іскерлігіне тассайлықтар тәнті.


Өткен аптада балалар ойын алаңының ашылу салтанаты өтті. Қызылды-жасылды шарлармен, жалаушалармен безендірілген ойын алаңы балақайлар мен ата-аналарға, ауыл тұрғындарына лық толды. Ойын алаңының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

 

Сыныптастарының басын қосып, осындай үлкен істі қолға алған тассайлық азамат Архат Мауытбековты әңгімеге тарттық.
- Бүгін балаларымыз үлкен қуанышқа кенеліп отыр. Неше - түрлі әткеншектерде тербеліп, жұмсақ құм үстінде ойын ойнап, таза ауамен демалу кезінде отыратын орындықтармен жабдықталған ойын алаңы туған ауылымызға деген сыйлығымыз. Осы алаңды балалар үшін ұйымдастырдық. Жұмыс барысында барлық жағынан көмегін аямаған ауыл әкіміне, игілікті іске атсалысқан азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз, - дейді.
Салтанатты рәсімнен соң ойын алаңына бет алған бүлдіршіндер өздеріне шақталып жасалған әткеншектерде тербеліп қана қоймай, демеушілердің сый-сияпатына бөленді. Саябаққа келген барлық бүлдіршіндерге тіл үйірер балмұздақтар үлестірілді.
Көңілдің гүлі, көздің нұры саналатын балаларға қуаныш сыйлап, олардың білім алып, дене және рухани дамуы үшін лайықты жағдай жасау үшін барынша жақсылықтар жасалуда. Қазір балалар жаңадан бой көтерген алаңда асыр сап, құмарлары қанғанша ойнайтын болды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз